Еуразия

География

Тақырыптың тесті
Конспект

Еуразия – дүниежүзіндегі ең ірі материк. Еуразияны екі дүние бөлігі Еуропа мен Азия құрайды. Еуропа мен Азия арасындағы шартты түрдегі шекара Орал тауларының шығыс етегі, Жайық өзені арқылы Каспий теңізінің солтүстік жағалауы, Азов, Қара теңіздері арқылы өтеді.

Материктің аты көкжиек тұстарының бағытына байланысты шыққан.

Ежелгі финикиялықтардың "эреб" – батыс, "асу" – шығыс деген атауларынан Еуропа, Азия сөздері шыққан. Еуразия материгінің ауданы аралдарымен қоса есептегенде 54 млн шаршы шақырымды құрайды, ол бүкіл құрлықтың 1/3 бөлігін алып жатыр.

Дүниежүзіндегі ең биік тау шыңы – Гималай тауындағы Джомолунгма шыңы, оның биіктігі 8848 метр. Джомолунгма шыңы Непал мемлекетінің аумағында орналасқан. Джомолунгма непал тілінен аударғанда "таудың ана құдайы" деген мағына береді. Джомолунгма шыңы Гималай тауында орналасқан. Гималайда биіктігі 8000 метрден асатын 11 шың бар. Гималай сөзі непал тілінен аударғанда «қар мекені» деген мағына береді Бұл шыңды бірінші рет адам баласы 1953 жылы, ал қазақстандық Қ.Уәлиев басқарған Қазақстан альпинистері 1982 жылы бағындырған.

Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер Арабия түбегінің солтүстік батысындағы Өлі теңіз орналасқан Гхор ойысы, оның деңгейі – 403 м.

Еуразияда орналасқан Шығыс Сібірдегі Оймякон елдімекенінде -71° C температура тіркелген. Сондықтан оны солтүстік жарты шардың суық полюсі деп атайды. Жер шарындағы жауын-шашынның ең көп түсетін ауданы Гималай тауының оңтүстік шығыс беткейіндегі Черапунджи елді мекені, мұнда жылына 12000 мм жауын-шашын түседі.

Еуразияның ішкі аудандары туралы мәліметтер ұзақ уақыт бойы зерттеушілер үшін жұмбақ болып келді. Биік таулармен қоршалып, ұшы қиырсыз шөлдермен көмкерілген Орталық Азия жеріне саяхат жасау ғалымдардың арманы болды. Орталық Азияның табиғатын зерттеу мақсатында XIX ғасырда экспедициялар құрыла бастады. Орталық Азияның ішкі аудандарын зерттеуде орыс саяхатшылары Н.М. Пржевальский, П.П. Семеновтың, қазақтан шыққан тұңғыш географы Ш.Уәлихановтың үлесі зор. Н. Пржевальский өмірінің он бес жылын Орталық Азияны зерттеуге арнаған. Осы аймаққа жасаған төрт саяхаты нәтижесінде Тибет, Гоби шөліндегі бірнеше жоталарды анықтап, Хуанхэ мен Янцзы өзендерінің бастауын тапқан. Өсімдіктер мен жануарлардың белгісіз жаңа түрлерін жабайы жылқы мен жабайы түйені анықтаған.

Алғашқы адамдардың Еуразия жерін қоныстануы Жерорта теңізі маңынан басталған. Осы жерде тұңғыш рет географиялық түсініктер қалыптасып, географиялық ұғымдар жинақталған.

Еуразияның жер бедері алуан түрлі. Еуразияның теңіз деңгейінен орташа биіктігі 840 м, оның ауданының жартысынан астамын таулар құрайды. Памир тауында Еуразиядағы ең ірі Федченко мұздығы орналасқан. Мұздықтың ұзындығы 77 шақырым. Тау басындағы мұздықтардан ірі өзендер бастау алады.

