Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Даниэл Дефо, Джек Лондон, А.С. Пушкин, О. Генри шығармалары

Конспект

 

Ағылшын жазушысы Даниэл Дефо 1660-1731 жылдары өмір сүрген. Даниэл Дефоның есімін әлемге әйгілеген «Робинзон Крузо» романы. Кемесі апатқа ұшырап, бұрын-соңды адам баласы аяқ баспаған белгісіз аралда 28 жыл жалғыз өзі өмір кешкен Робинзон Крузоның басынан кешкен жанкешті тірлігі романда қызықты да тартымды тілмен күнделік түрінде жазылған. Ағылшын жазушысы Даниэл Дефоның «Робинзон Крузо» романы – «Мәңгілік кітаптар» қорына енген, дүниежүзіне мәлім, әлем әдебиетінің ең озық үлгілерінің біріне айналған туынды.

 

Жазушы шығарманың кейіпкері Робинзон Крузо арқылы адам рухының мықтылығын, еңбектің бәрін жеңетінін, мінездің ұстамдылығы мен сабырлылық адамға қажет бірінші қасиет екенін көрсеткен.

 

Александр Пушкин 1799 жылы Мәскеу қаласында зиялы қауыммен тығыз байланыста өмір сүрген отбасында дүниеге келген. А. Пушкиннің әдебиетке құштарлығының оянуына үйіндегі бай кітапханасы әсер еткен. Пушкиннің бала кезінен тіл мен өнерді бағалайтын ортада өсуі француз тілін үйренуге, театрмен жақсы таныс болуға ықпал еткен.

 

А.С. Пушкиннің шығармалары дүниежүзіне танымал болған. Жазушының «Балықшы мен балық» ертегісі – адам бойындағы қанағатсыздық, тойымсыздық, дүниеқоңыздық сияқты жағымсыз қылықтардан аулақ болуға үгіттейтін шығарма. Шығармадан адам бойындағы жағымсыздыққа табиғат та қарсы болатынын көруге болады. Ертегіні қазақ халқының алғашқы аудармашыларының бірі Ахмет Байтұрсынов аударған.

 

Ақынның «Евгений Онегин», «Руслан мен Людмила», «Вадим», «Русалка», «Борис Годунов», «Полтава» шығармаларында орыстың ескі өмірі сураттелсе, «Кавказ тұтқыны», «Бақшасарай фонтаны», «Цыгандар», «Капитан қызы» шығармаларына Ресейдегі басқа ұлттар тағдыры арқау болған. «Ескерткіш» өлеңінде ақынның өзіне-өзі өшпес өлеңмен, өлмес жырмен ескерткіш орнатқаны туралы айтылған.

 

Әлем оқырмандарына кеңінен таныс американ жазушысы Джек Лондон 1876-1916 жылдары өмір сүрген. Жазушының «Ақ азу» әңгімесінде жануарлар әлемі суреттелсе, «Өмірге құштарлық», «Солтүстік жорығы», «Әйел ерлігі», «Киш туралы аңыз», «Мартин Иден», «Мексика ұлы» т.б. шығармаларында қоғамдағы әлеуметтік теңсіздіктер, өмірге деген құштарлық, ерлік, адамгершілік мәселелері сөз болған.

 

Жазушының «Мексика ұлы» әңгімесі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті он сегіз жасар мексикалық Ривера мен жиырма төрт жасар ақ нәсілді ақша үшін рингке шығатын боксер Дэнни Уорд арасындағы жекпе-жек арқылы көрсеткен. Әңгімеде бойындағы намысшылдық, жігерлілік, сабырлылық, төзімділік, өз ұлтына деген сүйіспеншілік күш-қуат берген Ривера өзінен әлдеқайда айлакер, тәжірибелі Дэнниден басым түседі. Шығарма идеясы әділеттілік әр уақытта әділетсіздікті жеңеді деген ойға саяды.

