Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Белгісіздік артиклі / Indefinite Article. Ерекшеліктері және қолданылуы

Конспект

Артикльдер зат есімнің алдына қойылатын қызметші сөздер, олар затқа қосымша сипаттама береді.

Ағылшын тілінде артикльдің екі түрі бар.

Олар : 1. Белгісіздік артиклі: a / an/. Бұл артикльдер тек саналатын зат есімнің алдында қолданылады. Мысалы: а desk, a map, a computer, a man, a bag etc.

Белгісіздік артиклі сөйлемде бір деген мағынаны береді және зат есімнің жекеше түрімен қолданылады. Мысалы: She is a student (жекеше). – Ол студент. Зат есімнің көпше түрінде артикль қолданылмайды.

Мысалы: We are students. Біз студенттерміз.

Белгісіздік артиклі қолданылмайды:

А) саналмайтын және абстрактілі зат есімдерге :

I like coffee and tea. Friendship is very important in our life.

В) зат есімнің көпше түріне :

They are pupils. We are doctors. There are many desks and chairs in our classroom.

С) адам аттарының алдында

Д) зат есімнің алдында өздік есімдігі және сілтеу есімдігі келсе :

This car is better than that. The bike is old.

Е)зат есіммен қатар есептік сан есім келген кезде :

Read the text on page eight.

“A’ артиклі мынадай конструкцияларда қолданылады.

I have a …, This is a …, I am a …, What a fine day! What a good boy!

Белгісіздік артиклі өзінен кейін келген зат есім дауысты дыбыстан басталса, “An” болып қолданылады. Eg: an actor, an elephant, an orange, an ox etc.



Сұрақтар
  1. Мақалды толықтырыңыз.      … home is his castle.

  2. Тиісті сөзге „a„ артиклін қой.

  3. “an” артиклі қай сөзге қойылатынын көрсет.

  4. Артикльмен айтылатын тіркесті белгіле.  

  5. Артикльді дұрыс қолданыңыз.

  6. Тиісті артикльді қойыңыз. Zig is … enormous city as big as London.

  7. Сөйлемді белгісіздік артиклімен толықтырыңыз. Do you want to see … new film?

  8. Сөйлемді толықтыр. Buckingham Palace is like ...

  9. Сөйлемді артикльдермен толықтыр. I think … sandy beach is … good place for … holiday.

  10. Сөйлемді артикльмен толықтыр. Cambridge is …. ancient city.

  11. Сөйлемді толықтыр. “ Alice in Wonderland” is …

  12. Сөйлемді дұрыс аудар. Winter is very wonderful season.

  13. Артиклі бар сөйлем.

  14. Сөйлемді дұрыс аудар.         I bought a kilo of sugar.

  15. Қай сөз “ an” белгісіздік артиклімен келетінін көрсет. 

Қате туралы хабарландыру