01_01_06. Жалпы химия негіздері бойынша есептер

Химия

Тақырыптың тесті
Конспект
Конспект сұрақтар
  1. 88 г көмірқышқыл газының қалыпты жағдайда алатын көлемі.

  2. 2,5 моль алюминий хлоридінің массасы (г)

  3. NO газының сутек бойынша тығыздығы.

  4. 2 моль фосфорды тотықтыру үшін жұмсалатын оттегінің зат мөлшері.

  5. Оттектің 1,25 моліндегі молекула саны.

  6. 1,5∙1023 молекула саны бар сутектің зат мөлшері (моль).

  7. Қалыпты жағдайда заттардың массасы 10 г болса, онда ең аз көлем алатыны ...

  8. 480 г магний толық жанғанда түзілген магний оксидінің массасы.

  9. 200 тұздың молекуласынан 40 молекуласы иондарға диссоциацияланса, оның диссоциациялану дәрежесі.

  10. 27 г алюминий күкіртпен әрекеттескенде, түзілген алюминий сульфидінің массасы (г) және зат мөлшері (моль).

  11. 80 кг мыс (II) оксидін толық тотықсыздандыру үшін жұмсалатын сутектің (қ.ж) көлемі (м3)

  12. 0,2 моль суды ыдыратқан кезде түзілген сутектің көлемі және зат мөлшері (моль).

  13. Массалық үлесі 0,2 натрий гидроксидінің 600 г ерітіндісіне массалық үлесі 0,2 азот қышқылының 800 г ерітіндісі құйылғанда түзілген тұздың массасы.

  14. Көлемі 20 мл массалық үлесі 2%, тығыздығы 1,02 г/мл натрий гидроксидінің ерітіндісін бейтараптауға жұмсалатын азот қышқылының массалық үлесі 1% тығыздығы 1,4 г/мл ерітіндісінің көлемі (мл)

  15. 19,6 г күкірт қышқылы магний оксидінің артық мөлшерімен әрекеттескенде, түзілген тұздың зат мөлшері.

  16. IV топта орналасқан элементтің ұшқаш сутекті қосылысындағы массалық үлесі 75%, ал жоғары оттекті қосылысындағы массалық үлесі 27,3% болатын элемент.

  17. Үшінші топта орналасқан екідайлы элементтің оксидінде 47% оттек бар элемент.

  18. Eгep реакцияның температуралық коэффициенті 3-ке тең болса, температураны 150°С- дан 200°С-ға көтергенде, реакцияның жылдамдығы ... артады.

  19. С2Н4 + 3O2 = 2СO2 + 2Н2O реакциядағы оттегінің концентрациясын 2 есе көбейткенде, реакция жылдамдығы ...

  20. Егер реакцияның температуралық коэффициенті 3-ке тең болса, температураны 30°-қа көтергенде реакция жылдамдығы ...артады.

  21. 4Аl + 3O2 = 2Аl2O3 реакциядағы оттегінің концентрациясын 3 есе кобейткенде реакция жылдамдығы ...

  22. Егер температуралық коэффициент 2-ге тең болса, температураны 20°-қа көтергенде реакция жылдамдығы ... артады

  23. Температураны 20°-қа төмендеткенде, реакция жылдамдығы 16 есе кемісе, реакцияның температуралық коэффициенті

  24. 2SO2 + O2 = 2SO3 реакциясындағы күкірт (IV) оксидінің концентрациясын 2 есе көбейткенде реакция жылдамдығы ...

  25. 2NO + O2 = 2NO2 реакциясындағы азот (II) оксидінің концентрациясын 4 есе көбейткенде реакция жылдамдығы ...

  26. Егер азоттың концентрациясы 0,4-тен 0,1 моль/л-ге дейін өзгерсе, 50 секундтан кейін N2 + O2 → 2NO гомогенді реакцияның жылдамдығы (моль/л ∙ сек).

  27. Температураны 10°C-ғa арттырғанда, химиялық реакцияның жылдамдығы 2 есе артады. Реакция жылдамдығы 20°С кезінде 0,04 моль/л∙сағ мөлшеріне тең, 40°С кезіндегі осы реакцияның жылдамдығы

  28. 30°С кезінде химиялық реакцияның жылдамдығы 0,01 моль/л∙мин-қа тең. Егер температураны 10°С-ға көтергенде, ол 3 есе артатын болса, 60°С кезіндегі осы реакцияның жылдамдығы

  29. Температураны 40°С-ға көтергенде, реакция жылдамдығы 81 есе артты. Реакцияның температуралық коэффициенті

  30. Термохимиялық теңдеу бойынша: 2Н2O = 2Н2 + O2 - 572 кДж. Егер 286 кДж энергия жұмсалса, айырылған судың зат мөлшері.

  31. Термохимиялық теңдеу бойынша: 4Р + 5O2 = 2P2O5 + 3010 кДж. Ал 62 г фосфор жанғанда бөлінетін жылу мөлшері.

  32. 1,2 г магний оттегінде жанғанда 30 кДж жылу бөлінді. Реакцияның жылу эффектісі.

  33. Оттектен 2,24 л озон алу үшін 14,23 кДж жылу жұмсалды. Химиялық реакцияның жылу эффектісі.

  34. Мыс (II) оксидінің тұз қышқылымен реакциясының термохимиялық теңдеуі: CuO + 2НСl = CuCl2 + H2O + 63,3 кДж, 200 г мыс оксидін тұз қышқылында еріткенде бөлінетін жылудың мөлшері.

  35. 5,6 г темір күкіртпен әрекеттескенде 9,53 кДж жылу бөлінді. Осы реакцияның жылу эффектісі.

  36. 9,6 кг O2 молекула саны.

  37. Күкіртті жаққанда 32 г күкірт (IV) оксиді түзілді және 146,3 кДж жылу бөлінді. Реакцияның жылу эффектісін есептеңіз.

  38. 100 молекула тұздың 40 молекуласы иондарға диссоциацияланса, оның диссоциациялану дәрежесі

  39. Бір моль натрий фосфатын суда еріткенде, тұз толық диссоциацияланса, түзілген натрий ионының моль саны

  40. 220 грамм 7% -ды күкірт қышқылы ерітіндісімен құрамында 2 моль барий хлориді бар ерітінді әрекеттескенде түзілген тұнбаның массасы.

  41. 200 г 20%-дық калий гидроксидінің ерітіндісі мен 200 г 10%-дық тұз қышқылының ерітіндісі әрекеттескенде, түзілген тұздың массасы

  42. 50 г 26,5%-дық натрий карбонатының ерітіндісіне 24,5 г күкірт қышқылын құйғанда, бөлінген газдың (қ.ж) көлемі.

  43. Массасы 200 г, массалық үлесі 0,15 натрий гидроксиді мен массасы 500 г массалық үлесі 0,25 натрий гидроксидінің ерітіндісі араластырылған. Алынған ерітіндідегі натрий гидроксидінің массалық үлесі.

  44. 2 моль темір (III) сульфатының ерітіндісіне қорғасын нитраты ерітіндісінің артық мөлшері құйылды. Түзілген тұнбаның зат мөлшері.

  45. 80 г 7% -ды натрий хлориді және 200 г 10%-ды күміс нитраты ерітіндісі араластырылды. Түзілген тұнбаның массасы.

  46. 6 моль О2 массасы (г)

Тақырыптың тесті