Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Екінші дүниежүзілік соғыс (1939-1945 жж.)

Конспект

 

Халықаралық қатынастарда шиеленістер бірінен соң бірі туындап отырды. Солардың біріне соғыстан кейінгі төлемдерге қатысты «Рур дағдарысы» жатады. Соғыстан кейін әскери күшіне сүйенген Франция өз үстемдігін Еуропаға орнатпақ болып, басқалармен санаспай қоқан-лоқылыққа салды. 1923 жылы Германия соғыс шығындарын өтеу тәртібін бұзды деген сылтауға сүйеніп, Франция және Бельгия немістердің Рур облысына әскерлерін енгізді.

 

Бұл дағдарысты реттеуге Англия, АҚШ, т.б. елдер атсалысып, 1924 жылы халықаралық капитал ұсынған «Дауэс жоспары» қабылданды. Ол жоспар Германия төлем ақысын жыл сайын 1 млрд. маркамен есептеп, елдің жағдайы жөндле бастағанда 3 млрд маркаға дейін жеткізуді белгіледі. Соғыс шығындарын өтеу мәселесі неміс халқының наразылығын тудырып, барған сайын қарсыласуды ұлғайтты.

 

Мұндай әрекетке жол бермеу үшін 1925 жылы Локарно қаласында (Швецария) Рейн пактісіне қол қойылды, ол Еуропада қалыптасқан шекаралардың бұзылмайтындығын мәлімдейді. Бірақ Локарнадағы келісімде Германияның шығыстағы шекаралары келешекте қарастырылуы мүмкін делінген болатын. Сөйтіп, неміс халқының бөлінгендігі және олардың кейін бір-бірімен қосылуы туралы пікір туа бастады. Соны кейін неміс дипломатиясы алға тартып, Судет пен Австрияны Германияға қосу мәселесін көтерді.

 

«Дауэс жоспары» Германия шаруашылығының тез жетілуіне жәрдемдесті.

 

1922 жылы сәуірде Генуяда Еуропа елдерінің шаруашылығын қалпына келтіру туралы халықаралық конференция өтті. Онда сауда қатынастарын жандандыру, шаруашылығы қиратылған елдерге көмек көрсету шаралар қарастырылды.

 

Халықаралық өмірдегі ең күрделі және қарама-қайшылықты мәселе Кеңес Одағымен капиталистік елдер арасында қалыптасты. КСРО жаңа саяси қоғамдық жүйені буржуазия тәртібіне қарсы қойып, әлемдегі басқа елдермен араздасты. Азамат соғысында Кеңес үкіметі жеңіске жетіп, Ресейге қарасты жерді қайтарып алды. Бірақ 1921 жылы ол Польша, Литва, Латвия, Эстония, Финляндия елдерінің тәуелсіздігін мойындауға мәжбүр болды. Оған қоса, Шығыс елдерімен – Ауғаныстанмен, Түркиямен, Иранмен достық келісімшартына отырды. Сол жылы Англия, Норвегия, Италия, Германия Ресей үкіметімен сауда келісімдерін жасасты. Сөйтіп, капиталистік елдер социалистік жолға түскен елмен қатынастарын реттеуге кірісті. Бұл бейбіт қатар өмір сүру жолы әркімге де ұтымды және қажет еді.

 

Экономикалық дағдарыс ірі мемлекеттердің арақатынастарындағы шиеленістерді одан әрі өршітті. Кейбір елдердің билеуші топтары әскери дайындықты күшейтіп, басқа елдерді бағындыруды аңсады. Бұл бағытты ашықтан-ашық ұстаған Еуропада – фашистік Италия мен Германия, Азияда – Жапония болды.

 

Германияда фашистік тәртіп орнаған соң КСРО-ның ол елмен қатынасы нашарлады. Германия 1933 жылы Ұлттар Лигасынан шығып кетті. Плебисцит жүргізіп, Саар облысын өзіне қосып алды.Озбырлық саясатқа фашистік Италия да көшті. Ливияны отарландыру үдерісі жылдамдады. Оның әскері 1936 жылы Эфиопияны басып алды.

 

Германия мен Италия 1936 жылы Франко бастаған Испаниядағы бүлікшілікті қолдап, республика үкіметінің құлауын тездетті. 1939 жылы Пиреней түбегінде Франко диктатурасы орнады. Сөйтіп екінші дүниежүзілік соғыс ошағы қалыптасты.

