Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Әбілхайыр хандығы (Өзбек хандығы)

Конспект

1428 жылы ақсүйек, шонжарлар 17 жастағы Әбілхайырды хан етіп сайлады. Хандық Өзбек ұлысы, Өзбек хандығы, Шайбани ұлысы, Әбілхайыр ұлысы деп аталды. Ұлыстың алып жатқан жері мен халқының көпшілігі қыпшақтар болғандықтан, оны Қыпшақ хандығы деп те атаған. Әбілхайыр хандығы батысында Жайық, шығысында Балқаш, оңтүстігінде Арал мен Сырдарияның төменгі ағысы, солтүстігінде Тобыл, Ертіс өзендерінің орта саласы аралығын алып жатты. Рузбихан дерегі бойынша, Әбілхайыр хандығы негізгі үш халықтан – шайбанилерден, қарақалпақтардан және қазақтардан тұрған.

1431 жылы Екіретүп деген жердегі Тоқа Темір ұрпақтарымен болған шайқаста Әбілхайыр жеңіске жетті. Кейін Орда-Базарды бағындырып, өзінің орталығы етті. Оған дейін астана Тура қаласы болған. 1446 жылы Әбілхайыр хан Атбасар маңында Мұстафа ханды тас-талқан етті. Бұл жеңістен кейін Сығанақ, Аркөк, Созақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алды. Cығанақ қаласын өзінің орталығы етті. 1446 жылы Самарқанды алды.

1456-1457 жылдары Әбілхайыр хан Сығанақ қаласы түбінде Үз-Темір бастаған ойраттардан жеңіліп қалды. Ол 1468 жылы Моғолстанға қарсы жорыққа шығады. Жорық кезінде Аққыстау деген жерде қайтыс болды. Қазақ хандығының құрылуымен Әбілхайыр ұрпақтары Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде билік жүргізу құқығынан айырылды.



Сұрақтар
  1. Әбілқайыр хан қайтыс болған жер

  2. Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде жеңілді

  3. Әбілқайыр ханның Самарқанды алған жылы

  4. Әбілқайырдың Мұстафа ханды жеңген шайқасы болды

  5. Тоқа Темір ұрпақтарымен болған шайқас

  6. Әбілқайыр хан әскерінің құрамына қосылған ру-тайпа саны

  7. Әбілқайыр ханның көп күш-жігерін жұмсаған жері

  8. Әбілқайыр хандығы шайбанилерден, қарақалпақтардан, қазақтардан тұрған деп жазды

  9. Әбілқайыр хандығының батысындағы аймақ

  10. Әбілқайыр хан болып сайланды

  11. Әбілқайыр 16 жасында тұтқынға түседі

  12. Найман, бұйрық, қарлұқ тайпаларының қыстаған жерлері

  13. Масуд ибн Усман Кухистанидің еңбегін көрсетіңіз

  14. Тарихи жазба деректерде Әбілқайыр хандығының қосымша атауы (-лары)

  15. Әбілқайыр хандығының орталықтары

Қате туралы хабарландыру