Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Африка елдері

Конспект

 

II дүниежүзілік соғыстан кейін Африка елдерінің ұлт-азаттық қозғалысы бүкіл Африканы қамтыды. Африка континенті халқының көпшілігі үшін отаршылдықтан азат болу ең маңызды міндеттерінің бірі болды. Көптеген африкалықтар демократия мен тәуелсіздікке құқымыз бар деп ойлады.

 

1945-1980 жж. ұлт-азаттық қозғалыс екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең 1945 жылдан бастап 50 жж. ортасына дейінгі уақытты қамтиды. Оның мынадай сипаты болған: отаршылдыққа қарсы күресте шерулер, ереуілдер, азаматтық бағынбау қимылдары сияқты бейбіт әдістер басым болды.

 

Ұлт-азаттық қозғалыстың екінші кезеңі 50 жж. екінші жартысынан бастап 80 жж. дейін созылды. Бұл Африкадағы отаршыл империялардың біржола ыдырауына жеткізген отаршылдыққа қарсы революциялар кезеңі болды.

 

50-жж. ортасы – 1960 жж. – Тропиктік Африкада отаршылдық жүйенің тамырына балта шабылды.

 

1960 жылы тарихқа «Африкаж» болып енді. Бұл жылы 17 британ, француз және бельгиялық отарлар өздерін тәуелсіз мемлекеттерміз деп жариялады.

 

Артта қалған, көшпелі шаруашылықпен шұғылданған Ливия елінің өмірі 50-жж. екінші жартысында күрт өзгеріске түсті. Оған мұнай көздерінің ашылуы себеп болды.

 

1960-1961 жж. Конго республикасында тәуелсіздік алу үдерісі әр түрлі саяси күштердің аса шиеленіскен күресімен қатар жүріп жатты. Алтынның, платинаның, алмастың, уранның, т.б. көп қорлары бар аймақ – Оңтүстікті отаршылдар қолдан бергісі келмеді. Анголада, Мозамбикте, Зимбабведе, Намибияда тәуелсіздік үшін қарулы күрес өрістеді.

 

КСРО Африка елдеріне социалистік бағдар жолын – социализм орнатуға жеткізетін құрылыстарды бірте-бірте жүзеге асыру жолын ұсынды.

 

Кеңес үлгісіндегі аграрлық реформалар социалистік қайта құру бағытын таңдаған Африка елдерінде ауыл шаруашылығы құлдырап, ашаршылық басталды. Ангола мен Мозамбикте, Ганада, Танзанияда, Эфиопияда, солай болды. Социалистік бағдар алған елдерде индустрияландырудың көлемі шектеулі болды.

 

Тәуелсіздік алғаннан кейін бұрынғы отарлардың алдында қазіргі мемлекетті басқара білуге үйрену міндеті тұрды. Африка жетекшілері саяси партиялар арасындағы бір-бірін бөліп тұрған шеп тайпалар арқылы өтетінін түсінді. Ұлтты топтастыру үшін олар бір партиялық жүйені таңдап алды.

 

Күштерді біріктіру Африка елдері үшін басты міндеттердің біріне айналды. Олар тек бірлескенде ғана ойдағыдай дами алатын еді. 1963 ж. ұзақ келіссөз жүргізгеннен кейін тәуелсіз Африка мемлекеттерінің мемлекет және өкімет басшыларының конференциясында Африка Бірлігінің Ұйымы (АБҰ) құрылды. АБҰ өзінің қызметінде Африка мемлекеттерін отарлық тәуелсіздіктен толық азат ету жолындағы күреске жұмылдырды.

 

1953 жылы 18 маусымда Египет Республика болып жарияланды. А.Насер елдің президенті болып сайланды. 1956 жылы ол Суэц каналын ұлт меншігіне алу туралы шешім қабылдады. Бұл бірқатар мемлекеттердің қарсыласу әрекеттерін туғызып, олар 1956 жылы күзінде Египеттің Израильмен, Ұлыбританиямен және Франциямен арадағы қарулы жанжалына ұласты.

 

Сирия 1958 жылы ақпанда Египетпен бірігуге келісіп, Біріккен Араб Республикасы құрылды. Оның президенті А.Насер болды. Бірақ 1961 жылы күзде Сирия қарулы күштері толқып, өз елін бөлек шығарып алды.

