Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Экономикада қалыптасқан жағдай

Конспект

“Қазақ КСР-індегі меншік туралы заң” бұған дейінгі социалистік қоғамдық даму бағытынан бас тартып, экономикада түбегейлі бетбұрыс жасап, нарықтық қатынастарды енгізудің бастамасы болды. Қазақстан экономикасы да нарықтық қатынастарға бағыт алды, кооперативтер, жекеменшік фирмалар, шағын кәсіпорындар көптеп құрыла бастады.

Республика экономикасына халық шаруашылығының қалыптасқан салалық құрылымы кері əсер етті. Республиканың Ресейге экономикалық тәуелділігі арта берді. 1988 жылы республикадан сыртқа 6,7 млрд. сомның өнімі шығарылды, сырттан 13,8 млрд. сомның өнімі əкелінді. Кейбір кәсіпорындар ұзақ мерзімге тоқтауға мәжбүр болды. 1991 жылы республика кəсіпорындарының 11%-ын құрайтын 533 зауыт пен фабрика жылды шығынмен аяқтады.

1980 жылдардың соңында Орталық тарапынан бақылаудың әлсіреуінен республикалардың тікелей шетелдермен экономикалық, сауда байланыстарын жасау мүмкіндігі арта түсті. Қазақстан сыртқы рынокқа неғұрлым белсенді шыға бастады. Экспорттың 97%-ы шикізаттар, материалдар, жартылай дайын өнімдерден тұрды. “Қазақ КСР-індегі еркін экономикалық аймақ туралы” жəне “Қазақ КСР-індегі шетел инвестициялары туралы” заңдар қабылданды. Республикалық сыртқы экономикалық байланыс министрлігі, Сыртқы экономикалық банк құрылды. Экономикалық ассоциациялардың, корпорациялардың құрылуы сауданың дамуына әсер етті. 1990 жылы сыртқы сауданың көлемі 1,5 есе өсті. Бірлескен кәсіпорындар мен банктер құрыла бастады.

1990 жылғы қарашада “әл-Баракабанк-Қазақстан» банкісі Сауд Арабиясымен бірлесе құрылды. Корея республикасының “Самсунг” корпорацияcымен байланыс орнады. Қазақстанның Қытаймен сауда байланысы артты. Алматы – Үрімші əуе, Жəркент – Инин тасжол қатынасы ашылды. 1991 жылдың бірінші жартысында республикада 24 елдің қатысуымен 35 біріккен кəсіпорын ресми тіркелді.

Шетел кариталын көптеп тарту үшін шетелдік инвесторлар 5 жылға дейін пайда салығынан босатылды. Біріккен кəсіпорындар көпшілік қолды тауарлар шығаруға тиіс болды.



Сұрақтар
  1. 1991 жылдың І жартысында Қазақстанда қанша елдiң қатысуымен 35 бiрiккен кәсiпорын ресми тiркелдi:

  2. 1991 жылы шығынмен шыққан 533 зауыт пен фабрика республика кәсiпорындарының қанша пайызын құрайтын еді:

  3. 1991 жылы шығынмен шыққан кəсіпорындар саны:

  4. Бірлескен кәсіпорындар мен банктер құрыла бастаған мерзім:

  5. Нарықтық қатынастарды енгізудің бастамасы болды:

  6. Шетелдер капиталын тарту мақсатында Республикада қабылданған жаңа заңдар бойынша сырттан тартылған инвесторларды қанша жыл салықтан босатты:

  7. Қазақстан Корея республикасының қай корпорациясымен байланыс орнатты:

  8. Қай жылы елімізден сыртқа 6,7 млрд сомның өнiмi шығарылғанда, 13,8 млрд сомның өнiмi сырттан әкелiнген едi:

  9. Қай жылы Сауд Арабиямен бiрiгіп “әл-Баракабанк-Қазақстан” банкi құрылды:

  10. 1991 жылы республикадағы біріккен кəсіпорын саны:

Қате туралы хабарландыру