5-бөлім. Еуропа, Солтүстік Америка, Азия және Африка елдерінің мәдениеті (XVIII ғ. - XXI ғ. басы)

Дүниежүзі тарихы

Тақырыптың тесті
Конспект
Конспект сұрақтар
  1. XVII ғасырда ағартушылық идеялар алғаш пайда болған Еуропа елі.

  2. Еуропадағы ортағасырлық қоғамдық қатынастарды толығымен жойған, Қайта өрлеу мен Реформациядан кейінгі үшінші рухани төңкеріс.

  3. Барлық білім тәжірибеден жинақталып, соның негізінде ақыл-ойдың тәртіпке келтірілетіні жайлы пікір білдірген ағылшын философы.

  4. Дүниежүзілік тартылыс заңын тұжырымдаған ағылшын ғалымы.

  5. Математикадағы дифференциалдық есептеудің авторы болған заңгер әрі философ.

  6. Физикаға “инерция” терминін енгізген ұлы неміс астрономы.

  7. “Аспаннан тастардың түсуі мүмкін емес, өйткені аспанда тастар жоқ!” деп метеориттер туралы өз түсінігін білдірген ғалым.

  8. Табиғат адамның санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүреді дейтін ағартушылар.

  9. Құдайды жоққа шығарушы ағартушылар.

  10. XVIII ғасырдағы шотландық экономист Адам Смиттің өзінің экономикалық теориясын баяндаған кітабы.

  11. Еуропада есептеуіш машинаны ойлап тапқан ғалым.

  12. Шіркеу музыкасының жан-жақты дамуына жол ашқан ұлы композитор.

  13. Луи Пастер негізін қалаған жаңа ғылым.

  14. XVII-XVIII ғасырлардағы Еуропа мәдениетіндегі бірін-бірі ауыстырып отырған үш көркем бағыт.

  15. “Адамдар комедиясы” деп аталатын сериялы туындының авторы, француз жазушысы.

  16. Неміс ғалымы Роберт Майердің 1842 жылы ашқан жаңалығы.

  17. Химияға атомдық салмақ туралы ұғымды енгізіп, алғаш рет химиялық формулаларды қолданған ағылшын ғалымы.

  18. Бенгалдық ақын және жазушы Рабиндранат Тагордың романы.

  19. XVII ғасырдағы ақсүйектердің азғындығын суреттеген “Күлегеш адам” романының авторы.

  20. Романтизм бағыттарының негізгі принципі.

  21. Әлемге микробиология атты жаңа ғылымды сыйлаған ғалым.

  22. 1895 жылы Максвеллдің электромагниттік толқындар теориясына сүйене отырып көзге көрінбейтін Х-сәулелерін ашқан герман физигі.

  23. “Париж ана құдайы ғибадатханасы” мен “Күлегеш адам” романдарының авторы.

  24. Иоганн Вольфганг Гетенің өлеңмен жазған трагедиясы:

  25. Мазурка королі атанған композитор.

Тақырыптың тесті