 

Еуропадғы тартыстарды пайдаланған Жапония 1937 жылы шілдеде Қытайды жаулауға кірісті. 1936 жылы қазанда Италия мен Германия ынтымақтасу туралы шартқа отырып, бір айдан соң Германия-Жапония- Италия мемлекеттері кірген жаңа одақ – Антикоминтерн пактісі құрылды. Гитлер өзінің жаугершілік саясатын қорықпай іске асыруға кірісті. 1938 жылы наурызда Австрия Германияға қосылды. Одан кейін Англия, Франция, Италия және Германия мемлекеттері Мюнхен келісімін жасасып (1939 ж. 29 қыркүйек) Чехословакияның құрамындағы Судет облысын Германияға беруді ұйғарды. Германияның араны одан әрі ашылып, Польшаның Гданьск қаласына жармасып, оны Германияға қосуға бар күшін жұмсады. Италия сәуірде Албанияны басып алды.

 

1939 жылы сәуір-мамыр айларында Кеңес одағы, Англия, Франция арасында Шығыс Еуропа елдеріне өзара көмек көрсету туралы келісімді дайындауға әзірлік жүргізіле бастады.

 

Бірін-бірі аңдыған, бір-біріне сенімсіз қараған, әрқайсысы тек жеке басының мүддесін ойлап, үш жаққа тартқан үш ұлы держава мәмілеге келе алмады.

 

Нәтижесінде, 1939 жылы 23 тамызда Мәскеуде Германия сыртқы істер министрі И.Рибебентроп және КСРО үкіметінің төрағасы В.М.Молотов шабуылдаспау туралы келісімшартқа қол қойды. Ал шарттың құпия хаттамасы бойынша Германия мен КСРО Еуропаны бөліп алды және КСРО-ға Балтық жағалауындағы республикалар мен Финляндияға қарасты мәселелерді өз қалауынша шешуге еркіндік берілді.

 

1939 жылы 1 қыркүйекте герман қарулы күштері Польшаға шабуылын бастады. Польшаны жақтаған Англия мен Франция Германияға қарсы соғыс жариялады. Екінші дүниежүзілік соғыс басталды.

 

Екінші дүниежүзілік соғыстың тұтануына фашистік мемлекеттер Германия, Италия және милитаристік Жапония айтарлықтай күш салды. Ұлыбритания, Франция, АҚШ сияқты ірі буржуазиялық державалар да Еуропа мен Азияда бейбітшілік пен тыныштықтың бұзылуына жол берді. Өкінішке орай соғыс алдында КСРО басшылары да фашистік Германиямен жақындасып, Шығыс Еуропаны бөлісу жөнінде құпия келісім жасады.

 

Екінші дүниежүзілік соғыс 6 жылға созылып, барлық әлемді қамтыды.

 

Соғысқа 1,7 млрд халқы бар 64 мемлекет қатысты Ал олардың армиясында 110 млн-нан астам адам болды. Тек КСРО-ның өзінде ғана қаза болғандардың саны 27 млн. адамға жеткен. Германияның тұтқындар лагерінде 11 млн. адам қырылды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі материалдық шығындар да орасан көп болды. Мыңдаған қалалар мен ауылдар үйіндіге айналып, зауыт-фабрикалар, көпірлер, жолдар қиратылды.

 

Екінші дүниежүзілік соғыстың тағы бір ерекше айырмашылығы – осы соғыста адам ресурстары емес, техника санының көп болуы үлкен рөл атқарды.

 

Барлық қиыншылық пен азапқа қарамастан демократиялық елдер Кеңестер Одағымен бірге Германия мен Италияның, милитаристік Жапонияның басқыншы қарулы күштерін талқандады, зорлық пен зомбылықты, қатігездікті ауыздықтаған осы Ұлы Жеңіс қазіргі дүниежүзі тарихының бірінші кезеңін аяқтайды.

 

1945 жылы 20 қарашасы мен 1946 жылдың 1 қазаны аралығында Германияның Нюрнберг қаласында халықаралық әскери трибуналдың мәжілістері өтті Онда өздерінің адамзат алдында жасаған аса ауыр қылмыстары үшін Германияның үкіметі мен әскери басшыларының 24 адамы сотқа тартылды. Фашистік қылмыскерлер тиісті ауыр жазаларын алды.

 

Адамзат қоғамының қарам-қайшылықты дамуы мемлекеттердің әлемдік деңгейде нәтижелі өзара әрекет ету тәсілдерін іздеуіне, адамзат қоғамының таласты мәселелерін шешуге көмектесетін халықаралық ұйымдарды құруға итермеледі. Осындай себеппен 1945 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылды, оның негізгі міндеті – бейбітшілікті қолдау және нығайту болды. Жаһандық мәселелер – бұл адамзаттың ой-санасына тасталған сын. Оларды елемей кету мүмкін емес. Оларды тек жоғарғы халықаралық ұйымдар шеңберінде келіссөз жүргізу, кездесулер өткізу, өзара түсіністік жолдарымен ғана шешуге болады.

