Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Электромагниттік индукция (сипаттама)

Конспект

Электромагниттік индукция құбылысы

 

Фарадей тәжірибесі

1831ж М.Фарадей (ағыл.). Магнит пен тұйықталған катушканың бір-біріне қатысты қозғалуының салдарынан катушкада ток пайда болады, ол ток индукциялық ток деп аталады

Электромагниттік индукция

 

Тұйықталған өткізгіш контурда оны тесіп өтетін (Ф) магнит ағыны өзгергенде (магнит индукциясының сызықтарының саны өзгергенде) индукциялық токтың пайда болу құбылысы.

 

Ленц ережесі

Тұйық контурда пайда болған индукциялық ток өзінің магнит өрісімен өзін тудырған магнит ағынының өзгерісіне қарсы әсер етеді

Егер \(Ф\downarrow,\) онда \(B_0\uparrow\uparrow B\) (б-сурет)

Егер \( Ф\uparrow,\) онда \(B_0\uparrow\downarrow B\) (а-сурет)

 

Ленц ережесінің көмегімен, бұранда ережесін пайдаланып, индукциялық токтың бағыты анықталады.



Қате туралы хабарландыру