Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Еңбек құралдарының жетілуі.

Конспект

Бұдан 100 мың жыл бұрын жер беті күрт суып, қыс ұзаққа созылды. Еуропа мен Азияның солтүстігінде қалыңдығы 2 км алып мұздық пайда болды. Жылы климатқа үйренген жануарлар қырылып, тірі қалғандары оңтүстікке ауып кетті.

Ертедегі адамдар ең әуелі найзағайдың түсуінен жанған ағаштың отын пайдаланды және оны өшірмей ұзақ сақтауға тырысты. Адамдар бірте-бірте отты өздері жағуды үйренді. Тасты тасқа ұрып, одан шыққан ұшқынмен отынды тұтатты. Ағаш таяқты бір-біріне үйкелеп қыздырғанда, бықсыған жаңқаларға жүн немесе өсімдік талшығынан жасалған білтені тигізіп тұтандырды. Отты пайдаланып адамдар жылынды, жыртқыш аңдардан қорғанды, тамақ пісірді.

Алғашқы еңбек құралдарын жасау тәжірибесі баяу жинақталды. Адамдар тастан ұсақ әрі жұқа құралдар жасауды меңгерді. Теріні кесетін және тесетін өткір жүзді, үшбұрышты қалақшалар, пышақ тәрізді кескіштер пайда болды. Аң аулауға шоқпармен бірге найза да пайдаланылды. Cүйектен ине мен біз дайындалды. Адамдар тасты өңдеуді, бұрғылауды үйренді. Тастан пышақ, найзаның ұштары, бұрғы, қашау, балға, кескіш жасалды.

Кейінгі палеолитте сүйек пен ағаш сапқа өткір жүзді ұсақ қалақша тастарды желімдеп орнатып, кескіш құрал жасаған. Желім ретінде тау балауызы, қарағайдың шайыры, битум қолданылған. Құрал жасаудың бұл әдісін “қыстырма әдісі” дейді.

Мезолитте (б.з.б. 12-5 мың жыл) тас құралдар пайдалануға ыңғайлы қалыпқа түсе бастады.

Алып мұздық бұдан 13 мың жыл бұрын ери бастады. Жер беті мұздықтан босап, қазіргі қалпына келді.

Далалық аймақтарда адамдар желге қарсы қалқа жасауды үйренді. Ірі жануарлардың сүйектерінен және ағаш бөренелерден баспана сала бастады.

Жаңа тас ғасырында (неолитте) адамдар тасты жылтыратып тегістеуді үйренді. Еңбек құралдарының жаңа түрлерін ойлап тапты: дәнүккіш, келі, балта, қайла.

Адамдар үшкір сүйектен ине, жануарлардың сіңірлерінен жіп жасап, хайуандардың терісінен киім тіге бастады. Саз балшықты күйдіріп, ыдыс жасады. Пешке ағаш көмірін жақты.

Қолқашау дегеніміз – қалақ тасты екі жағынан қашап, таяққа бекіткен құрал. Оның ұзындығы 20 см, салмағы 1 кг болған. Жануарлардың терісін тазалайтын, етін боршалайтын тас шапқылар мен қырғыштар жасалды. Жамбыл облысынан табылған бес мыңнан астам құралдың бәрі – қашау мен үшкір заттар.

 



Сұрақтар
  1. Жер бетін басқан мұздықтың ери бастаған кезі

  2. Тас құралдар пайдалануға ыңғайлы қалыпқа түсе бастады

  3. Ұзындығы 20 cм, салмағы 1 кг шомбал құрал

  4. Ежелгі замандағы от жағудың ең алғашқы әдісі

  5. Үшкір сүйектен жасаған зат

  6. Тас өңдеу жоғары деңгейге көтерілген кезең

  7. Мұз дәуірі басталды

  8. Бөрiқазған, Шабақты тұрақтарынан шамамен қанша тас құралдар табылған?

  9. Екі жағынан өңделген қарапайым шапқыш тас құралды қалай атаймыз?

  10. Қазақстанда алғашқы адамдар шамамен 1 миллиондай жыл бұрын өмір сүргендігін дәлелдейтін тастан жасалған еңбек құралдары Маңғыстаудың қай тұрағынан табылды?

  11. Алғашқы еңбек құралдары

  12. Шығыс Африкадағы Олдувэй шатқалынан табылған әлем бойынша ең көне тас құралдары

Қате туралы хабарландыру