03_05_02. Полимерлер тарауы бойынша есептер

Химия

Тақырыптың тесті
Конспект
Конспект сұрақтар
  1. 100 л табиғи газдан (қ.ж.) ацетилен алынды. Табиғи газда метанның көлемдік үлесі 96%. Алынған ацетиленнің көлемі (қ.ж.).

  2. Метанның жану реакциясының теңдеуі бойынша:

    CH4 + 2O2 = CO2 +2Н2O + 890 кДж/моль

    222,5 кДж жылу алуға қажетті метанның көлемі (қ.ж.).

  3. Құрамындағы көміртектің массалық үлесі 51,89%, сутектің массалық үлесі 9,37%, хлордың массалық үлесі 38,38% болатын, сутек бойынша тығыздығы 46,25 қосылыстың формуласы.

  4. 5 кг антрацитті жаққанда 8,96 м3 көмірқышқыл газы (қ.ж.) түзілді. Антрациттегі көміртектің массалық үлесі.

  5. Изопрен каучугін алу үшін қолданылатын мономер изопренді 2-метилбутанды өршіткі қатысында дегидрлеп алады. Құрамында массалық үлесі 12% қоспасы бар, 420 кг 2- метилбутаннан шығымы 80% болса, түзілетін изопреннің массасы (кг).

  6. Егер орташа молекулалық массасы 1200 екені белгілі болса, поливинилхлоридтегі хлордың массалық үлесі (%).

  7. Нитрон талшығының мономері акрилонитрилді пропеннен алады:

    2СН2=СН - CH3 + 2NH3 + 3O2 → 2СН2 = СН – C ≡ N + 6Н2O

    Құрамында пропеннің көлемдік үлесі 15% табиғи газдың 8 м3-нен (қ.ж.) алынатын акрилонитрилдің массасы (г):

  8. Молекулалық массасы 350000 болатын поливинилхлоридтің макромолекуласындағы құрылымдық буын саны.

Тақырыптың тесті