Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Бөлшек сандардың ондық жазылуы. Ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу

Конспект

Бөлімдері 10, 100, 1000, ... жай бөлшектер бөлімсіз жазылады. Оны ондық бөлшек деп атайды. Мұндай бөлшектердің алдымен бүтін бөлігі, содан соң бөлшек бөлігінің алымы үтір арқылы ажыратылып жазылады.

Мысалы, \(4{7\over10}=4,7; \) \(5{11\over100}=5,11;\) \({319\over1000}=0,319;\) т.с.с.

Ондық бөлшек бүтін бөліктен (үтірдің сол жағындағы цифрлар) және бөлшек бөліктен (үтірдің оң жағындағы цифрлар) құралады.

Бөлімдері 10, 100, 1000, ... болатын жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазу үшін:

  1. Санның бүтін бөлігін жазып, одан кейін үтір қою керек;
  2. Үтірдің оң жағына берілген бөлшегінің алымын жазу керек;
  3. Бөлшектің бөлімінде қанша нөл болса, үтірден кейін сонша ондық таңба жазылады.
  4. Егер алымындағы таңбалар бөліміндегі нөлдер санынан аз болса, үтірден кейінгі цифрлар алдына қажетті нөлдер жазылады.

Мысылы, \(23{29\over100}=23,29;\ 2{57\over10000}=2,0057\).

Кез келген ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазуға болады.

Мысылы, \(0,0012={12\over10000}={3\over2500}; \ 12,3=12{3\over100}\).

Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеуге болады. Мысалы: 1,2 санын кескіндеу үшін координаталық сәуледен 1 бүтін кесінді, одан соң 1 мен 2-нің арасын тең 10 бөлікке бөліп, содан екеуін таңдап алу керек.



Сұрақтар
  1. Ондық бөлшек түрінде жазыңыз.

     \(6{{7}\over{10000}}\) 

  2. Сағат есебімен жазыңыз.

     4 сағ 45 мин

  3. А(3, 25), В(7, 4) координаталары бойынша АВ кесіндісінің ұзындығын табыңыз.

  4. Саяхатшы түске дейін межелеген қашықтықтың жартысын жүрді. Ол түстен кейін қалған қашықтықтың 2/3-сін жүргенде, межелеген жерге дейін 4 км қалды. Саяхатшы қанша километр жүруі тиіс еді?

  5. Өрнектің мәнін табыңыз.

     \(1{{2}\over{9}}+2,75+{{1}\over{36}}\) 

Қате туралы хабарландыру