Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Әлеуметтік даму

Конспект

1980 жылдардың ортасына қарай славян өкілдерін қалаларға, жергілікті халықты ауылда шоғырландыру қалыптасты. Жергілікті халықтың үлесі басым болып келетін екі облыс орталығы – Қызылорда мен Атырау ғана қалды. 1979 жылы Алматы қаласындағы жергілікті ұлт өкілдері 11% болды. Республика бойынша өнеркəсіпте істейтін қазақ жұмысшылары – 12%, оның ішіндегі маманданған жұмысшылар – 3%. Солтүстіктегі өнеркәсіпті қалалардағы жергілікті ұлт өкілдері үлесі 3%–15%-ға дейінгі деңгейде қалды. Жергілікті ұлт өкілдерінің үлесі артып, 1959 жылы 29%, 1971 жылы 32,6%, 1979 жылы 36% болды. Орыс ұлты өкілдерінің үлесі төмендеп, 1979 жылы 40,8% болды.

1971-1989 жылдары жұмысшылар мен қызметкерлер орташа айлық табысы 123,7 сомнан 233,7 сомға өсті (89%). Өнеркəсіп жұмысшыларының табысы 133,9 сомнан 259,3 сомға өсті (93,6%).

Ұжымшар мүшелерінің кепілді жалақысы – 210 сом. Кеңшар жұмысшыларының жалақысы – 247 сом. Орташа зейнетақы 51,1 сомнан 93,2 сомға көтерілді. Мемлекет ақшаның құнсыздануын халықтан жасырды. 1970-1986 жылдары нақты жалақы 20% төмендеген. Өнеркəсіптік таза өнімдегі жалақының үлесі төмендеп, 1985 жылы 36% болды. 1985 жылғы 1 сом 1960 жылдардың ортасындағы 54 тиынға тең болды.

Теңгермешілік барған сайын кең етек алып, бұқараның қоғамдық еңбекке деген құлшынысы азая бастады. Бұл жағдай “сұранысы жоғары тауарларға” деген бағаның ресми және жасырын түрде артуына, алыпсатарлық пен парақорлықтың өршуіне алып келді. Кейбір тауарларға тізім жасалды, карточка жүйесі енгізілді.

1980 жылдардың ортасында медициналық қызмет көрсету, білім беру, əлеуметтік салада артта қалушылық байқалды. Полигон маңында, Арал мен Балқаш өңірінде, алыс аудандарда тұратын адамдар өмірі өте ауыр болды.



Сұрақтар
  1. Ұжымшар мүшелері үшін зейнетақы белгілеу тәртібі енгізілді:

  2. 1971-1989 жылдар арасында өнеркәсiп жұмысшыларының табысы 133,9 сомнан өсті:

  3. Республика бойынша өнеркәсiпте iстейтiн қазақ жұмысшыларының үлесi:

  4. 1971-1989 жылдар аралығында жасына байланысты төленетiн айлық орташа зейнетақы 51,1 сомнан көтерілді:

  5. 1979 жылы жергiлiктi ұлт өкiлдерiнiң Республикадағы үлесі:

  6. 1971-1989 жылдар арасында жұмысшылары мен қызметкерлерiнiң орташа айлық табысы 123,7 сомнан өсті:

  7. 1970-1985 жылдар аралығында тұрғызылған пәтер саны:

  8. 1979 жылы Алматы қаласындағы жергілікті ұлт өкілдері үлесі:

  9. 1970 жылдардағы ұжымшар мүшелерінің кепілді жалақысы:

  10. Медициналық қызмет көрсету, білім беру, əлеуметтік сала деңгейі төмендеген кезең:

  11. 1980-шы жылдарда Қазақстанда жергілікті халықтың үлесі басым болып келетін облыс орталықтары қайсы?

Қате туралы хабарландыру