Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

І тарау. Клетка – тіршіліктің элементарлық, құрылымдық және функциялық бірлігі

Конспект

 

Барлық тірі организмдер – өсімдіктер, жануарлар,саңырауқұлақтар мен бактериялар клеткадан тұрады. Клетканың пішіні мен мөлшері олардың атқаратын қызметіне қарай әр түрлі болады. Клетка – бөліну арқылы қайта түзілетін, дамитын биологиялық жүйе.

 

Прокариотты клетка. Прокариотты клеткалардың ядро затын қоршаған жарғақшылы қабықшасы болмайды. Ядро заты ДНҚ−дан тұрады. Олар бір жерге шоғырланып, гистон нәруызы жоқ бір ғана сақина тәрізді хромосомаға бірігеді не шоғырланып, гистон нәруызы жоқ бір ғана сақина тәрізді хромосомаға бірігеді не шоғырланып, түйін түзіп немесе цитоплазмада бос орналасады. ДНҚ−да тұқым қуалау ақпараты сақталады. Нәруызды синтездеуші бірнеше мың майда рибосомалардан басқа жарғақшамен қоршалған органоидтері болмайды. Прокариоттарға бактериялар және цианобактерилар (көк, жасыл блдырлар) жатады. Бактериялардың түрлері көп. Жер бетіндегі барлық бактериялардың мөлшері басқа организмдердің мөлшерінен көп. Олар барлық жерде: суда, ауада, топырақта таралған. Тек 1г қара топырақта 5-6 млрд бактериялар болады. Адамда (туберкулез, бруцеллез), малда (сібір жарасы, бруцеллез), өсімдіктерде(мақта гоммозы) ауру туғызатын бактериялар паразитті тіршілік етеді.

 

Клетканың әртүрлілігі

 

 

Эпителий жасушасы. 2-Бактериялар; 3-Диатомды балдырлар; 4-Бір клеткалы ацетабулиярия балдыры; 5-Жүйке талшығы; 6- Бұлшық ет клеткасы; 7-Бауыр клеткалары; 8-инфузория; 9-эритроциттер; 10-пияз эпидермисінің клеткалары; 11-Талшықтылар (Жгутиконосец).

 



Сұрақтар
  1. 1г қара топырақта:

  2. Тұқым қуалау ақпараты сақталады:
  3. Ядро затын қоршаған жарғақшылы қабықшасы болмайды:

  4. Бөліну арқылы қайта түзілетін, дамитын биологиялық жүйе:
  5. Барлық тірі организмдер:
  6. Кейбір түрлері қарқынды өсіп, тіршілік орталарын ластаушылар?

  7. Тірі жүйенің ең кіші бірлігі?

  8. Прокариотты клеткалардың көбею жолы?

  9. Прокариотты клеткалардың сипаттамасы?

  10. Жаңбырдан соң, шалшық сулардың «көгеруіне» себепші бактериялар?

Қате туралы хабарландыру