Дененің тік төмен және тік жоғары қозғалысы

Физика

Тақырыптың тесті
Конспект

Денелердің еркін түсуі

Бастапқы жылдамдықсыз ортаның кедергісі болмағанда дененің Жерге тартылу салдарынан құлауы еркін түсу деп аталады. Жер бетінің маңында тек ауырлық күші ғана әсер етсе барлық дене тік төмен бағытталған бірдей үдеумен қозғалады, бұл еркін түсу үдеуі деп аталады және g=9,8 м/с2.

дененің құлау биіктігі - дененің түсу уақыты

- дененің құлау биіктігі, - дененің n-ші секундтағы құлау биіктігі немесе - еркін түскен дененің жылдамдығы

Тік жоғары лақтырылған дененің қозғалысы

дененің көтерілу биіктігі, мұндағы һ0 – бастапқы биіктік, υ0 – бастапқы жылдамдық, - дененің көтерілу биіктігі

- дененің жылдамдығы. Көтерілудің соңында

дененің көтерілу уақыты дененің қозғалыс уақыты

Тік төмен лақтырылған дененің қозғалысы

дененің түсу биіктігі, мұндағы һ0 – бастапқы биіктік, υ0 – бастапқы жылдамдық;

дененің жылдамдығы дененің түсу уақыты (υ0=0 болғанда).

Ескерту

1) Дененің көтерілу уақыты сол биіктіктен дененің түсу уақытына тең: tk=tT.

2) Дене қандай жылдамдықпен лақтырылса, жер бетіне сол жылдамдықпен құлайды.

3) Максимал биіктікте дененің лездік жылдамдығы 0-ге тең, яғни

Конспект сұрақтар
  1. Тыныштық күйінен құлай бастаған дененің 4,9 м жолды жүріп өтетін уақыты
  2. Доп жерден жоғары 5 м/с жылдамдықпен лақтырылған. Оның жерден көтерілу биіктігінің уақытқа байланысты теңдеуі
  3. 180 м биіктіктегі тікұшақтан жүк тасталды. Егер тікұшақ 3 м/с жылдамдықпен төмен түсіп келе жатса, жүктің жерге түсу уақыты (g=10м/с2)
  4. Бастапқы жылдамдықсыз 20 м биіктіктен суға секірген адам 10 м тереңдікке сүңгіп кетті. Оның тоқтағанға дейінгі суда қозғалған уақыты (g=10м/с2)
  5. Адам биіктігі 320 м құздан тасты түсіріп алды. 3 с-тан кейін екінші тасты тастады.Екі тас жерге бірдей уақытта жеткен болса, екінші тастың бастапқы  жылдамдығы  (g=10м/с2)
  6.   Дене 80 м биіктіктен бастапқы жылдамдықсыз құлайды. Құлаудың соңғы секундтындағы оның орын ауыстыруы (g=10м/с2)
  7. Дене бастапқы жылдамдықсыз 45 м биіктіктен құлайды. Жолдың екінші жартысындағы орташа жылдамдығы(g=10м/с2)
  8. Допты 18 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырады. Оның 3 с-тағы орын ауыстыруы
  9. Дене бастапқы жылдамдықсыз 100 м биіктіктен құлайды. Дене өзінің құлауы кезінде бірінші және соңғы секундтарда жүрген жолы(g=10м/с2)
Тақырыптың тесті