02_01_05. Металдар тарауы бойынша есептер

Химия

Тақырыптың тесті
Конспект
Конспект сұрақтар
  1. 30 г темір мен 16 г күкірт әрекеттескенде түзілетін темір (II) сульфидінің массасы.

  2. 60 грамм 10%-дық тұз қышқылының ерітіндісі 8 грамм темір үгінділерімен әрекеттескенде, түзілген тұздың массасы.

  3. Мыс пен темір қоспасын концентрлі азот қышқылымен өңдегенде 4,48 л газ бөлінген, ал сол қоспаға тұз қышқылымен әсер еткенде 2,24 л газ бөлінген (қ.ж.). Қоспаның массасы:

  4. Массасы 170 грамм күміс нитратының 2%-тік ерітіндісіне 10 грамм мырыш пластинкасы батырылған. Реакция аяқталғаннан кейін пластинканың массасы:

  5. Металл күйіндегі алюминий мен оның оксидінен тұратын 9 г қоспаға натрий гидроксидінің ерітіндісімен әсер еткенде 3,36 литр (қ.ж.) газ бөлінген. Қоспаның проценттік құрамы:

  6. Массасы 1,28 грамм мысты оттегінің ағынында қыздырғанда пайда болтан затты мыс (II) сульфатына айналдырған. Түзілген мыс (II) сульфатының массасы.

  7. Массасы 21,6 г мыс пен алюминийдің қоспасына сілтінің артық мөлшерімен әсер еткенде 6,72 л (қ.ж.) газ жиналды. Қоспаның құрамындағы мыстың массалық үлесі.

  8. $$$ НМК2851401025 (223178) - 018

    Массасы 2,6 г темір мен 2,8 г күкірт әрекеттескенде түзілетін темір (II) сульфидінің массасы (г):

  9. $$$ НМК2851401027 (223180) – 020

    200 грамм 49 %-дық күкірт қышқылының ерітіндісі мырышпен әрекеттескенде (қ.ж.) түзілген сутегінің көлемі (л)

  10. Құрамына 43,4% Na, 11,3% С, 45,3% O кіретін қосылыстың формуласы.

  11. 4 г натрий гидроксиді тұз қышқылымен әрекеттескенде түзілген тұздың зат мөлшері.

  12. 1,2 г магний тұз қышқылының артық мөлшерімен әрекеттескенде түзілген сутектің (қ.ж) көлемі.

  13. 10,8 г алюминий 22,4 г күкіртпен әрекеттескенде, түзілген алюминий сульфидінің зат мөлшері (моль).

  14. 4 моль барий гидроксиді 3 моль азот қышқылымен әрекеттескенде түзілген барий нитратының зат мөлшері.

  15. 13 г мырыш 24,5 г күкірт қышқылымен әрекеттескенде түзілген сутектің (қ.ж) көлемі.

  16. 28 г темірді 32 г күкіртпен қосып қыздырғанда түзілген темір сульфидінің массасы (г)

  17. Массасы 30 г мыс пен алюминий қоспасына концентрлі азот қышқылымен әсер еткенде 13,44 л газ (қ.ж) бөлінді. Қоспаның құрамы:

  18. Нәтижесінде 6 моль сутек түзілу үшін тұз қышқылымен әрекеттесетін мырыштың массасы.

  19. 9,8 г күкірт қышқылы натрий гидроксидімен әрекеттескенде түзілген тұздың зат мөлшері.

  20. Массасы 50 г 20%-ды Na2SO4 ерітіндісін дайындау үшін қажет кристаллогидраттың (Na2SO4∙10H2O) массасы және судың көлемі.

  21. Массалық үлесі 40%, тығыздығы 1,4 г/см3 болатын натрий гидроксидінің 150 мл көлеміндегі натрий гидроксидінің массасы.

  22. 40 г 10%-ды мыс сульфаты натрий гидроксидімен әрекеттескенде түзілген мыс (II) гидроксидінің массасы.

  23. Көлемі 160 мл массалық үлесі 20%, (p=1,25г/мл) натрий гидроксиді ерітіндісіне қорғасын (II) нитраты ерітіндісінің жеткілікті мөлшерімен әсер еткенде түзілген қорғасын (II) гидроксидінің массасы.

  24. Массасы 53,5 гтемір (III) гидроксидін еріту үшін қажетті (тығыздығы 1,039 г/мл) 8%-дық тұз қышқылы ерітіндісінің көлемі.

  25. Аммоний гидрокарбонаты кондитер тағамдарын пісіруге қолданылады. Егер қамырға 39,5 г NH4HCO3 қосылған болса, термиялық айырылу кезінде түзілген газдардың (қ.ж) көлемі.

  26. 20 г 49%-дық күкірт қышқылын бейтараптауға жұмсалған 10%-дық натрий гидроксидінің ерітіндісінің массасы.

  27. 19,6 г мыс (II) гидроксидін термиялық жолмен айырғанда түзілген мыс (II) оксидін тотықсыздандыруға жұмсалған сутектің көлемі

  28. 12 кг пириттен 14,7 кг күкірт қышқылы алынған. Өнімнің шығымы:

  29. 10 г екі валентті металл тұз қышқылымен әрекеттескенде 5,6 (қ.ж.) сутек бөлінді. Қышқылмен әрекеттескен металл:

  30. 4FeS2+ 11O2 = 2Fe2O3 + 8SO2 теңдеуі бойынша 64 грамм SO2 алу үшін жұмсалатын FeS2 зат мөлшері.

Тақырыптың тесті