Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Дауыссыз дыбыстар: қатаң, ұяң, үнді дауыссыздар, емлесі

Конспект

Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан пайда болған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар деп аталады. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай үшке бөлінеді: Олар: 1) қатаң дауыссыздар; 2) ұяң дауыссыздар; 3) үнді дауыссыздар.

1. Қатаң дауыссыз дыбыстар таза салдырдан жасалады. Қатаң дауыссыз дыбыстар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ.

2. Ұяң дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалады. Ұяң дауыссыз дыбыстарда үннен салдыр басымырақ болады.

3. Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, салдырдан үн басым болатын дауыссыз дыбыстар үнді дауыссыз дыбыстар деп аталады. Олар: р, л, й, у, м, н, ң.

Қатаң дауыссыз дыбыстар мен ұяң дауыссыз дыбыстар жұп құрайды. Олар: п-б, ф-в, к-г, қ-ғ, т-д, с-з, ш-ж. Бұл дыбыстар жұп құрауға қабілетті дауыссыз дыбыстар деп аталады.

Х, ц, щ, ч, һ дауыссыз дыбыстары жұп құрауға қабілетсіз дауыссыз дыбыстар болып саналады.

Ң әрпі ешқашан сөздің басында жазылмайды. Б, г, д әріптері қазақтың төл сөздерінің соңында жазылмайды. В, ц, ч дыбыстары орыс тілінен енген сөздерде жазылады. Мысалы, вагон, циркуль, Чапаев, т.б.

Қазақтың төл сөздерінде л, р дыбыстарының алдынан ы, і дыбыстары айтылады, бірақ жазылмайды.

 

АЙТЫЛУЫ

ЖАЗЫЛУЫ

Ыриза

Ырақат

Ырас

Ірең

Ірет

Іреніш

Ылайық

Ылақ

Ылажсыз

Ылаңкес

Ілебіз

Ілезде

Риза

Рақат

Рас

Рең

Рет

Реніш

Лайық

Лақ

Лажсыз

Лаңкес

Лебіз

Лезде

 

Б, в, г, д ұяң дауыссыз дыбыстарына біткен басқа тілден енген сөздерге қосымша қатаң дауыссыздан басталып жалғанады. Мысалы, арабтар, архивтен, педагогпен, Ленинградтық, т.б.;

кт, мб, нг, ск, мп дауыссыздарына біткен басқа тілден енген сөздерге қосымша ы, і дәнекер дыбыстары арқылы жалғанады. Мысалы, фактімен, ромбының, митингіге, киоскіден, штампылау, т.б.;

лл, мм, сс, тт, зд, ст, дауыссыз дыбыстар тізбегіне біткен басқа тілден енген сөздерге қосымша жалғанғанда соңғы қосымша түсіп қалады. Мысалы, металл – металды, грамм – грамдап, класс – класы, киловатт – киловатпен, подъезд – подъезде, машинист – машиниске, тракторист – тракториске, т.б.;

щ әрпі қазақтың байырғы санаулы сөздерінде ғана жазылады. Мысалы, ащы, тұщы, кеще;

х дыбысына біткен басқа тілден енген сөздерге қосымша жуан түрде жалғанады. Мысалы, тарихты, цехта, т.б.

У дыбысы дауыссыз болады:

1) сөз соңында дауысты дыбыстан кейін келсе, тау, дау, бау, ақтау, қолдау, дайындау, тербеу, т.б.

2) сөз басында дауысты дыбыстың алдында келсе, уақыт, уәде, уағыз, уық, уәж, уәкіл, т.б.

3) екі дауысты дыбыстың ортасында келсе, дәуір, жауын, сәуір, бауыр, тауық, тәуір, т.б.

Ь біткен сөздерге қосымша дауыссыз дыбыстан басталып жалғанса, түбірдегі ь сақталады. Мысалы, табельге, рояльмен, ал дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанса, ь сақталмайды. Мысалы, табелі, роялім, т.б.



Сұрақтар
  1. Салдыр мен үннің қатысына қарай бөлінетін дауыссыздарды анықтаңыз.

  2. Бірыңғай ұяң дауыссыз қатысқан сөзді көрсетіңіз.

  3. Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды белгілеңіз.

  4. Жұп дауыссыз дыбыстар қатысқан сөздер қатарын анықтаңыз.

  5. Қатаңнан басталып қатаң дауыссызға аяқталған сөзді табыңыз.

  6. Қатаңнан басталып, үндіге аяқталған сөзді көрсетіңіз.

  7. Бірыңғай дауыссыз дыбыстар тобын белгілеңіз.

  8. Үнді дауыссыздан басталып, үнді дауыссызға аяқталған сөзді табыңыз.

  9. Бірыңғай үнді дауыссызы бар сөзді көрсетіңіз.

  10. Бірыңғай үнді дауыссыз қатысқан сөздер қатарын табыңыз.

  11. Қатаң дауыссыздан басталып, қатаң дауыссызға аяқталған сөзді көрсетіңіз.

  12. Қатаң дауыссыздан басталған тұрақты тіркесті табыңыз.

  13. Сөз соңы қатаң дауыссыз дыбысқа аяқталатын сөздер қатарын табыңыз.

  14. Тек дауыссыз дыбыстардан тұратын қатарды табыңыз.

  15. Тіл дыбыстары нешеге бөлінетінін белгілеңіз.

  16. Дауыссыз дыбыстар қалай жасалатынын табыңыз.

  17. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінетінін көрсетіңіз.

  18. Қатаң дауыссыз дыбыстар қалай жасалатынын табыңыз.

  19. Қатаң дауыссыз дыбыстар қатарын табыңыз.

  20. Қатаң дауыссыз дыбыстар қатыспаған қатарды көрсетіңіз.

  21. Бірыңғай қатаң дауыссыз дыбыс қатысқан сөзді көрсетіңіз.

  22. Бірыңғай қатаң дауыссыз дыбыс қатысқан сөз тіркесін табыңыз.

  23. Ұяң дауыссыздар қалай жасалатынын белгілеңіз.

  24. Ұяң дауыссыздар қатарын көрсетіңіз.

  25. Бірыңғай ұяң дауыссыз дыбысты сөздер қатарын көрсетіңіз.

  26. Үннен салдыр басым болатын дыбысты көрсетіңіз.

  27. Ұяң дауыссыз дыбысты сөздер қатарын көрсетіңіз.

  28. Ұяң дауыссыз дыбыс қатыспаған сөз қатарын табыңыз.

  29. Ұяң дауыссыз дыбыс қатар келген біріккен сөзді көрсетіңіз.

  30. Үнді дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз.

  31. Үнді дауыссыз дыбыстан басталып, үнді дауыссыз дыбысқа аяқталып тұрған сөзді көрсетіңіз.

  32. Бірыңғай үнді дауыссыз дыбыс қатысқан сөзді табыңыз.

  33. Үнді дауыссыз дыбысты сөзден басталып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

  34. Дұрыс жазылған сөз тіркесін көрсетіңіз.

  35. Қазақ сөздерінің соңында жазылмайтын дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.

  36. Басқа тілден енген сөздерде ғана жазылатын дауыссыз дыбыстарды табыңыз.

  37. У дыбысы дауыссыз болып тұрған сөзді көрсетіңіз.

  38. Салдырдан үн басым болатын дауыссыз дыбыс түрін көрсетіңіз.

  39. Жұп құрауға қабілетсіз дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.

Қате туралы хабарландыру