 

ХХ басында өмір сүрген американдық жазушы, новеллашы О. Генри Американың Солтүстік Каролина штатында Гринсборо қаласында дәрігер отбасында дүниеге келген. Шын есімі – Уильям Синди Портер әдеби қауымға О. Генри деген лақап атпен танылған. Жазушы өзінің новелларында өткен ғасыр басындағы американдық өмір шындығын, өз заманының қайшылықтарын, тұрмыстық трагедияларды көрсеткен.

 

Жазушы «Соңғы жапырақ» новелласында мамыр айында кездесіп, жан аяспас дос болып кеткен, тағдырлары, көзқарастары ұқсас екі жас суретші қыз Джонси мен Сьюдің достығын, бір-біріне деген адал сезімдерін суреттеген. Ауыр науқасқа шалдыққан Джонсидің өмірін қатты жел соқса ұшып түскелі қалтылдап тұрған күзгі жапыраққа теңеп, әрбір ұшып түскен жапырақ арқылы Джонси өз күндерін санап жатқандай әсер берген. Жас қыздың үзілгелі тұрған жапырақтай жанын алып қалып, өзі мерт болған қарт суретші Берман өнері да ерекше суреттелген.



Сұрақтар
  1. Робинзон Крузо белгісіз аралда қанша жыл өмір сүргенін көрсетіңіз.
  2. «Робинзон Крузо» романының авторын көрсетіңіз.

  3. «Робинзон Крузоны» аударған аудармашыны белгілеңіз.

  4. А.С. Пушкиннің шығармасын табыңыз.

  5. «Балықшы мен балық» шығармасын аударған аудармашыны көрсетіңіз.

  6. «Балықшы мен балық» шығармасының кейіпкерлері шал мен кемпір теңіз жағасында қанша жыл мекен еткенін табыңыз.

  7. «Балықшы мен балық» шығармасында шалдың ауына қандай балық түскенін табыңыз.

  8. «Балықшы мен балық» ертегісінде кемпір ең соңында кім болғысы келгенін көрсетіңіз.

  9. «Балықшы мен балық» ертегісіндегі кемпірдің қандай адам екенін белгілеңіз.

  10. Джек Лондон қай елдің жазушысы екенін көрсетіңіз.

  11. Джек Лондонның М. Әуезовтің «Көксерек» повесімен ұқсас шығармасын табыңыз.

  12. Джек Лондонның шығармасын көрсетіңіз.

  13. О. Генри шығармасын белгілеңіз.

  14. Джек Лондонның шығармасын табыңыз.
  15. «Мексика ұлы» шығармасының кейіпкерін көрсетіңіз.
  16. «Мексика ұлы» шығармасындағы Ривера жекпе-жекке шығатын боксердің есімін табыңыз.
  17. Джек Лондонның «Мексика ұлы» шығармасы Б. Соқпақбаевтың қай шығармасымен ұқсас екенін көрсетіңіз.

  18. «Мексика ұлы» шығармасындағы Ривераның бойындағы қасиетті көрсетіңіз.
  19. «Мексика ұлы» шығармасының кейіпкері Ривера неше жаста екенін көрсетіңіз.
  20. «Мексика ұлы» шығармасындағы Ривераның қарсыласы Дэнни неше жаста екенін табыңыз.
  21. «Соңғы жапырақ» шығармасының кейіпкерлерінің мамандығын көрсетіңіз.
  22. «Соңғы жапырақ» шығармасының кейіпкерлері қай айда танысқанын табыңыз.
  23. «Соңғы жапырақ» шығармасында науқасқа шалдыққан қыздың есімін көрсетіңіз.

  24. «Соңғы жапырақ» шығармасындағы қарт суретшінің есімін табыңыз.

  25. Науқас Джонси терезеден нені санап жатқанын табыңыз.
  26. Джек Лондонның «Мексика ұлы» шығармасының басты кейіпкері (-лері)

  27. Орыс халқының ұлы ақыны А.С. Пушкин шығармасы (-лары)

  28.  

    Джек Лондонның «Мексика ұлы» шығармасында қандай мәселе көтерілген?

  29. Джек Лондонның «Мексика ұлы» шығармасында қандай мәселе көтерілген?

Қате туралы хабарландыру