02_02_06. Бейметалдар тарауы бойынша есептер

Химия

Тақырыптың тесті
Конспект
Конспект сұрақтар
  1. Оттектің 1,25 моліндегі молекула саны.

  2. 245 г бертолле тұзы термиялық жолмен ыдыраған кезде (қ.ж.) түзілетін оттектің көлемі.

  3. Реакция нәтижесінде 25,4 г йод алынса, калий иодидімен әрекеттескен хлордың массасы

  4. 2 л сутек газы мен 3 л иод буы әрекеттескен кезде түзілген иодсутектің көлемі.

  5. 6 моль калий сульфиті ерітіндісімен 12 моль бромсутекті қосып қыздырған кезде түзілген газдың зат мөлшері.

  6. 234 г ас тұзына күкірт қышқылымен әсер еткенде орта тұз және 131,4 г хлорсутек алынса, хлорсутектің шығымы.

  7. 24 кг пириттен 29,4 кг күкірт қышқылы алынған. Өнімнің шығымы:

  8. Көлемі 4,48 л (қ.ж) оттек алу үшін қажетті KClO3, KMnO4 қажет массалары

  9. Аммоний гидрокарбонаты кондитер тағамдарын пісіруге қолданылады. Егер қамырға 39,5 г NH4HCO3 қосылған болса, термиялық айырылу кезінде түзілген газдардың (қ.ж) көлемі:

  10. 10 г натрий гидроксидін бейтараптау үшін қажет күкірт қышқылының массасы (г)

  11. 40 г калий карбонатына тұз қышқылының артық мөлшерімен әсер еткенде түзілетін газдың (қ.ж.) көлемі.

  12. 168 г калий гидроксиді 63 г азот қышқылымен әрекеттескенде түзілетін тұздың зат мөлшері.

  13. 16 кг 20 %-дық күкірт қышқылы ерітіндісінен қышқылдық тұз алу үшін қажет калий гидроксидінің массасы.

  14. Металл қышқылдан 16,8 л сутекті (қ.ж.) ығыстырып шығарған. Бөлінген сутектен аммиак алу үшін азоттың қажет көлемі.

  15. 114 мл 20 % барий хлориді ерітіндісімен (p=1, 141 г/мл) әрекеттесетін натрий сульфатының зат мөлшері (моль).

  16. 200 г 10%-ті кальций хлориді ерітіндісімен әрекеттесетін 20%-ті натрий карбонатының массасы.

  17. Көлемі 200 мл, тығыздығы 1,075 г/мл 20% - тік тұз қышқылы ерітіндісімен массасы 20 г мәрмәр әрекеттескенде, түзілген көмір қышқыл газының (қ.ж) көлемі.

  18. 80 г оттегінің (қ.ж) көлемі (л).

  19. Адам күніне 720 л оттегі жұтады. Адамға қажет ауаның көлемі (көлемдік үлесі оттектің 20%):

  20. 0,2 моль фосфор (V) оксидін алу үшін қажет оттегінің (қ.ж) көлемі (л):

  21. 0,3 моль темір (III) оксидін алу үшін қажет темірдің массасы (г):

  22. 0,1 моль алюминиймен әрекеттесетін оттектің (қ.ж) көлемі (л):

  23. Термохимиялық теңдеуі мынандай: C + О2 = СО2 + 402 кДж реакция нәтижесінде 2412 кДж жылу бөлінсе, жанған көміртегінің массасы (г):

  24. Темірдің жану реакциясының термохимиялық теңдеуі:

    3Fе + 2O2 → Fe3O4 + 1116 кДж болса, 1 кг темір жанғанда бөлінетін жылу мөлшері (кДж):

  25. 7,75 г фосфор 10 л (қ.ж) оттегімен әрекеттескенде түзілген оксидтің массасы:

  26. Газ күйіндегі аммиакты NH3 катализатор қатысында оттегімен тотықтырғанда азот (II) оксиді және су түзіледі. 26,88 л аммиакпен реакцияға түскен оттегінің көлемі:

  27. Эвдиометрде 2 мл сутегімен 6 мл оттегінің қоспасына қопарылыс жасалды. Қопарылыстан кейінгі қалған газдың көлемі:

  28. 10 г сутек 10 г оттекпен әрекеттескенде түзілген судың массасы (г):

  29. Оттегі мен озон қоспасының сутегі бойынша тығыздығы – 18. Қоспадағы озонның массалық үлесі (%)7

Тақырыптың тесті