Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

І тарау. Цитоплазма

Конспект

 

Цитоплазма - ядроны қоршап жатқан клетканың қоймалжың заты. Клетка цитоплазмасының сырты плазмолеммамен қапталған. Плазмолемма — Цитоплазманың белокты-билипидті қабықшасы, оның орт. қалыңд.ығы 6 — 10 нм, құрамында ферменттер болады. Ол клетка мен оны қоршаған орта арасындағы зат алмасу процесін қамтамасыз етеді. Цитоплазманың негізгі құрамы гиалоплазмадан, органеллалардан және қосындылардан тұрады.

 

Клетканың құрылымдық негізі – плазмалық жарғақшалар. Плазмолемма — плазмалық жарғақтан, жарғақша үсті кешеннен және жарғақасты тірек-жиырылғыш аппараттан тұрады. Плазмалық жарғақтың негізі бимолекулалы липид қабатынан түзілген. Бұл қабатқа толық немесе жартылай протеин және гликопротеид молекулалары еніп, протеинді-липидті жарғақты түзеді. Оны 40% липид, 59% протеин, 1% көмірсу құрайды. Жарғақшаүсті кешен плазма жарғағы протеиндерімен байланысып, тармақтала орналасқан гликопротеидті құрылым — гликокаликстен тұрады.

 

Фагоцитоз (фаг және грек. kytos — клетка) — бір клеткалы организмдердің немесе кейбір көп клеткалы жануарлар клеткасының микроскопиялық бөтен тірі нысандар (бактериялар, т.б.) мен қатты бөлшектерді жұтып алып, қорытып жіберуі. Фагоцитоз процесі организмдердің қарапайым қоректенуінің негізінде жүзеге асады. Организмдердің бұл қабілеті эволюция барысында фагоциттерге ауысқан.

 

 

 

МИТОХОНДРИЯЛАР

Митохондриялар – бiрклеткалы және көпклеткалы организмнiң барлық эукариотты клеткаларында болатын органоидтар. Олардың формалары әртүрлi – дөңгелек, сопақша және цилиндрлiк дене, жiпше түрiнде де болады. Олардың мөлшерi 0,2-1,0 мкм диаметрi, және 7 мкм –ге дейiн ұзындықта болады. Әртүрлi ұлпаларда митохондрия саны бiрдей емес және клеткаларының функциональдi белсендiлiгiне тәуелдi синтетикалық процестер қарқынды жүретiн мысалы, бауырда және энергия шығыны мол жерлерде олар көп (мыс, жақсы ұшатын құстардың көкiрек бұлшықеттерiнде).

МИТОХОНДРИЯЛАР

1- түйіршіктер, 2 - ДНК, 3 - АТФ-синтаз молекулалары, 4 - сыртқы мембрана, 5 - ішкі мембрана, 6 - матрикс, 7- мембрана аралық кеңістік, 8 - кристалар, 9 - рибосомалар.

РИБОСОМАЛАР

Рибосомалар – екi әртүрлi бөлiктерi – субьбiрлiгi бар органоидтар. Рибосомалар дөңгелек, диаметрi 15,0-35,0 нм. Олардың құрамына бiрдей мөлшерiнде белок пен РНҚ бар. цитоплазмада рибосомалар бос немесе эндоплазмалық тор мембранасының сыртқы бетiн (бұдырлы мембрана) және ядроның сытрқы қабықшасында орналасады. Синтезделетiн белок түрiне байланысты рибосомалар «бiр – бiрден жұмыс жасай алады» немесе комплекстерге бiрiгедi – полирибосомалар. Мұндай комплексте рибосомалар ұзын а-РНҚ –молекуласымен байланысады.

 

Рибосомаларды (р-РНҚ) ядрода кейбiр хромосоманың ДНҚ молекуласында синтезделедi.

 

ГОЛЬДЖИ КОМПЛЕКСI

Гольджи комплексiнiң негiзгi құрылымдық элементi – мембрана, ол ұзын, сопақша цистерналар, үлкен вакуольдер немесе майда көпiршiктер түзiледi. Гольджи комплексi белокты сөл бөлетiн клеткаларда, нейрондарда, овоциттерде жақсы дамыған. Гольджи комплексiнiң цистерналары эндоплазмалық тор каналдарымен байланыстырады. Эндоплазмалық тор мембраналарында синтезделген белоктар, полисахаридтер, майлар Гольджи комплексiне тасымалданып, оның құрылымының iшiне жиналады және не бөлiнуге дайын, немесе клетканың тiршiлiк пройесiнде пайдалануға дайын сөп түрiнде оралып – «буылады».