 

1967 жылы маусымда Израиль шабуылға шығып, Египет аэродромдарын істен шығарып, танкілері Суэц каналаына қарай беттеді. 6 күн ішінде араб елдері бірінен соң бірі талқандалды. Египет, Иордания, Сирия әскерсіз қалды. 1 млн-нан астам арабтар тұратын 170 мың шақырым жер жау қолында қалды.

 

1967 жылы Израиль басып алған жерлерді Египетке қайтарып алу ұзақ уақыт бойына оның өзекті мәселесі болып келді. 1978 жылы Кэмп-Дэвидтегі Египет-Израиль келісімінің негізінде Израиль мен Египеттің арасында 1979 жылы бейбіт шарт жасалынды, осыған сай Израиль өзі басып алған Синай түбегін Египетке қайтарды.

 

Арабтардың өмірінде Палестина мәселесі маңызды орын алды. 1947 жылы қарашада БҰҰ оны екіге бөліп, бір бөлігінде еврейлердің (Израиль), екіншісінде арабтардың (Палестина) мемлекеттерін құру туралы шешім қабылдады.

 

1962 жылы Франция Алжирдегі соғысты тоқтатып, плебесцит өткізді. Оның нәтижесніде Алжир тәуелсіздігі мойындалды. Сөйтіп, күресте 1 мл-ға жуық азамат құрбан болған халық жеңіске жетті.

 

Африканың қазіргі саяси картасында көптеген шекаралар түзу сызықпен көрсетілген, өйткені оларды өз кезегінде Еуропалық державалар дәстүрлі тайпааралық шекараларды ескерместен белгілеген. Мұның нәтижесінде тегі бір халықтар бірнеше мемлекеттерге бөлініп кеткендей, ал мемлекеттердің өздері әртүрлі тайпалардан немесе тілі әр түрлі топтардан қалыптасқандай. Осының бәрі ұлтаралық, дінаралық, аумақтық жанжалдар ондаған жылдарға созды, осының бәрі халыққа орасан зор нұқсан келтірді.



Сұрақтар
  1. Отаршылдар Африка елдерінің шекараларын жүйесіз белгілегендіктен туған қайшылықтар:
  2. II дүниежүзілік соғыстан кейін Африка елдерінің саяси өмірінің сипатты белгісі:

  3. 1967 жылы араб елдеріне қарсы 6 күндік соғыс жүргізген ел: 

  4. 1947 жылы БҰҰ-ның шешімімен Палестинада құрылған мемлекет:
  5. 1956 жылы Египетке қарсы үш елдің басқыншылық жасау себебі:
  6. 50-ші жылдары Ливия халқының өмірінің өзгеруіне себеп болған жағдай:
  7. ХХ ғасырдың 50-жж. аяғында Африканың артта қалған елдерінің өмірі күрт өзгеруі себебі:

  8. Тәуелсіздік алу үшін 1 млн. азаматы құрбан болған Африкадағы араб елі:

  9. Африка континентінде социалистік қайта құру бағытын ұстанған елдер:
  10. Суэц каналы тиесілі мемлекет:
  11. Египет пен Израиль арасындағы соғысты тоқтатқан Кэмп-Дэвид келісімдеріне қол қойылған жыл:
  12. Сирия мен Египет Біріккен Араб Республикасы құрылған жыл:
  13. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Африкадағы отаршылдыққа қарсы күрес жүргізген елдер:

  14. ХIХ–ХХ ғасырда Еуропа мемлекеттерінің қайсысы Марокко жеріне таласқан?

  15. Африканың қанша халқы Франция, Англия, Германияға тәуелді болды?

  16. Тропикалық және Оңтүстік Африкадағы ұлт-азаттық қозғалыс кезеңдері:

  17. 90-жылдары Африкадағы тайпааралық азамат соғыстарына тартылған мемлекеттер:

  18. Африка елдерінде шешімін таппаған проблемалар:

  19. БҰҰ-ның Африкадағы жағдайды реттеу үшін қабылдаған шаралары:

  20. Африка бірлігі ұйымының (АБҰ) алға қойған мақсаттары:

Қате туралы хабарландыру