Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Электромагниттік еріксіз тербелістер

Конспект

Механикалық тербелістерде маятникке сырттан периодты күш әсер етсе, ал тербелмелі контурда периодты кернеу әсер етеді. Мұндай тербелістер сыртқы мәжбүр етуші әсердің (кернеудің) жиілігіндей жиілікпен және сондай заңдылықпен жүреді. Бұл тербелістер еріксіз тербелістер деп аталады. Мысалы, айнымалы электр тогы еріксіз тербеліске жатады, себебі ол тізбекте айнымалы ток генераторынан алынған айнымалы кернеудің әсерінен пайда болады. Біз күнделікті тұрмыста жиілігі 50 Гц айнымалы токты пайдаланып жүрміз. Еріксіз тербелістер өшпейтін тербеліске жатады. Тербелмелі контурда еркін тербелістер өшпейтін болу үшін, жүйені энергия қорымен периодты түрде қамтамасыз ету қажет.

 

Өшпейтін тербелістің екінші түрі - автотербелістер. Жүйеде сыртқы периодты күштердің әсерінсіз тербелістердің пайда болуын автотербелістер деп атайды. Автотербелістердің жиілігі мен амплитудасы жүйенің құрылысына байланысты. Кезкелген автотербелмелі жүйе мынандай бөліктерден тұрады: энергия көзі, тербелмелі бөлік, клапан және кері байланыс қондырғысы. Клапан (кілт) тербелмелі бөлікке оның тербелісіне сәйкес керек уақытта энергия көзінен келетін энергияны жіберіп, не тоқтатып тұрады. Бұл процесті тербелмелі жүйенің өзі автоматты түрде реттеп тұрады. Төменде электрлік автотербелістердің мысалы ретінде транзистор көрсетілген.

 

Өшпейтін электромагниттік тербелістер генераторы, өткізгіштігі әр түрлі жартылай өткізгішті транзистордан құрастырылады. Транзистор – Э-эмиттерден, Б-базадан және К-коллектордан тұратын триод.

 

Жартылай өткізгіштік транзистор \((p-n-p)\)

схемада кілттің ролін орындайды

\(Ф\)база \(>0\rightarrow\) кілт ашық

\(Ф\) база \(<0\rightarrow\) кілт жабық

 

  • Транзистордың көмегімен периодты түрде шығындалған энергия толықтырылып отырады.
  • Индуктивтілігі \(L_e\) катушканың көмегімен (кері байланыс), контурдың тербелістеріне сәйкестендіріп база потенциалын реттейді.

 



Сұрақтар
  1. Ауданы \(100\) см\(^2\) контур индукциясы \(2\) Тл біртекті магнит өрісінде орналасқан. Контур жазықтығы индукция векторына перпендикуляр болса, контурдан өтетін магнит ағыны

  2. Егер тербеліс периоды \(1,256\cdot10^{-3}\) с болса, сыйымдылығы \(4\) мкФ контур катушкасының индуктивтілігі

  3. Актив кедергісі бар тізбек бөлігі арқылы өтетін зарядтың өзгеру заңдылығы: \(q=10^{-2}\sin28,2t\). Ток күшінің амплитудалық мәні

Қате туралы хабарландыру