03_04_02. Азотты органикалық қосылыстар бойынша есептер

Химия

Тақырыптың тесті
Конспект
Конспект сұрақтар
  1. 150 г 30%-дық аминсірке қышқылының ерітіндісі 30 г натрий гидроксиді бар ерітіндімен әрекеттескенде түзілген тұздың массасы (г)

  2. 88 г триброманилин алу үшін 35%-дық бром суының (p=1,02 г/см3 қажет көлемі (мл):

  3. Көлемі 8 л метиламинді жағуға жұмсалған ауаның (қ.ж.) көлемі (л) (оттектің ауадағы көлемдік үлесі 0,2)

  4. 15,6 г бензолды нитрлегенде шығымы 90% нитробензол алынды. Оны әрі қарай тотықсыздандырғанда шығымы 75% анилин түзілді. Түзілген анилиннің массасы.

  5. Органикалық еріткіште анилиннің 10 г ерітіндісі бар. Ерітіндіге бромның артық мөлшерін қосқанда 6,6 г тұнба түзілді. Бастапқы ерітіндідегі анилиннің массалық үлесі (%).

  6. Құрамында 32%-көміртегі, 6,66% сутегі, 42,67% оттегі және 18,67% азоты бар аминқышқылының молекулалық формуласы.

  7. 44,5 г α - аминпропион қышқылы натрий гидроксидімен әрекеттескенде 50 г тұз түзілген болса, өнімнің шығымы (%).

  8. 10,3 г аминмайқышқылы 5,6 г калий гидроксидімен әрекеттескенде түзілген тұздың массасы (г).

  9. 8,9 г β – аминпропион қышқылы 3,2 г метанолмен әрекеттескенде түзілген күрделі эфирдің зат мөлшері (моль).

  10. 15 г аминсірке қышқылы 7,3 тұз қышқылымен әрекеттескенде түзілген тұздың массасы.

  11. 7,5 г аминсірке қышқылы натрий металымен әрекеттескенде түзілген сутегінің (қ.ж) көлемі:

  12. 5,2 моль аминвалериан қышқылының молекула саны.

  13. α – аминкапрон қышқылының 7,6 ∙1024 молекуласына сәйкес зат мөлшері (моль).

  14. Аминсірке қышқылы құрамындағы оттегінің массалық үлесі (%).

  15. 206 г аминмай қышқылының зат мөлшері (моль).

  16. 2 моль аминкапрон қышқылының массасы (г).

  17. Құрамында 7,7% сутегі бар, 13 г алкин (қ.ж) 11,2л көлем алады. Алкиннің молекулалық формуласы.

  18. 246 г нитробензолдан сутекпен 145 г анилин алынды. Өнімнің шығымы (%).

  19. Егер шығымы 80% болса, 10 г этиламин алу үшін қажет нитроэтанның массасы (г).

  20. 20 г глициннің этил эфирін алу үшін жұмсалатын глицин мен спирттің массалары (г).

  21. 37,5 г глицинді 36,5 г тұз қышқылымен әрекеттестіргенде 40 г глициннің гидрохлориді түзілсе, өнімнің шығымы (%).

  22. Құрамында көміртектің массалық үлесі 40,45%, оттегі – 35,96%, азот – 15,73%, сутегі – 7,87% болатын аминқышқылының формуласы.

  23. 320 г кальций карбидінен алынған аминсірке қышқылын бейтараптауға жұмсалған натрий гидроксидінің массасы (г).

  24. Егер шығымы 70% болса, 500 л ацетиленнен алынатын аминсірке қышқылының массасы.

  25. $$$ НМК6312302013 (230338) - 032

    90 г 8%-дық және 110 г 12%-дық аминэтан қышқылының ерітінділері араластырылды. Түзілген аминэтан қышқылының массалық үлесі (%).

  26. Құрамында 2% қоспасы бар 190 г хлорсірке қышқылын аммиакпен әрекеттестіргенде 80 г аминсірке қышқылы түзілсе, өнімнің шығымы (%)

Тақырыптың тесті