 

ЛИЗОСОМАЛАР

Лизосомалар (грек lysis- ерiту және soma - дене) – мембранамен қапталған, диаметрi 0,4 мкм болатын кiшкентай сопақша денешiктер. Лизосомаларда ферменттердiң 30 дан аса түрлерi бар, олар белоктарды, нуклеин қышқылын, полисахаридтi және басқа заттарды ыдырату қабiлетi бар. Ферменттер көмегiмен заттың ыдырауын лизис деп атады. Осымен органоид атауы да байланысты. Лизосомалар не Гольджи комплексiнiң құрылымдарынан, не эндоплазмалық тордан түзiледi.

 

Олар пиноцитоз немесе фагоцитоз вакуольiне жақындап, олардың қуысына өзiнiң затын құяды. Сонымен, лизосоманың ең негiзгi қызметi – қоректiк заттардың клеткашiлiк қорытылуына қатысу. Сондықтан бүге лизосомалар клетканың өлген жағдайында, эмбриондық дамуында және т.б құрылымдарын бұзу қасиетi бар.

 

КЛЕТКА ОРТАЛЫҒЫ

Клетка орталығы бiр –бiрiне бұрыш жасап орналасқан екi кiшкене цилиндр тәрiздi денелерден тұрады. Олар центриолдар деп аталады. Центриол қабырғалары микротүтiкшелер бар. Центриолдар цитоплазманың өзiн -өзi жасаушы органоидтарына жатады. Клетка орталығы клеткалық бөлiнуде маңызды роль атқарады.

 

Пластидтер (грек тілінен plastides - жасайтын, түзейтін) - тек өсімдік жасушасының органоидтары. Әрбір пластидада кос мембраналық құрылысы бар. Олар пішіні, мөлшері, құрылысы мен қызметтері бойынша әртүрлі. Түсі бойынша жасыл пластидтер, (хлоропласттар), сары-ашық қызыл және қызыл. (хромопласттар) және түссіз, (лейкопласттар) ажыратылады. Пластидтерді пигменттерінің құрамына карай хлоропластар, хромопластар, лейкопластар деп үш түрге бөледі. Олар бір түрден екінші түрге ауысып отырады. Хлоропластар өзінің бойындағы хлорофилл пигменттері арқылы Күн сәулесінің жарық энергиясы арқылы бейорганикалық заттардан органикалық заттар синтездейді. Бұл процесті фотосинтез деп атайды. Фотосинтез реакциясын былайша көрсетуге болады: С02+6Н20=С 6Н1206+602.

 

 

Пластидтер

Вакуоль — өсімдіктер мен кейбір жануарлар клеткаларының цитоплазмасындағы сұйықтыққа толы қуыс. Жетілген өсімдік клеткаларында вакуольдер айқындалған, жас, жаңа клеткаларда әлі айқандала қоймаған құрылым. Вакуоль клеткалардың дамуы мен ескіруі барысында цитоплазмада анық көрінеді. Вакуольдің сұйықтығының құрамына ерітінді күйінде минералды тұздар, көмірсулар, сондай-ақ клетканың тіршілігіне қажетті әртүрлі органикалық қышқылдар, таниндер, пигменттер және тағы да басқа заттар болады. Онда қор заттармен қатар клеткаға қатерлі улы заттар, сондай-ақ екінші реттік метоболиттер жинақталады.

 

 



Сұрақтар
  1. Цилиндр тәрізді бір-біріне тік бұрыш түзіп орналасатын екі денешік:
  2. Өсімдіктер мен кейбір жануарлар клеткаларының цитоплазмасындағы сұйықтыққа толы қуыс:
  3. Тек өсімдік жасушасында болатын органоид:

  4. Эндоплазмалық тордан немесе Гольджи апаратынан түзіледі клетка ішілік органоид:
  5. Белок синтезін жүзеге асыратын клетка ішілік органоид:
  6. Ұзынша келген қуысты түтікшелер мен өзекшелерден тұратын, жасуша цитоплазмасының органоиды:
  7. Клетканың энергия көзі:
  8. Жарғақша ішке иіліп, шеттері қосылып, клеткааралық қатты затты қабылдауы:

  9. Клетканың құрылымдық негізі:
  10. Ядроны қоршап жатқан клетканың қоймалжың заты:
  11. Цитоплазмалық аталық ұрықсыздық өсімдіктеріне тән белгі

Қате туралы хабарландыру