Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

I тарау. Ағзалық әлем. Ағзалық әлемді жіктеу

Конспект

Ағзалық әлем деген не? Жерде тіршілік етіп, мекендейтін ағзалар (тіршілік иелері) жиынтығы ағзалық әлем деп аталады. Ағза жасушасының нәруыз, май, көмірсу және нуклеин қышқылынан құралатыны мәлім. Демек нәруыз, май, көмірсу, нуклеин қышқылы – ағзалық зат (органические вещества). Ағза жасушасының құрамында су және минералды тұздар да болады. Су және минералды тұздар – бейағзалық зат (неорганические вещества). Өйткені бұлар тіршілік иесіне тән тіршілік әрекетін білдіре алмайды, яғни ағзалық зат емес.

 

Тірі табиғат дүниесі дегеніміз – биологияда ағзалық әлемді жүйелеудің ең жоғары тобы. Дүние жүзіндегі ағзалық әлем, тірі ағзалар 5 дүниеге жіктеледі. Олар: бытыранықтар дүниесі, вирустар дүниесі, саңырауқұлақтар дүниесі, өсімдіктер дүниесі, жануарлар дүниесі.

 

Бытыранықтар дүниесі. Бұған микроскоп арқылы ғана көрінетін, жасушасында ядросы жоқ барлық бактериялар жатады. Бытыранық – «бытыра» + «нық» сөздерінен құралған сөз. (Орысша – «дробянка», латынша – «михи» – күрделі бөліне алмайтын түйіртпек мағынасында қолданылады.)

 

Вирустар дүниесі. Вирус латынша «у» деген сөз. Бұл – жасушасы жоқ, тіршілік формасындағы ағзалық зат. Бұлардың көпшілігін тек электрондық микроскоппен ғана көруге болады. Вирустар тек тірі жасушаға орнықса ғана көбейе алады. Жасушаға түсе алмаған жағдайда вирустарда тіршілік нышаны байқалмайды. Вирустар тірі жасушадан тыс қалса, кәдімгі ағзалық зат тәрізді күйде болады.

 

Саңырауқұлақтар дүниесі. Ботаниктер саңырауқұлақтарды төменгі сатылы өсімдіктерге жатқызып келді. Алайда олардың екі түрлі қасиеті бар. Бірінші қасиеті өсімдіктерге тән. Саңырауқұлақтар орнынан қозғалып жүрмейді. Жасушасы тығыз қабықшамен (жасунықпен) қапталады. Витаминдер синтездей алады. Екінші қасиеті жануарларға тән. Даяр ағзалық заттармен қоректенеді. Жасушасы хитин қабықшамен қапталады. Ағзалық заттарды қорға жинайды. Сондықтан бұлар өз алдына жеке дүниеге жіктеледі.

 

Өсімдіктер дүниесі. Бұған балдырлар, мүк, плаун (қылшабуын), қырықбуын, қырықжапырақтектестер, ашық тұқымды және жабық тұқымды өсімдіктер жатады.

 

Жануарлар дүниесі. Бұлар біржасушалы және көпжасушалы жануарлардан құралады. Біржасушалы жануарлардың барлығы және көпжасушалы жануарлардың кейбір түрлері жәндіктер деп аталады. Демек амебадан бастап, қандауыршаға дейінгі омыртқа жотасы жоқ жануарлар жәндіктер болып саналады. Ал балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілерге жататын өкілдердің барлығы – жануарлар. Өйткені бұлардың арқасында бойлай созылған желісі немесе омыртқа жотасы болады.

 

Тірі ағзаның негізгі қасиеттері: зат алмасу; қоректену; тынысалу; қажетсіз заттарды бөлу (зәршығару); тітіркенгіштік; қозғалып жүре алу; көбею; өсу; даму және тіршілігін жою. Жануарлар дүниесіне жататын ағзаларда осы қасиеттердің барлығы байқалады.

 

Тірі ағзалардың барлығына тән қасиет – жасушадан құралады. Жасушада ядроның болуы да, болмауы да мүмкін. Мысалы, вируста жасуша да, ядро да жоқ. Бытыранықта (бактерияда) жасуша бар, бірақ ядросы жоқ. Бұлардың тіршілік әрекеті өсімдікке де, жануарға да ұқсас емес. Сондықтан ғалымдар саңырауқұлақтар дүниесі тәрізді, бытыранықтар мен вирустарды өз алдына жеке дүние етіп топтастырды.

 

Жануарлардың көпшілігі еркін қозғала алады, ал өсімдіктерде бұл құбылыс сирек байқалады. Біржасушалы балдырлар және бактериялардың да қозғалатыны мәлім. Сондай-ақ желдің әсерінен кейбір өсімдіктер мен өсімдік тұқымдары алыс аумақтарға таралады. Қалай болғанмен де бұлардың қозғалып жүретін арнаулы мүшесі – аяғы жоқ. Дегенмен өсімдіктер мен жануарлар – өзара ұқсастықтары және айырмашылықтары бар тірі ағзаның екі тобы. Олар – табиғаттың біртұтас құрамдас бөлігі.

 

Қозғалып жүретін мүшелері жоқ жәндіктер де, жануарлар да бар. Оған құрттарды, жыландарды мысал етуге болады. Ал теңіз түбінде мекендейтін көпаяқты маржан бекінген орнынан қозғалып жүрмей-ақ өмір сүреді. Актиниялар теңіз түбінде «табанын» бүгіп-жазып, баяу қозғалады. Медузалар мен каракатицалар реактивті қозғалыс жасап, аяқсыз-ақ шапшаң жүреді.



Сұрақтар
  1. Жерде тіршілік етіп, мекендейтін ағзалар (тіршілік иелері) жиынтығы:

  2. Биологияда ағзалық әлемді жүйелеудің ең жоғары тобы:
  3. Микроскоп арқылы ғана көрінетін, жасушасында ядросы жоқ тіршілік иелері:
  4. Жасушасы жоқ, тіршілік формасындағы ағзалық зат:
  5. Ботаниктер төменгі сатылы өсімдіктерге жатқызып келген (ағза) тіршілік иесі:
  6. Жабын қандай ерекше ағзалық заттан түзіледі:

  7. Жүйке, сезіну, тынысалу, қажетсіз заттарды бөлу, асқорыту және басқа жүйелердің арнаулы жеке мүшелері бар тірі ағзалар жүйесі:

  8. Тірі ағзалар дүниесінің қайсысында жасушасында ядросы жоқ барлық бактериялар жатады:

  9. Бейағзалық зат:

  10. Тек тірі жасушаға орныққан кезде ғана көбейе алатын тірі ағзалар:

Қате туралы хабарландыру