Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Белгісіздік және болымсыздық есімдіктер. Туынды есімдіктер. Түрлері және ерекшеліктері

Конспект

Белгісіздік есімдіктер деп мағыналары жағынан заттар мен құбылыстарды нақтылы түрде білдірмей, белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз.

Белгісіздік есімдіктеріне some/any, one және оларға -thing, -body, -one, -where екінші компонентер жалғану арқылы жасалған есімдіктер және much, many, (a) little, (a) few есімдіктері жатады.

 

Some белгісіздік есімдігі сөйлемде санауға келмейтін жекеше түрдегі зат есімге және санауға келетін көпше түрдегі зат есімге анықтауыш ретінде қолданады. Some қазақ тіліне кейбір, бірнеше, азғана, аздаған деп аударылады, кейде аударылмайды.

I have some toys at home.

Give me some water, please.

Олардың түрлері (туындылары): somebody (біреу, әлдебіреу), someone (әлдекім), something (бір нәрсе), somewhere (бір жерде).

 

Any белгісіздік есімдік сұраулы және болымсыз сөйлемдерде қолданылады. Any қазақ тіліне кез келген, кім болса да, қайда болса да деп аударылады немесе мағынасына қарай аударылмауы да мүмкін.

Олардың түрлері (туындылары): anybody (кім болса да), anywhere (қайда болса да), anything (бір нәрсе).

Some және any белгісіздік есімдектерінде жақ, септік және тек категориясы жоқ.

 

Someone, somebody, anyone, anybody білгісіздік есімдіктері адамға қатысты қолданылады. Ал something, anything белгісіздік есімдіктері заттарға (жансыз заттарға) қатысты қолданылады.

 

Much, many және (a) little, (a) few белгісіздік есімдіктері зат есімді анықтайды. Much, (a) little сөйлемде саналмайтын зат есімдермен қолданылса, many, (a) few сөйлемде саналатын көпше түрдегі зат есімдермен қолданылады. Сұраулы сөйлемде (a) little, (a) few қолданылмайды. Олардың орнына мuch және many қолданылады.

 

Ағылшын тілінде болымсыз етістікке no, no one, none, nobody, nothing, neither, nowhere жатады. Болымсыздық есімдіктер сөйлемде бастауыш, анықтауыш және толықтауыш қызметін атқарады.

 



Сұрақтар
  1. Қажетті белгісіздік есімдігін қойыңыз. Have  you got … interesting  books?

  2. Тиісті  белгісіздік есімдігін таңдаңыз. There are … pictures in the book.

  3. Қажет есімдікті қойыңыз. I want to tell you … 

  4. Сұраққа дұрыс жауап беріңіз. What happened?

  5. Cәйкес келетін белгісіздік есімдігін қойыңыз. … changes his destiny.

  6. Сөйлемді дұрыс аударыңыз. Мен ештеңе айтпадым.

  7. Сәйкес келетін есімдікті қойыңыз: There was ... on the pіg-farm, they were all at the meetіng. 

  8. Мына есімдіктердің қайсысы туынды болымсыздық есімдікке жататынын анықта.

  9. Сөйлемде болымсыз есімдігі қандай қызмет атқарып тұрғанын көрсетіңіз. There are no pictures in that room.

  10. Қандай белгісіздік есімдіктер заттарға (жансыз заттарға) қатысты қолданылатынын белгілеңіз.

Қате туралы хабарландыру