5. Квант физикасы

Физика

Тақырыптың тесті
Конспект
Конспект сұрақтар
  1. Рентген түтікшесі 50 кВ кернеумен жұмыс істейді. Сәуле шығарудың минимал толқын ұзындығы (с = 3∙108 м/с; һ = 6,63∙10-34 Дж∙с; е = 1,6∙10-19 Кл)

  2. Рубинді лазер бір импульс кезінде толқын ұзындығы 6,6∙10-7 м болатын 3,5∙1019 фотон шығарады. Импульс ұзақтығы 10-3 с, лазердің сәуле шығаруының орташа қуаты (с = 3∙108 м/с; һ = 6,63∙10-34Дж∙с)

  3. Толқын ұзындығы 10-10 м рентген сәулесіне сәйкес келетін фотонның энергиясы мен массасы

    (h = 6,63∙10-34 Дж∙с; с = 3∙108м/с)

  4. Радийдің \({}_{88}^{226} Ra\)ядросының α- ыңырауы теңдеуі

  5. Ақ немесе қара түсті беттердің қайсысына жарық үлкен қысым түсіретіндігін табыңыз.

  6. Толық жұтылған кванттың импульсі 3∙10-27 Н∙с болатын ультракүлгін сәуленің толқын ұзындығы (һ = 6,63∙10-34Дж∙с)

  7. Қуаты 40 мВт үздіксіз режімде жұмыс істейтін гелий-неон газ лазері толқын ұзындығы 630 нм монохраматты жарық сәулесін береді. Лазердің 1 с ішінде шығаратын фотон саны

    (h = 6,63∙10-34 Дж∙с; с = 3∙108m/c)

  8. UT = 3В потенциалдар айырымында толығымен тежелетін электрондарды жұлып шығаратын жарықтың жиілігі (Фотоэффект басталатын жиілік v0 = 6∙1014 Гц; һ = 6,63∙10-34 Дж∙с; е = 1,6∙10-19 Кл)

  9. Фотонның энергиясы 50∙10-19 Дж болса, жарық сәулесінің жиілігі (һ = 6,62∙10-34 Дж∙с)

  10. Жиілігі 1015 Гц жарық түсіргенде, литийден шыққан электрондардың максимал кинетикалық энергиясы

    ш = 0,38∙10-18 Дж; 1эВ = 1,6∙10-19 Дж; һ = 6,63∙10-34Дж∙с)

  11. Фотоэффект басталатын жиілік 6∙1014 Гц. Тежеуіш потенциалдар айырмасы 3В болса, тежелетін электрондарды жұлып шығаратын жарықтың жиілігі

    (һ = 6,63∙10-34Дж∙с; е = 1,6∙10-19 Кл)

  12. Кейбір металл үшін фотоэффектінің қызыл шекарасы 27∙10-7 м. Толқын ұзындығы 1,8∙10-7м сәулемен сәулелендіру арқылы осы металдан ыршып шығатын электронның максимал кинетикалық энергиясы (с = 3∙108 м/с; һ = 6,63∙10-34Дж∙с)

  13. Фотоэффектінің күміс үшін қызыл шекарасы 0,29 мкм. Электрондардың күмістен шығу жұмысы (с = 3∙108 м/с; һ = 6,63∙10-34Дж∙с)

  14. Жиілігі 1015 Гц жарық түсіргенде, литийден шыққан электрондардың максимал кинетикалық энергиясы (Аш = 0,38∙10-48 Дж; 1эВ = 1,6∙10-19 Дж; һ = 6,63∙10-34Дж∙с)

  15. Массасы 1 л суды 50 К-ге қыздырғанда, оның массасының өзгерісі

    (с = 3∙108 м/с; ссу= 4200 Дж/кг∙°С)

  16. Астронавтардың Жердегі өлшемдері бойынша жұлдыздық кеменің жүрген жолының шамасы 2 есе азайған болса, кеменің жылдамдығы (с = 3∙108 м/с)

  17. Күннің 1 с ішінде толық шығаратын энергиясы Е = 4∙1026 Дж/с. Күннің секунд сайын жоғалтатын массасы

