03_03_02. Оттекті органикалық қосылыстар бойынша есептер

Химия

Тақырыптың тесті
Конспект
Конспект сұрақтар
  1. Егер глюкоза спирттік ашығанда 448 л (қ.ж.) көмірқышқыл газы бөлінген болса, түзілген спирттің массасы.

  2. Егер шығымы 90% болса, 100 г сахароза гидролизденгенде түзілетін глюкозаның массасы (г)

  3. 90 г глюкоза ашығанда түзілетін этанолдың массасы.

  4. Глюкоза ашығанда 92 г этанол және газ түзілді, газдың көлемі (қ.ж.)

  5. Егер шығымы 50% болса, 57 г сахарозаны (C12H22O11) гидролиздегенде алынған глюкозаның массасы.

  6. Күміс (I) оксидін глюкозамен тотықсыздандырғанда 54 г күміс алынды. Тотыққан глюкоза массасын есептеңіз.

  7. Сахарозаның 40 г 6%-дық ерітіндісін 80 г 12%-дық ерітіндісімен араластырды. Алынған ерітіндідегі сахарозаның массалық үлесі.

  8. Глюкоза 78,4 г мыс (II) гидроксидімен тотыққанда түзілетін қышқылдың массасы.

  9. Егер гидролизге майдың 82% массалық үлесі ұшырайтын болса, 5,83 т глицерин алу үшін қажетті таза триолеаттың массасы.

  10. 512 г пальмитин қышқылын еріту үшін қажет 10% натрий гидроксиді ерітіндісінің массасы.

  11. Картоптағы крахмалдың массалық үлесі 20% , өнім шығымы 50%, сыйымдылығы 50 кг 5 қап картоптан алынған глюкозаның массасы.

  12. 0,5 моль целлюлоза азот қышқылымен әрекеттескенде түзілетін тринитро-целлюлозаның массасы.

  13. Егер глюкозаның 70%-ы спиртке айналса, массасы 500 г 46%-дық спирт ерітіндісін алу үшін қажет глюкозаның массасы.

  14. Сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы 15-ке тең органикалық заттың 3,75 г жаққанда 2,25 г су буы мен 5,5 г көміртек (IV) оксиді түзілді. Заттың молекулалық формуласы.

  15. Массасы 64,8 г крахмалдан алынған глюкозаның шығымы 80% болса, осы глюкозаны күміс (I) оксидінің аммиактағы ерітіндісімен тотықтырғанда тұнбаға түскен күмістің массасы.

  16. Глюкозаны спиртке дейін ашытып, түзілген этанолды қышқылға дейін тотықтырды. Осы алынған қышқыл натрий гидрокарбонатының артық мөлшерімен әрекеттескенде көлемі 8,96 л (қ.ж.) газ бөлінді. Ашыған глюкозаның массасы (г).

  17. Метанальды тотықсыздандыру арқылы алынған метанол натриймен әрекеттескенде көлемі 8,96 л (қ.ж.) сутек бөлінді. Егер өнімнің шығымы әр сатыда 80 %-дан болса, реакцияға түскен метанальдің массасы (г).

  18. Құрамындағы крахмалдың массалық үлесі 20% картоптың 1 тоннасынан 100 л этанол (тығыздығы 0,8 г/см3) алынған. Этанолдың шығымы (%).

  19. Шығымы 60% болып, 54 г сүт қышқылын алуға жұмсалатын глюкоза түзілу үшін, сахарозаның гидролизденген массасы (г).

  20. Көлемі 5000 мл тығыздығы 0,8 г/мл сұйықмайды (глицерин триолеатын) қатты майға айналдыру үшін жұмсалған сутегінің көлемі.

Тақырыптың тесті