Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

І тарау. ДНҚ молекуласының екі еселену ерекшеліктері. Рибонуклеин қышқылы

Конспект

ДНҚ молекуласының екі еселенуін редупликация деп атайды. ДНҚ-ның екі еселенуі көптеген ферменттердің көмегімен жүзеге асады.

 

Екі еселену кезінде аналық ДНҚ молекуласынан жаңа екі молекула түзеледі. Осы екі жаңа молекуладағы генетикалық ақпарат аналық ДНҚ-ға сәйкес болады.

 

ДНҚ-ның негізгі биологиялық қызметі нәруыз молекуласын синтездеу кезінде оның құрамын реттеу жән тұқым қуалайтын белгілерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу.

 

Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) - тірі организмдердегі генетикалық ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін,сақталуын,дамуы мен қызметін қамтамасыз етуіне жауапты нуклеин қышқылының екі түрінің бірі. ДНҚ-ның клеткадағы басты қызметі - ұзақ мерзімге РНҚ мен белокқа қажетті ақпаратты сақтау. ДНҚ-ның ерекшелiгi. Бiр организмнiң барлық клеткаларындағы ДНҚ молекуласының құрамы, құрылымы бiрдей болады да, жасына, ортадағы жағдайына тәуелдi емес. ДНҚ молекуласының нуклеотидтiк құрамы, құрылымы, тiзбегiндегi нуклеотидтердiң реттелiп орналасуы организмнiң ерекше қасиетiн анықтайды. ДНҚ молекуласының полинуклеотид тiзбегiндегi нуклеотидтердiң ретi – ұрпақтан-ұрпаққа берiлетiн генетикалық мәлiмет. Полинуклеотид тiзбегiндегi нуклеотидтердiң реттелiп орналасуы ДНҚ молекуласының бiрiншi реттiк құрылымы деп аталады. ДНҚ молекуласының екiншi реттiк құрылымын 1953 ж. Уотсон мен Крик анықтады. ДНҚ құрылымының анықталуы ХХ ғасырдағы биологияның ең маңызды жаңалығы деп саналады. Уотсон мен Крик теориясы бойынша екi полинуклеотид тiзбегiнен құралған ДНҚ-ның молекуласы кеңiстiкте оң қос қабат спираль болып табылады.

 

Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) – барлық тірі клеткалардың негізгі генетикалық материалы болып табылатын күрделі биополимер. ДНҚ-ның негізгі құрылымдық бірлігі – үш бөліктен құралған нуклеотид. Бірінші бөлігі – дезоксирибоза (бескөміртекті қант); екіншісі – пуриндік негіздер: аденин (А) мен гуанин (Г) және пиримидиндік негіздер: тимин (Т) мен цитозин (Ц); үшіншісі – фосфор қышқылының қалдығы.

 

Нуклеин қышқылдары: дезоксирибонуклеин қышқылы − ДНҚ және рибонуклеин қышқылы−РНҚ болып екіге бөлінеді. Олардың атаулары құрамындағы моносахаридтердің түрлеріне байланысты.

 

РНҚ нәруыз биосинтезі кезіндегі қызметтеріне қарай: тРНҚ, аРНҚ және рРНҚ болып бөлінді. РНҚ-ның ДНҚ-мен салыстырғанда, молекуласының құрылымы жөнінен көптеген ерекшеліктері бар.

 

Рибонуклеин қышқылы (РНҚ) — жоғары молекулалық байланыс; нуклеин қышқылдарының типі. Табиғатта кеңінен таралған. РНҚ-ның көмірсу бөлігінде рибоза қанты, ал азотты негіздері ретінде аденин, гуанин, цитозин және урацил болады.

 

Рибонуклеин қышқылдары рибосомалық (рРНҚ), ақпараттық (аРНҚ) және тасымалдаушы (тРНҚ) болып бөлінеді. Рибонуклеин қышқылы тізбегі бірнеше ондаған нуклеотидтерден бірнеше мыңдаған нуклеотидтерге дейін созылатын біржіпшелі полинуклеотидтерден тұрады. Организмде РНҚ белоктармен кешенді байланысқан рибонуклеотидтер түрінде болады. РНҚ генетикалық ақпараттың жүзеге асуы мен белок синтезіне қатысып, барлық тірі организмдерде аса маңызды биологиялық рөл атқарады. Көптеген вирустарда РНҚ-н жалғыз нуклеинді компонент (құраушы) құрайды. Осындай РНҚ вирустарда РНҚ биосинтезімен қатар ДНҚ биосинтезінде де матрица рөлін атқара алады (кері транскриптаза). Бактериялар, өсімдіктер және жануарлар клеткаларында құрылымы, метаболизмі және биол. қызметтері әр түрлі РНҚ типтері кездеседі. Мысалы, рРНҚ рибосоманың құрамына еніп, клеткадағы РНҚ-ның негізгі массасын құрайды және көлемі, құрылымы түрлі организмдерде әр түрлі болады. Клеткада негізінен рРНҚ-да белоктың биосинтезі жүреді; тРНҚ клеткада амин қышқылдары қалдықтарын жалғастырып алып, оны белок синтезі өтіп жатқан жерге тасымалдайды.



Сұрақтар
  1. ДНҚ молекуласының екі еселенуін:
  2. ДНҚ-ның негізгі биологиялық қызметі:
  3. ДНҚ-ның клеткадағы басты қызметін ата:
  4. 1953 ж. ДНҚ молекуласының екiншi реттiк құрылымын анықтаған ғалымды  ата:
  5. ДНҚ молекуласының құрамына 4 нуклеотид кіретіндігін тапқан ғалымды  ата:
  6. РНҚ-ның құрамына қандай көмірсу кіреді?

  7. РНҚ қандай мономері бойынша ДНҚ-дан ерекшеленеді?

  8. ДНҚ-ның екі еселенуіне қатысып, сутектік байланыстарды үзетін фермент?

  9. ДНҚ үзінділерін біріктіретін фермент қалай аталады?

  10. 1960 жылы ДНҚ-ның екі еселену жолдарын болжаған ғалымдар?

  11. ДНҚ редупликация жолдарын болжаған ғалым

  12. РНҚ-ның ДНҚ-дан ерекшелігі (-тері)

Қате туралы хабарландыру