03_02_04. Көмірсутектер тарауы бойынша есептер

Химия

Тақырыптың тесті
Конспект
Конспект сұрақтар
  1. Метан гомологының 1,4 литрін (қ.ж.) оттектің артық мөлшерінде жаққанда 4,5 г су түзіледі, жанған заттың формуласы:

  2. 0,5 моль метаннан трихлорметан түзілу үшін қажет хлордың көлемі (қ.ж., литрмен)

  3. 5 моль натрий гидроксиді мен 3 моль натрий ацетатының қоспасын балқытқанда түзілетін газдың көлемі (қ.ж.)

  4. 0,65 моль метан мен 0,85 моль аргоннан тұратын қоспаның көлемі (қ.ж.)

  5. Егер реакцияның шығымы 80% болса, 40 грамм метанды толық хлорлағанда түзілетін тетрахлорметанның массасы.

  6. Қаныққан газ тәрізді көмірсутекті жабық ыдыста көміртек пен сутекке жоғары температурада айырды (пиролиз). Реакциядан кейін газдың қысымы (көлем мен температура өзгермесе де) 3 есе артты. Пиролизденген көмірсутек.

  7. Массасы 90 грамм этан жанғанда түзілетін көміртек диоксидінің зат мөлшері.

  8. Қалыпты жағдайдағы тығыздығы 1,96 г/л-ге тең алканның молекулалық формуласы.

  9. Шығымы 86% болса, 30 г көміртектен алынатын метанның көлемі (қ.ж.)

  10. Ауамен салыстырғандағы тығыздығы 2-ге тең, құрамындағы көміртектің массалық үлесі 82,8%, сутектікі - 17,2% болатын көмірсутектің молекулалық формуласы.

  11. 5 литр метан мен 11 литр оттек қоспасы қопарылғанда түзілетін көміртек диоксидінің көлемі (қ.ж.)

  12. Көлемі 5 литр пропан жану үшін қажет ауаның көлемі (Оттектің көлемдік үлесі 0,2).

  13. Егер жағуға 246,4 л. оттек жұмсалған болса, жанған пропанның (қ.ж.) көлемі (л)

  14. 134,4 л (қ.ж.) метаннан және 3,5 моль этаннан тұратын қоспаны жағу үшін жұмсалатын (құрамында оттектің көлемдік үлесі 20,94% ) ауаның көлемі (m3, қ.ж.)

  15. Этанның жану реакциясының термохимиялық теңдеуі

    2Н6 + 7O2 → 4СO2 + 6Н2O + 3080 кДж.

    Реакция нәтижесінде 770 кДж жылу бөлінсе, жұмсалған (қ.ж.) оттегінің көлемі:

  16. Қалыпты жағдайда 56 литр метан алу үшін натрий ацетатымен әрекеттесетін натрий гидроксидінің массасы (г):

  17. Газдың 1 литрін жағуға 2 л оттегі жұмсалды. Реакция нәтижесінде 1 л көміртек диоксиді және 2 л су буы (қ.ж.) түзілген болса, газдың молекулалық формуласы.

  18. 6,72 л (қ.ж.) пропанды толық жаққанда алынған өнімді ізбес суының артық мөлшерімен өңдеді. Сол кезде 80 г тұнба түзілсе, оның шығымы (%).

  19. 80 г 1,2% бром суы 200 мл (қ.ж.) метан мен этилен қоспасын түссіздендірді. Қоспадағы метанның көлемдік үлесі (%).

  20. 8,6 г белгісіз көмірсутекті жаққанда, 26,4 г көміртек диоксиді және 12,6 г су түзілген. Оның ауа бойынша тығыздығы - 2,966. Осы көмірсутектің аты және құрылымдық изомерлерінің саны:

  21. 134,4 л (қ.ж.) метаннан және 3,5 моль этаннан тұратын қоспаны жағу үшін жұмсалатын (құрамында оттектің көлемдік үлесі 20,94 % ) ауаның көлемі (м3, қ.ж.).

  22. Шығымы 74,5% болса, 160 г қарапайым алкан алу үшін қажетті натрий ацетатының массасы

Тақырыптың тесті