03_03_01. Оттекті органикалық қосылыстар

Химия

Тақырыптың тесті
Конспект
Конспект сұрақтар
  1. Құрамында sp3 гибридтенген көміртек атомы бар қосылыс.

  2. Альдегидтердің сапалық реакциясы.

  3. Сірке альдегидін мыс (II) гидроксидімен қайнатқанда түзілетін тұнбаның түсі.

  4. Метилпропанальді сутекпен тотықсыздандырғанда түзілетін зат.

  5. Өзгерістер тізбегіндегі A және Б заттары.

    \(Этилен \xrightarrow{+A} Спирт \xrightarrow{+Б}Альдегид\)

  6. Пропион альдегиді мына зат тотыққанда түзіледі.

  7. Метанальдің қасиетіне жатпайды.

  8. Молекула құрамында көмірсутек радикалымен байланысқан бір немесе бірнеше карбоксил тобы бар органикалық заттар.

  9. Құмырсқа қышқылымен әрекеттесетін зат.

  10. Сірке қышқылымен әрекеттеспейтін зат.

  11. Карбон қышқылдарының функционалдық тобының аталуы.

  12. Сірке қышқылының молекулаларының арасындағы байланыс.

  13. \(CH_{3}OH \to A \to HCOOH\) сызбанұсқасындағы A өнімінің молярлық массасы (г/моль)

  14. Тізбектегі А және Б реагенттері

    \(C_{2}H_{5}OH \xrightarrow{+A}Альдегид \xrightarrow{+Б} Қышқыл\)

  15. Артығымен алынған сірке қышқылы мен мырыш арасындағы реакцияның молекулалық теңдеуіндегі коэффициенттердің қосындысы.

  16. \(A \xrightarrow{[O]} Б \xrightarrow{[O]} В\) тізбегіндегі А, Б және B заттарының дұрыс реті:

  17. Артығымен алынған сірке қышқылы мен калий карбонаты арасында жүретін реакцияның молекулалық теңдеуіндегі коэффициенттердің қосындысы.

  18. Карбон қышқылдары спиртпен әрекеттескенде түзілетін қосылыстар

  19. Молекулалық формуласы C4H8O2 барлық изомерінің саны.

  20. Күрделі эфирлерді алу реакциясы.

  21. Өзгерістер сызбанұсқасында A жэне Б заттары

    \(HCOONa \xrightarrow{+H_{2}SO_{4}}A\xrightarrow{+C_{2}H_{5}OH}Б\)

  22. Құрамында төрт сутек атомы бар күрделі эфирдің салыстырмалы молекулалық массасы.

  23. Карбонил тобындағы көміртек атомының гибридтену типі.

  24. Күрделі эфир алуға қолданылатын реакция.

  25. Моносахаридке жататын зат.

  26. Глюкозаның молекуласындағы функционалдық топтардың сандары.

  27. Глюкозаның "күміс – айна" реакциясына қатысатын себебі, молекуласында ...

  28. Дисахаридтің формуласы.

Тақырыптың тесті