Еуразиядағы ең биік сөнбеген жанартау Ключи Шоқысы, оның биіктігі 4750 м. Камчатка түбегінде орналасқан. Камчаткада әйгілі Гейзерлер аңғары орналасқан. Адамдар Камчатка мен Исландиядағы гейзер суын үйлерді жылытуға пайдаланады.

Солтүстік Еуропа елдеріне Скандинавия түбегінде орналасқан Норвегия, Финляндия, Швеция, Ютландия түбегінде орналасқан Дания және аралдық ел Исландия кіреді. Бұл елдердің Атлант мұхиты жағалауында орналасқандықтан, табиғаты, халқының шаруашылығы, тұрмыс тіршіліктері теңізбен тығыз байланысты.

Балтық теңізі бойында орналасқан Латвия, Литва, Эстонияны Балтық елдері деп атайды. Бұл елдер бұрынғы КСРО құрамындағы одақтас республикалар болған. КСРО ыдырағаннан кейін бұл елдер тәуелсіздіктерін жариялап, өздері жеке еуропалық жолмен даму үстінде. Оңтүстік батыс Азия құрамына кіретін Түркия, Иран, Ирак, Ауғанстан, Сирия, Израиль,Ливан, Йордания, Сауд Арабиясы т.б. елдерді "Таяу Шығыс" елдері деп атайды.

Шетел инвестициясы мен жоғары технологиялар, арзан жұмысшы есебінен экономикасы, әсіресе өнеркәсібі қарқынмен дамыған Корея Республикасы, Сингапур, Гонконг, Тайланд т.б. елдерді жаңа индустриялы елдер деп атайды.

Джомолунгма шыңы

Шығыс Еуропа жазығы

Гималай тауы

Янцзы өзені

Ключи шоқысы

Тайга зонасы

Тундра зонасы

Конспект сұрақтар
  1. Дүниежүзіндегі ауданы жөнінен ірі материкті табыңыз.

  2. Еуразия материгінің ауданы (км²).

  3. Еуразияның оңтүстіктегі шеткі нүктесі.

  4. Еуразияның батыстағы шеткі нүктесі.

  5. Еуразияның солтүстіктегі шеткі нүктесі.

  6. Еуразияның шығыстағы шеткі нүктесі.

  7. Дүниежүзіндегі ең биік тау шыңын көрсетіңіз.

  8. Дүниежүзінің ең биік тау шыңы орналасқан тау жүйесін анықтаңыз.

  9. Дүниежүзіндегі теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүкте.

  10. Солтүстік жарты шардың суық полюсі болып саналатын елдімекенді табыңыз.

  11. Әлемдегі жауын-шашын ең көп түсетін жерді анықтаңыз.

  12. Еуропа мен Азия аралығында орналасқан дүниежүзіндегі ең ірі көл.

  13. Тереңдігі 1620 м болатын жер шарындағы ең терең көл.

  14. Еуразия материгіндегі ең ыстық, аптапты шөлді көрсетіңіз.

  15. Арабия түбегінің оңтүстік шығысындағы шөлді табыңыз.

  16. Еуропа мен Азия арасындағы шартты түрде өтетін табиғи шекара.

  17. Еуразия материгінің ішкі тұйық алабының ең ірі өзені.

  18. Хуанхэ және Янцзы өзендерінің бастауын ашып, Лобнор көлінің табиғатын зерттеген саяхатшы7

  19. Біздің заманымыздың I ғасырында Суматра мен Ява аралын ашқан.

  20. Адамдардың Еуразия жерін қоныстануы басталған аймақты табыңыз.

  21. Аумағы 4 жарты шарды қамтитын материкті атаңыз.

  22. Атлант мұхитындағы жанартаулық аралдардың ірісі.

  23. Солтүстік Мұзды мұхиттағы теңіздердің ең үлкені.

  24. Солтүстік мұзды мұхиттағы мұздардың қалыңдығын табыңыз.

  25. Еуразия мен Африка тақталарының түйісу аймағында орналасқан, дүниежүзілік мұхиттағы тұздылығы ең жоғары теңіз.

