Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Буын түрлері: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын. Тасымал

Конспект

Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстар тобынан жасалған фонетикалық бөлшек буын деп аталады.

Дауысты дыбыстар буын құрауға негіз болады. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалы, қарлығаштардың деген сөзде бес дауысты дыбыс бар, яғни сөз бес буыннан құралған.

Қазақ тілінде буынның үш түрі бар: 1) ашық буын; 2) тұйық буын; 3) бітеу буын.

Бір дауысты дыбыстан құралған және дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталған буын ашық буын деп аталады. Мысалы, а-на, ба-ла, да-ла, бе-ре-ке, ә-ке, ша-ға-ла, же-ті, та-ға, т.б.

Бір ғана дауысты дыбыстан құралған буын жалаң ашық буын деп аталады. Мысалы, ә-же, ұ-лы, ү-кі, а-та, т.б.

Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады. Мысалы, айт, өр, ант, ән, ұлт, аң, ұрт, үй, арс, ел, өрт, т.б.

Дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталған, яғни ортасы дауысты дыбыс екі шеті дауыссыз дыбыс болып келген буын бітеу буын деп аталады. Мысалы, бұлт, жер, қант, той, құрт, тау, жұрт, жез, төрт, дос, серт, гүл, мұрт, қол, бырт-бырт, сарт-сұрт, жарқ-жұрқ, сөз, көз, май, дөң, дүлдүл, мазмұн, жолдастық, т.б.



Сұрақтар
  1. Тіркестердің ішінен ашық буынды қатарды табыңыз.

  2. Бес дыбысты, бір буынды сөзді табыңыз.

  3. Буын түрлерінің санын белгілеңіз.

  4. Буынға бөлінбейтін сөзді анықтаңыз.

  5. Буынға бөлінетін сөздер қатарын анықтаңыз.

  6. Бірыңғай жіңішке буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.

  7. Буын құрай алатын дыбыстарды белгілеңіз.

  8. Буынға қате бөлінген сөзді көрсетіңіз.

  9. Ашық буынды қатарды табыңыз.

  10. Дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі не екенін анықтаңыз.

  11. Буынға бөлінбейтін сөзді табыңыз.

  12. Төрт буынды сөзді табыңыз.

  13. Жалаң ашық буынды сөзді табыңыз.

  14. Бірыңғай ашық буыннан тұратын сөйлемді табыңыз.

  15. Тұйық буыны жоқ қатарды анықтаңыз.

  16. Бірыңғай жуан дауыстыдан тұратын бітеу буынды сөзді көрсетіңіз.

  17. Бірыңғай жуан дауыстыдан тұратын бітеу буынды сөзді табыңыз.

  18. Буын қандай дыбыстар арқылы жасалатынын көрсетіңіз.

  19. Дыбыстар тобынан жасалған фонетикалық бөлшек қалай аталатынын табыңыз.

  20. Қазақ тілінде қанша буын түрі барын белгілеңіз.

  21. Ашық буынның анықтамасын көрсетіңіз.

  22. Тек ашық буыннан құралған сөзді көрсетіңіз.

  23. Бір буынды сөз қатарын табыңыз.

  24. Жуан дауысты дыбыстан құралған жеті буынды сөзді көрсетіңіз.

  25. Жалаң ашық буыны бар сөз қатарын табыңыз.

  26. Ашық буын қатыспаған қатарды көрсетіңіз.

  27. Тұйық буынның қалай жасалатынын көрсетіңіз.

  28. Бірыңғай тұйық буын қатысқан қатарды көрсетіңіз.

  29. Тұйық буын қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  30. Бірыңғай жуан тұйық буынды сөз қатарын көрсетіңіз.

  31. Тұйық буыннан басталып, ашық буынға аяқталған сөз қатарын белгілеңіз.

  32. Тұйық буынды сөзден басталған сөйлемді көрсетіңіз.

  33. Тұйық буын қатыспаған қатарды табыңыз.

  34. Бітеу буын қалай жасалатынын көрсетіңіз.

  35. Бірыңғай бітеу буын қатысқан сөз қатарын табыңыз.

  36. Бірыңғай бітеу буынды сөз тіркесін белгілеңіз.

  37. Тек бітеу буыннан құралған ақын аттарын табыңыз.

  38. Тек бітеу буыннан құралған, күшейтпелі буын арқылы жасалған күрделі сөзді табыңыз.

  39. Бітеу буын қатыспаған қатарды табыңыз.

  40. Сөз құрамындағы буын саны қандай дыбысқа байланысты болатынын табыңыз.

  41. Жалғыз дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталатын буынның қай буын екенін табыңыз.

  42. Дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталатын буын буынның қай түріне жататынын табыңыз.

  43. Дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталатын буын буынның қай түрі екенін белгілеңіз.

  44. Буынға дұрыс бөлінген сөзді анықтаңыз.

  45. Тек бітеу буынды сөзді табыңыз.

  46. Тұйық буынды сөзді табыңыз.

  47. Ашық буынды сөзді табыңыз.

  48. Ашық буынды cөзді көрсетіңіз.

  49. Тұйық буынды сөзді көрсетіңіз.

  50. Тасымалданбайтын буын (-дар)

  51. Ашық буынды қатар (-лар)

  52. Тұйық буынды сөз (-дер)

Қате туралы хабарландыру