Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

І тарау. Нәруыз − биологиялық полимер

Конспект

Тірі жасушадағы органикалық заттардың барлығы биополимерлерге жатады. Полимер молекуласы қарапайым заттардан құралады, оларды мономерлер деп атайды.

 

Биополимерлердің ішінде мөлшері мен маңызы жөнінен нәруыз молекуласы ерекше орын алады. Нәруыздың макромолекулаға жататындығын оның молекуласының массасын басқа органикалық заттардың молекулалық массасымен салыстыру арқылы көз жеткізу қиын емес. Мысалы, органикалық зат − этил спиртінің молекулалық массасы − 46, бензолдікі −78, ал жұмыртқа нәруызының молекулалық массасы − 45000, инсулиндікі, шамамен − 60000-ға жуық және т.б. Нәруыз молекуласы массасының жоғары болу себебі, оның құрамына мыңдаған атомдардан тұратын мономерлер кіреді.

 

Нәруыз молекуласын тұңғыш рет 1736 жылы Я. Беккори зерттеді. Ол бидай ұнынан желімтіктелген нәруыз алған болатын, бірақ оның құрамы тек жүз жылдан кейін басқа ғалымдардың жүргізген тәжірибелерінің нәтижесінде анықталды.

Я. Беккори

 

Нәруыз молекуласы химиялық құрылымы жөнінен гетерополимерге жатады. Себебі оның құрамына кіретін амин қышқылдары құрылысы жөнінен әртүрлі. Нәруыздар құрамына байланысты екі топқа бөлінеді: жай нәруыздар және күрделі нәруыздар.

 

Ақуыз, нәруыз, белок — молекулалары өте күрделі болатын амин қышқылдарынан құралған органикалық зат; тірі ағзаларға тән азотты күрделі органикалық қосылыс. Амин қышқылдары қалдықтарынан құралған жоғары молекулярлық органикалық түзілістер. Ақуыз ағзалар тіршілігінде олардың құрылысы дамуы мен зат алмасуына қатысуы арқылы әр алуан өте манызды қызмет атқарады. Ақуызды зат құрамында міндетті түрде азоты бар күрделі органикалық қосылыс.

 

1888 жылы орыс биохимигі А.Я.Данилевский өз тәжірибелеріне сүйеніп, нәруыз молекуласындағы амин қышқылдары қалдықтарының арасында пептидтік байланыстың болатындығы туралы болжам айтты.

В 1888 г. А. Я. Данилевский предположил существование в белках

 

ХХ ғасырдың басында неміс ғалымы Э.Фишер пептидтік байланыстың болатындығын тәжірибе түрінде дәлелдеді. Нәруыз молекуласына 20 амин қышқылы кіреді. Ақуыз, нәруыз, белок — молекулалары өте күрделі болатын амин қышқылдарынан құралған органикалық зат; тірі ағзаларға тән азотты күрделі органикалық қосылыс. Амин қышқылдары қалдықтарынан құралған жоғары молекулярлық органикалық түзілістер. Ақуыз ағзалар тіршілігінде олардың құрылысы дамуы мен зат алмасуына қатысуы арқылы әр алуан өте манызды қызмет атқарады.

Эмиль Фишер

1820 жылы француз ғалымы А.Броконно нәруызды ыдырату арқылы глицинді алды. Ең соңғы 20-шы амин қышқылы треонин 1935 жылы фибрин нәруызынан алынған. Сонымен 20 амин қышқылын ашуға 130 жылдай уақыт кеткен.



Сұрақтар
  1. Қарапайым  заттардан құралған полимер молекуласын ата:
  2. 1736 жылы   нәруыз молекуласын тұңғыш рет зерттеген ғалым:
  3. Нәруыз  молекуласындағы амин қышқылдары қалдықтарының арасында пептидтік байланыстың  болатындығы туралы болжам айтқан ғалым:
  4. ХХ ғасырдың басында пептидтік байланыстың болатындығын тәжірибе түрінде дәлелдеген неміс ғалымы:
  5. 1820 жылы нәруызды  ыдырату арқылы глицинді  алған  француз ғалымы:
  6. Гидролизденгенде жәй нәруыз бен бояғыш заттарға ыдырайды:

  7. 1806 жылы аспаргус өсімдігінің сөлінен бөлініп алынған зат:

  8. Нәруыздар құрамына байланысты қандай топқа бөлінеді?

  9. Жануарлар организмінде және өсімдіктердің ұлпаларының құрамында болатын зат:

  10. Өсімдіктер мен жануарлардың жасушаларының ядросында болатын зат:

  11. Хромопротеидтерге жатады

  12. Нәруыз молекуласына қатысты жауап (-тар)

  13. Жай нәруыз (-дар)

  14. Ең алғашқы аминқышқылын аспаргус өсімдігінің сөлінен бөліп алып, оны аспарагин деп атады

  15. Гликопротеидтердің өкілі (-дері)

Қате туралы хабарландыру