  26. Еуразия материгінің теңіз деңгейінен орташа биіктігі.

  27. Еуразияның ең биік сөнбеген жанартауын табыңыз.

  28. 1833 жылы жер тарихындағы апатты жанартау атқылау Үлкен Зонд аралындағы ... жанартауында болды.

  29. Үнді мұхитынан өндіріледі.

  30. Еуразияны алып жатқан ең аумақты климаттық белдеу.

  31. Еуразияның еуропалық бөлігіндегі Атлант мұхитынан келетін ауа массаларының әсерінен қалыптасатын климаттық белдеу.

  32. Еуразиядағы ең ұзын өзенді атаңыз.

  33. Еуразияның Тынық мұхиты алабына кіретін ірі өзендерін көрсетіңіз.

  34. Еуразия материгінің ірі қалдық көлдері.

  35. Еуразияның Үнді мұхиты алабына жататын өзендерін табыңыз.

  36. "Хуанхэ" қытай тілінен аударғанда ... деген мағынаны білдіреді.

  37. Еуразия материгіндегі ең ірі Федченко мұздығы орналасқан тауды табыңыз.

  38. Жазы өте суық және қысқа. Қысқы температура -400 С-дан төмен болатын, мұздан босаған жерлерде мүк, қына, балдырлар өсетін табиғат зонасы.

  39. Тундра өсімдігі.

  40. Исландия аралының мұз басу дәуірінен бері сақталып келген жануарын табыңыз.

  41. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер.

  42. Қоңыржай белдеудің ең ірі табиғат зонасы.

  43. Бұл табиғат зонасында тек қылқанжапырақты ағаштар өседі.

  44. Тайга зонасында өсетін қыста қылқандарын түсіретін ағаш.

  45. Тайга зонасындағы топырақ түрін атаңыз.

  46. Польша мен Беларуссияның шекарасында орналасқан.

  47. Шөлдерде өсетін ағаш.

  48. Сібірде өсетін суыққа төзімді бағалы ағашты табыңыз.

  49. Қиыр Шығыста қорғауға алынған жыртқыш аңды табыңыз.

  50. Гималай тауының етегіндегі ең төменгі белдеу.

  51. "Азия айдаһарлары" деген атқа ие болған Азияның жаңа индустриялы мемлекеттер қатарын көрсетіңіз.

  52. Солтүстік Еуропа елдері:

  53. "Мұз бен от елі" деп аталатын арал.

  54. Еуропаның ең биік тау жүйесін атаңыз.

  55. Венгрия жазықтарының атауын табыңыз.

  56. "Беловеж нуы" орналасқан мемлекетті белгілеңіз.

  57. "Балтық бойы" елдерін табыңыз.

  58. Дүниежүзілік үш діннің Отаны деп саналатын аймақ.

  59. "Таяу Шығыс" деп аталатын аймаққа кіретін елдерді көрсетіңіз.

  60. Жер шарының ең биік нүктесі орналасқан таулы елді табыңыз.

  61. "Таудың ана құдайы" деген мағына беретін тау шыңын көрсетіңіз.

  62. Тәж Махал кесенесі орналасқан қала.

  63. Үндістандағы ұлттық дін.

  64. Үндістанның мемлекеттік тілдері.

  65. Ламаизм дінінің орталығы болып есептелетін Тибеттің астанасын атаңыз.

  66. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ішіндегі ауданы жөнінен ірі мемлекетті атаңыз.

  67. Оңтүстік Шығыс Азиядағы ең ірі жанартау.

  68. Оңтүстік Шығыс Азиядағы ең ірі портты қала:

  69. Жапон аралдарының ең биік нүктесі.

  70. Шайдың отаны:

  71. Қытайда өсірілетін негізгі дақылды атаңыз.

  72. Ұлы Жібек жолы басталатын елді табыңыз.

  73. Такламакан шөлі орналасқан ел.

  74. Хуанхэ мен Янцзы өзендерінің аралығында орналасқан жазық.

Тақырыптың тесті