Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

19 ғасырдың соңындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік дамуы

Конспект

19 ғасырдың 60-жылдарында қабылданған реформалар бірден іске аса қоймады. Қазақ шаруаларының көтерілістері салдарынан бұл Ережелерді заңдастыру 20 жылдан артық уақытқа созылды. 1886 жылы 2 маусымда “Түркістан өлкесін басқару және онда жер-салық өзгерістерін енгізу туралы” Ереже бекітілді. Түркістан өлкесінде Ресей үлгісімен жаңа сот жүйесі құрылды. “Халық соты” деген атпен мұсылман тұрғындардың ісін жүргізетін төменгі сот буынын ұйымдастыру көзделді. Соттардың төтенше съезі уездік және болыстық тұрғындарға қатысты мәселелерді шешті. Бұл сот жиыны тек әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды. Бітістіруші сот облыстық, уездік билеушілердің мүддесін қорғады. Билердің соттары жеңілдіктерін сақтап қалуға тырысқан билеуші топтардың мүддесін қорғаштады.

1891 жылы 25 наурызда “Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару” туралы Ереже қабылданды. Қазақстанды әкімшілік-аумақтық жағынан басқару жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілді. 1867-1868 жылдардағы әкімшілік-сот саласындағы өзгерістер 1886-1891 жылғы жарлықтарда заң жүзінде бекітілді. 17 баптан тұратын бұл 1891 жылғы заң отарлаушы әкімшілік пен жергілікті ақсүйек топтардың мүддесін қорғады. 1891 жылғы Ережедегі өзгерістер генерал-губернаторға шексіз билік берді. Қазақстандағы облыстық басқару сатылары Ресейдің орталығындағы губерниялық басқармаларға теңестірілді. Жетісу және Орал облыстық әскери губернаторлары, сонымен қатар осы өңірдегі казак әскерінің үкімет тағайындаған атаманы болып есептелді. Верный, Орал, Петропавл, Семей сияқты ірі облыстық орталықтарда қалалық полиция басқармалары құрылды. Ал басты уездік қалаларда полицейлік приставтық тәртіп бақылау мекемелері құрылды. Сайланып қойылған болыс басқарушылары мен ауыл старшындарын бекіту облыстық әскери губернатордың қолында болды.

Түркістан өлкесінде үш облыс құрылды: Сырдария, Ферғана, Самарқан. Негізгі басқару орталығы – Ташкент.

Дала генерал-губернаторлығының құрамына үш облыс кірді: Ақмола, Семей, Жетісу. Негізгі әкімшілік орталығы – Омбы.

Өндіріс орындарында жұмыс қолының 60-70 пайызын құраған қазақтар ауыр еңбектерге тартылды. Алтын өнеркәсібінде әйелдер үлесі жалпы жұмысшылар санының 1-ден 4-ке дейінгі пайызын құрады. 1873 жылы әйелдердің үлесі 12% болса, 1893 жылы 17,8%-ға жетті.

19 ғасырдың 90 жылдарынан бастап кен орындарында балалар еңбегі кеңінен пайдалана бастады. 16 жасқа дейінгі жасөспірімдердің жұмысшылар арасындағы үлесі 14%-ға дейін көтерілді.

Жұмысшылардың таптық қарсылықтарының бірі өндіріс орнын тастап кету болды. 1880 жылы Семей облысында жұмысшылардың 2,7%-ы, 1890 жылы 4,7%-ы, 1896 жылы 6,4%-ы ауыр жағдайға шыдамай өндіріс орындарынан қашып кетті. 19 ғасырдың соңынан бастап өндіріс орындарын өз еркімен тастап кеткен жұмысшыларды 3 айға дейін абақтыға қамау жазасы қолданылды.

1888 жылы Өскемен уезіндегі кен өндірісінде қазақ жұмысшыларының ереуілі болды. Кен иесі ереуілді басу үшін Зайсанға жазалаушы әскери күш шақыртты. Ереуілшілер жалақыларын арттырып, мақсаттарына жетті. 1891 жылы Өскемен уезінің Владимирск алтын кенішіндегі ереуіл біршама ұйымдасқан түрде өтті. Ереуілге басшылық еткен Жағалтайұлы, Жанғазин, Төлегенұлы жергілікті халықтан шыққан алғашқы жұмысшы өкілдері болды. 1890 жылы Алтайдағы Асташево кен орнында қақтығыс кезінде кен орнының басқарушысы өлтірілді. 1893, 1895, 1899 жылдары Батыс Сібір темір жолының жұмысшылары, Омбы теміржолшылары ереуілге шықты.

Өндіріс орындарының ұсақтығы, жұмысшылар санының аздығы, олардың арасында бірліктің жетіспеуі осы қозғалыстардың саяси әлсіздігін байқатты. Алғашқы өлке жұмыскерлерінің әлеуметтік күресі біртіндеп тәжірибе жинай бастады.



Сұрақтар
  1. Алтайдағы Асташево кен орнындағы қақтығыс салдары:

  2. Зайсандағы ереуілді басу үшін кен иесінің қолданған шарасы:

  3. Кен орындарындағы алғашқы бас көтеру болған жер:

  4. Өндіріс орындарын өз еркімен тастап кеткен жұмысшыларға қолданылатын жаза:

  5. Кен орындарында балалар еңбегі пайдалана бастаған уақыт:

  6. Алтын өнеркәсібіндегі 1893 жылғы әйелдер үлесі:

  7. Сырдария облысындағы уездер саны:

  8. 1891 жылғы Ереже бойынша Дала генерал-губернаторлығының әкімшілік орталығы:

  9. 1891 жылғы Ереже бойынша Полиция басқармалары құрылды:

  10. 1891 жылғы Ереже бойынша шексіз билік берілді:

  11. 1891 жылы 25 наурызда қабылданған Ереже:

  12. 1891 жылғы Ереже бойынша соттардың төтенше съезі шақырылды:

  13. “Түркістан өлкесін басқару және онда жер-салық өзгерістерін енгізу туралы” Ереже бекітілді:

  14. 1886-жылғы жарғы бойынша Түркістан өлкесінің құрамына қандай облыстар кірді?

  15. 1886-, 1891-жылдардағы ереже бойынша Қазақстан жерінде қандай өлкелер (генерал-губернаторлықтар) құрылды?

  16. 45 мыңнан астам ұйғыр, 5 мыңдай дүнгеннің басты орын тепкен аудандары қайсы?

Қате туралы хабарландыру