Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

І тарау. Нәруыз молекуласын зерттеу әдістері

Конспект

ХХ ғасырдың басында нәруыз молекуласын зерттеуде неміс ғалымы Э. Фишер үлкен жетістікке жетті. Ол сол кездегі белгілі пепсин және трипсин ферменттерінің нәруызды пептондарға ыдырата алмайтынын, ал қышқылмен қосып қыздырғанда жеке амин қышқылдарына ыдырайтындығын химиялық жолмен зерттеп, терең талдай білді.

 

Тіршіліктің көзі − нәруыз төрт құрлымды болады. Нәруыздың бірінші реттік құрылымында амин қышқылдар ретпен бір-бірімен берік ұзын тізбек құрап орналасады. Нәруыздың екінші реттік құрылымында полипептидтік тізбек кеңістікте оралма тәрізді болып келеді. Нәруыздың үшінші реттік құрылымында полипептидтік тізбек екі бүктеліп, шар пішінді форма түзеді. Нәруыздың төртінші реттік құрылымында бірнеше шумақталған оралым құралады, яғни бірнеше нәруыз молекуласының қосындысы.

 

ХХ ғасырдың басында нәруыздың қасиеті физикалық тұрғыдан зерттеле бастады. Швед химигі Т.Сведверг жердің тартылыс күшінен 250 мың есе күшті үдеу беретін центрофигура ойлап тапты. Қоймалжың сұйықтықтың үстіне нәруыз құйып, центрофигураны айналдырғанда, нәруыз молекулалары ыдыстың түбіне қарай ығысқан. Т.Сведберг нәруыздың қою сұйықтықтағы ығысу аралығын есептеп, осы әдіспен оның молекулалық массасын табуға болатынын есептеген.

 

Полипептидтердің құрылымын рентген құрылымдық әдіспен зерттеу 1930 жылдары басталды. Америкалық ғалым Л.Полинг 1951 жылы үлкен жаңалық ашты. Медицинада «орақ пішінді жасушалы анемия» дейтін ауру белгілі. Бұл аурудың зардабы орақ пішінді эритроциттер оттекті тасымалдау қасиетінен айырылады немесе өте нашар тасымалдайды. Л.Полинг осы аурумен ауыратын адамның жасушасы мен дені сау адамның жасушасының гемоглобиндерінің бірінші деңгейіндегі молекулалық деңгейін зерттеген.

 

Орақ тәрізді клеткалық анемия, біздің елімізде өте аз кездеседі, ал малярия ауруы дамитын Африка, Азияның Оңтүстік шығысында елдерде көп кездеседі.

Л.Полинг, Ғылым және медицина институндағы өз кеңсесінде

Ақуыз – генетикалық ақпаратты жеткізуге қолданылатын молекулалық құрал. Ақуыздың маңызды қызметтерінің бірі олар түзу сызықтық РНҚ-дағы генетикалық хабарды үш өлшемдік яғни кеңістіктік хабарға айналдыратын химиялық материал болып табылады, Ал бұл үш өлшемдік, яғни кеңістіктік хабар тірі организмдердің макромолекулалық, субклеткалық компоненттеріне тән. Міне, белоктардың бір осы қасиетті ғана, олардың қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.



Сұрақтар
  1. ХХ ғасырдың басында нәруыз молекуласын зерттеуде үлкен жетістікке жеткен неміс ғалымын ата:
  2. Тіршіліктің көзі – нәруыздың неше құрылымнан тұратынын көрсет:
  3. Жердің  тартылыс күшінен 250 мың есе күшті үдеу беретін центрофигура ойлап тапқан швед химигін ата.
  4. «Орақ  пішінді жасушалы анемияның» пайда болу себептерін зерттеген ғалымды ата.
  5. Генетикалық  ақпаратты жеткізуге қолданылатын молекулалық құралды  ата.
  6. Нәруыздың нешінші құрылымында полипептидтік тізбек екіге бүктелгенде шар пішінді форма түзіледі?

  7. Нәруыз молекуласын химиялық, физикалық және рентген құрылымдық әдістермен зерттеуде үлесін қосқан ғалым ?

  8. Нәруыздың ең кіші бөлшегін атаңыз?

  9. Полипептидтік А тізбегі 21, В тізбегі 30 аминқышқыл қалдығынан тұратын гормонды атаңыз?

  10. Нәруыздың төртінші реттік құрылымына анықтама беріңіз?

  11. Аминқышқылдардың құрамында қышқылдық және негіздік қасиет көрсететін топ (-тар)

  12. Нәруыздардың аминқышқылдардан тұратынын анықтаған ғалым (-дар)

  13. Аспаргус өсімдігінен бөлініп алынған аминқышқыл (-дар)

  14. Нәруыздың реттік құрылымдар саны

Қате туралы хабарландыру