  18. Суретте келтірілген өтулердің ішіндегі минимал жиілікті сәуле шығарылатыны

  19. Сутегі атомының кез келген орбитасындағы электрон, бірінші орбитаға өткенде

  20. Сутегі атомының кез келген орбитасындағы электрон екінші орбитага өткенде

  21. α бөлшектің массасы

  22. Плутоний \({}_{94}^{239} Pu\) изотобы радиоактивті α және β ыдыраулар нәтижесінде торий \({}_{90}^{227} Th\) изотопы алынған болса, α және β ыдыраулар саны

  23. \({}_{90}^{227} Th\) изотобы ядросы тізбектей жүрген үш α – ыдырауға ұшырағаннан кейін пайда болған элемент

  24. Радиоактивті препараттың активтігі 8 күн ішінде төрт есе кеміген. Осы препараттың жартылай ыдырау периоды

  25. Радиоактивті үлгінің анализі ондағы X элементтің 4 тәулікте 0,4 г-нан 0,1 гр-ға дейін азайғандығын көрсетті. X элементтің жартылай ыдырау периоды

  26. Төртінші энергетикалық қозған күйдегі сутегі атомы шығара алатын энергиясы әртүрлі кванттар саны

  27. Рубинді лазер бір импульс кезінде толқын ұзындығы 6,6∙10-7 м болатын 3,5∙1019 фотон шығарады. Импульс ұзақтығы 10-3 с, лазердің сәуле шығаруының орташа қуаты

    (с = 3∙108 м/с; һ = 6,6∙10-34Дж∙с)

  28. Атомдық ядросында 3 протон мен 4 нейтроны бар бейтарап атомның электрондық қабықшасындағы электрондар саны

  29. Ядроның байланыс энергиясы дегеніміз

  30. Ядролар мен бөлшектердің реакцияға түскенге дейінгі және реакциядан кейінгі тыныштық энергияларының айырымы

  31. Егер уран \({}_{92}^{235} U\) ядросы бөлінгенде, 200 МэВ энергия шығатын болса, 1 кг уранда бар ядролар толық ыдырағанда бөлінетін энергия

    (M(U) = 235∙10-3 кг/моль; NA = 6∙1023 моль-1; 1эВ = 1,6∙10-19Дж)

  32. Резерфорд тәжірибесіндегі жұқа фольганы α бөлшектермен атқылау нәтижесі бойынша дұрыс суреттер

  33. Оттегі атомының \({}_{8}^{16} O\) ядросының меншікті байланыс энергиясы 7,98 МэВ болса, осы ядроның байланыс энергиясы

  34. Энергиясы үлкен γ – кванты қорғасын пластинкасына түсіп өткен кезде пайда болатын жұп

  35. 0,8∙с жылдамдықпен қозғалған электронның кинетикалық энергиясы

    (me = 9,1∙10-31 кг; с = 3∙108 м/с; 1эВ = 1,6∙10-19 Дж)

  36. Релятивтік кұбылыс кезінде протонның кинетикалық энергиясы 3,76∙10-11 Дж болса, қозғалыс жылдамдығы (mр = 1,67∙10-27 кг; с = 3∙108 м/с)

  37. Қозғалмайтын санақ жүйесіне қатысты әрқайсысы 0,7∙с және 0,9∙с жылдамдықпен жақындап келе жатқан екі бөлшектің бір-біріне қатысты салыстырмалы жылдамдығы

  38. Тыныштықтағы өлшемдері а және b дене суретте көрсетілген бағытта 0,87∙с жылдамдықпен қозғалғанда оның өлшемдері сәйкесінше

  39. Физикалық құбылыстың үлкен жылдамдықпен қозғалған санақ жүйесіндегі уақыты тыныштықтағы санақ жүйесіндегі уақытының 25% -ын құраса, қозғалыстағы санақ жүйесінің жылдамдығы

  40. 0,6∙с жылдамдықпен қозғалған электронның импульсі (mе = 9,1∙10-31кг; с = 3∙108 м/с)

Тақырыптың тесті