 

Германия, Италия, Жапония уақытша ұлы державалар қатарынан шығып қалды. Отаршылдық жүйе ыдырай бастады, ондаған тәуелсіз мемлекеттер өмірге келді. Франция мен Ұлыбритания біраз әлсіреді. Ал АҚШ соғыстың нәтижесінде барлық мемлекеттерді басып озып, дүниежүзіндегі аса ірі ұлы державаға айналды. Екінші ұлы держава Кеңес Одағы болды. КСРО-ның басшылығымен бүтіндей жаңа қоғамдық-саяси жүйе құрылды. Социалистік бағытты көздеген бірқатар жаңа мемлекеттер пайда болды. АҚШ пен КСРО екі державаның арасындағы қарама-қайшылық бүкіл ХХ ғасырдың екінші жартысын түгел қамтыды.

 

ХХ ғасырда ғылымның дамуы шамадан тыс қарқын алып, нағыз революция жасалды. Ғылым мен техника салаларында, атомдық энергияны меңгеруде үлкен жетістіктерге қол жетті. Неміс физигі Макс Планк атом үздіксіз емес, квант деп атанған порциялармен сәуле шығаратыны (жұтатыны) туралы гипотеза ұсынды. Бұл гипотеза физика ғылымына түбегейлі өзгеріс жасаған кванттық теорияның пайда болуына әкелді.

 

ХIХ ғасырдың соңында басталған екінші өнеркәсіптік революция серпінді және жедел қарқынмен дамыды. ХХ ғасырда ғылымның өндіргіш күшке айналу үрдісі байқалды.

 

Конвейер мен жаппай өндірістің кең қолданылуы еңбекті стандарттау мен ұтымды етуге әкеп соқты. Алғашқы конвейерлер АҚШ-тағы Форд зауыттарында енгізілді. Бұрынғы ашулар мен техникалық өнертабыстар: телефон, телеграф, кинематограф, фонограф, радио, іштен жану қозғалтқышы, электр моторлары, алғашқы автомобильдер, ұшақтар және т.б. өнеркәсіптік өндіріс пен күнделікті өмірде кең қолданыла бастады. 20-30 жылдардың өзінде-ақ ірі қалалардың көшелерінен алуан түрлі қоғамдық көлікті: трамвайларды, метроны, автомобильдерді, автобустарды көруге болатын. Азаматтық авиация тұрақты және көп ұзамай – халықаралық көлікке айналды. Сол кездің өзінде бірінші дыбысты кино, одан кейін түрлі-түсті фильмдер пайда болды. Қаладағы үйлерге электр жарығы мен радио келді және біртіндеп ауылды жерлерге де тарала бастады. Түрлі газеттер мен жұрналдардың таралымы едәуір артты. Қоғамдық процестерді қорытындылау әлеуметтік және саяси өмірдегі түбегейлі өзгерістер және ғылыми-техникалық прогрестің ықпалымен болып өтті. Философия саласында Анри Бергсон аса ірі беделді тұлға болды. Тарихи даму заңдарының өмір сүретінін теріске шығара отырып, «тарихты көрнекті тұлғалардың ерік-жігері мен энергиясы арқасында кері бұруға болады» деп пайымдады. Ол тек күшті тұлғалар, қоғам «элитасы» ғана адамдарды басқара алады деп есептеді.

 

Басты идеялық ағымдар – либерализм, әлеуметтік реформизм, консерватизм, марксизм – өзінің түпкілікті рәсімдеуін саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстардан тапты.



Сұрақтар
  1. 1945 жылдың 2 мамырында болған жағдай:
  2. ІІ дүниежүзілік соғыста Германия мен Италияның Одағы болған мемлекет
  3. Веймар Республикасының бірінші президенті
  4. Төмендегі оқиғалардың қайсысы Ұлы Отан соғысы кезеңіне жатпайды?

  5. Неміс командованиесінің Мәскеу қаласын алу үшін жасаған жоспары:
  6. Алматыда жасақталған 316 - атқыштар дивизиясының қолбасшысы:

  7. Берлинге Жеңіс туын тіккен қазақ жауынгері

  8. «Неміс әскерлерінің жеңілмейтіндігі» туралы аңызды жоққа шығарған шайқас
  9. Герман фашистерінің Солтүстік Кавказды жаулап алу жоспары:
  10. 1945 жылы 9 мамыр – Жеңіс күнінде Алжир патриоттарын қырғынға ұшыратқан мемлекет:
  11. Потсдам конференциясының шешімі бойынша Польшаға өткен Пруссияның бір бөлігі
  12. 1941 жылы АҚШ-тың Жапонияға қарсы соғыс жариялауының себебі:

