4. Оптика

Физика

Тақырыптың тесті
Конспект
Конспект сұрақтар
  1. Сәуленің түсу бұрышы 30°. Жарық сәулесінің шағылу бұрышы

  2. Екі ортаны бөліп тұрған шекараға түскен сәуленің түсу бұрышы α = 60° бұрышпен түседі. Сынған сәуле мен шағылған сәуле арасындағы бұрыш φ = 90° болса, сыну көрсеткіші

    \((sin60°=\frac{\sqrt{3}}{2};sin30°=\frac{1}{2})\)

  3. Жарық сәулесінің түсу бұрышын 20°-қа арттырғанда, түскен сәуле мен шағылған сәуленің арасындағы бұрыш

  4. Шағылған сәуле түскен сәулемен 50° бұрыш жасаса, сәуленің түсу бұрышы

  5. Айналық бетке жарық сәулесінің түсу бұрышы 20°. Шағылған сәуле мен айна жазықтығы арасындағы бұрыш

  6. Сәуленің түсу бұрышы 10°-қа азайғанда, түскен сәуле мен шағылған сәуленің арасындағы бұрыш

  7. Вакуумнен абсолют сыну көрсеткіші n = 1,6 мөлдір ортаға өткенде, жарықтың таралу жылдамдығы (вакуумдегі абсолют сыну көрсеткіші nв = 1)

  8. Сәуленің шағылу бұрышы β = 54°-қа тең болса, онда жазық айнамен түскен сәуле арасындағы бұрыш

  9. Тереңдігі 2 м тоғандағы мөлдір судың дәл жоғарыдан нормальға жақын бұрышпен қараған адамға көрінетін жалған тереңдігі (nсу = 1,33)

  10. Мөлдір орта – ауа шекарасына толық шағылудың шекті бұрышымен түскен сәуле мен сынған сәуле арасындағы бұрыш 132° болса, толық шағылудың шекті бұрышы

  11. Энергиясының неғұрлым көп бөлігі жарық сәулесіне айналатын қызған абсолют қара дененің температурасы

  12. Стокс ережесіне бағынатын фотолюминесценция құбылысы кезінде орындалатын шарт

    0 – жұтылған сәуленің толқын ұзындығы, λ – шығарылған сәуленің толқын ұзындығы)

  13. Стефан-Больцман заңына негізделіп жасалған құрал

  14. Солтүстік шұғыла мен газ разрядындағы жарқырау құбылысы

  15. Электрондармен атқылағанда қатты денелердің жарық шығару құбылысы

  16. Энергияны бөліп шығару арқылы жүретін кейбір химиялық реакцияларда осы энергияның бір бөлігі тікелей жарық энергиясына айналатын құбылыс

  17. Затқа түскен жарықтың біразы шағылады, ал біразы жұтылады. Бірақ кейбір денелер түскен жарықтың әсерінен өздері тікелей жарық шығара бастайтын құбылыс

  18. Салқын күйде абсолют қара дене жұтатын сәуле

  19. Энергиясы Е-ға тең фотонның толқын ұзындығы

  20. Линза арқылы экранда электр шамының нақты кескіні алынған. Линзаның төменгі бөлігін жапқанда

  21. Жинағыш линзаның фокус аралығы 0,2 м. Кескін өлшемі дене өлшеміндей болу үшін дененің линзадан арақашықтығы

  22. Қос ойыс линзаның фокус аралығы 10 см. Нәрсені 12 см арақашықтыққа орналастырса, нәрсе кескіні линзадан орналасу қашықтығы

  23. Көз бұршағының көмегімен торламада алынған кескін бейнесі

  24. Ең жақсы көру қашықтығы 25 см-ге тең қалыпты көз үшін фокус аралығы F = 4 см-ге тең лупаның беретін үлкейтуі

  25. Фокус аралығы 80 см жинағыш линза көмегімен алынған шын кескін мен дене арақашықтықтығы 5 м болса, дененің және кескіннің линзадан қашықтығы

  26. Жақыннан көрген адамның көзәйнегінің оптикалық күші -1 дптр болса, көзәйнексіз жақсы көру қашықтығы? (d0 = 25 см)

  27. Шашыратқыш линзадан 60 см қашықтықта орналастырылған дененің төрт есе кішірейтілген кескіні алынса, линзаның фокус аралығы

  28. Алыстан көргіш адамның көзәйнегінің оптикалық күші 1,5 дптр болса, көзәйнексіз жақсы көру қашықтығы (d0 = 25 см)

  29. Сабын көпіршігінің немесе жерге төгілген жанармай пленкасының түрлі түсті болып көрінуін түсіндіретін құбылыс

  30. Шашыратқыш линзаның көмегімен алынатын кескін

  31. Жақыннан көргіш адам ұсақ нәрселерді 0,15 м-ден аспайтын қашықтықта ажыратады. Оптикалық күші -3 дптр көзілдірік кигенде, ұсақ нәрселерді жақсы көру қашықтығы

  32. Жарық көзі линзадан 12,5 м, ал оның шын кескіні линзадан 0,85 м қашықтықта орналасқан. Егер дененің линзаға қарай 2,5 м-ге жақындатса, кескіннің линзадан орналасу қашықтығы

  33. Ауада тарайтын ұзындығы 700 нм жарық толқынының судағы ұзындығы (nсу = 1,33)

  34. АВ жазық айнаға α = 30° бұрышпен жарық сәулесі түседі. Айнаны γ = 20°-қа бұрады. Енді алғашқы түскен сәуле мен шағылған сәуле арасындағы бұрыш

  35. Жинағыш линза арқылы кескін алынған. Егер d = 4 м, f = 1 м болса, линзаның фокус аралығы

  36. Биіктігі 5 м дене фокус аралығы 0,1 м жинағыш линзадан 0,12 м қашықтықта орналасқан кескіннің алынған арақашықтығы және өлшемі

  37. Бастапқы фазалары бірдей екі когеренттік көздерден шығарылатын когеренттік толқындардың берілген нүктеге дейінгі жүріс айырымы жарты толқын ұзындықтарының жұп санына тең және әрбір толқынның тербеліс амплитудасы а болса, онда осы нүктедегі тербеліс А амплитудасы

  38. Электр тогын тасымалдайтын бағандар қашықтаған сайын кішірейе беретін сияқты боп көрінуі

  39. Екі интерференцияланушы сәуленің жол айырмасы λ/4 болса, тербелістерінің фазалар айырмасы

  40. Ең жақсы көру қашықтығы 18 см-ге тең жақыннан көргіш көз үшін фокус аралығы F=3 см-ге тең лупаның беретін үлкейтуі

Тақырыптың тесті