  13. БҰҰ-ның барлық мүшелерін біріктіретін басты орган
  14. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО-ның Жапониядан қайтарып алған аймақтары
  15. 1945 жылы Потсдам конференциясында қаралған мәселе
  16. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бейтараптылық саясат ұстанған Скандинавия мемлекеті:
  17. 1945 жылғы Одақтастар армиясының бас қолбасшысы:
  18. II дүниежүзілік соғысты аяқтаған оқиға

  19. Герман фашистерінің Польшаны жаулап алу жоспары:

  20. Екінші дүниежүзілік соғыста түбегейлі бетбұрыстың басы болған шайқас
  21. 1945 жылы шақырылған БҰҰ-ның құрылтай жиыны:
  22. Екінші дүниежүзілік соғыста қанша КСРО азаматы қаза болды?

  23. 1945 жылы Қырым конференциясында талқыланған мәселе
  24. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әскери-саяси салмағы артқан елдер
  25. 1945 жылы «АҚШ дүниежүзілік жауапкершілікті мойнына алады» деп мәлімдеген қай АҚШ президенті?

  26. Радиоактивті элменттердің ыдырау кезіндегі үш түрлі сәуленің бөлініп шығатынын ашқан ағылшын ғалымы:
  27. Сурет өнеріндегі сюрреализм бағытының жетекшісі
  28. Телефонды ойлап тапқан адам

  29. XX ғасырдың басында атом құрылымының планетарлық теориясын ұсынған физик-ғалым:
  30. Радионы ойлап тапқан ғалым:
  31. «Герниканың талқандалуы» суретінің авторы:
  32. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңнің бірден-бір маңызды мәселесі:
  33. Екінші дүниежүзілік соғыстың бұрынғы соғыстардан ерекше айырмашылығы:

  34. 1945 жылы Нюрнберг процесінде қаралған мәселе
  35. «Тарихты көрнекті тұлғалардың ерік-жігері мен энергиясы арқасында кері бұруға болады» деп пайымдаған:
  36. Бірде-бір материалдық нысан жарықтан жылдам жылдамдықпен қозғала алмайды деген қорытынды жасаған:
  37. Кванттық теорияның пайда болуына негіз болған гипотезаның авторы
  38. Қиыр Солтүстік теңіз жолдарын игеруге басшылық жасаған кеңес ғалымы:

  39. Сурет өнерінде салған бейнелері бірінен-біріне араласқан, түйіскен шар, конус, куб түрінде суреттеудің жаңа бағытын ұсынған:
  40. Кеңес Одағында ең күшті ақпарат құралы болған:

  41. Дүниежүзілік даңққа ие болған «Құрыш қалай шынықты» романының авторы:
  42. АҚШ Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасын тастаған мерзім:
  43. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Германия шаруашылығының жетілуіне жол ашқан жоспар:
  44. 1941 жылы құрылған Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің төрағасы:

  45. Ұлы Отан соғысының бастапқы кезеңінде кеңес әскерлерінің жеңілу себептерінің бірі:
  46. Ұлы Отан соғысы басталған мерзім:

  47. Германияның КСРО-ны талқандау жоспары
  48. Герман-Кеңес құпия хаттамасына сәйкес 1939 жылы КСРО басып алған жер:
  49. 1939 жылы 23 тамыз шартындағы құпия хаттама бойынша 1939 жылы 17 қыркүйекте Польшаның шығыс аудандарына өз әскерін қай ел кіргізді?

  50. 1939 жылы 1-3 қыркүйекте болған жағдай:

  51. Екінші дүниежүзілік соғыстың кезеңдері:

  52. КСРО әскери-дипломатиялық әрекеттер арқылы қай елдерде әскери базалар салуға рұқсат алды?

  53. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Батыс Еуропада толық бейтараптықты сақтаған елдер:

  54. Германия басып алған жерлерінде орнатқан «жаңа тәртіп» режимі:

  55. 1940 жылы Кеңес-Фин соғысынан соң бейбіт келісім бойынша КСРО:

  56. 1940 жылы «Құрыштық пактіге» қол қойып, әскери-саяси одақ құрған елдер:

  57. Германияның Кеңес Одағымен соғысы кезінде жасаған әскери жоспарлары:

  58. «Атлантика хартиясы» антигитлерлік коалицияның бағдарламасы:

  59. Екінші дүниежүзілк соғыс жылдарында одақтастар Германия мәселесін қайда талқылады?

  60. «Оғаш соғыс» кезеңіндегі соғыс қимылдары:

Қате туралы хабарландыру