3.4. Электромагниттік тербелістер мен толқындар

Физика

Тақырыптың тесті
Конспект
Конспект сұрақтар
  1. Индуктивтігі 10 мГн катушкадан сыйымдылығы 1 мкФ конденсатордан тұратын тербелмелі контурдың конденсаторын 200 В-қа дейін зарядтағанда контурда пайда болатын ең үлкен ток күші

  2. Тербелмелі контурдағы еркін тербелетін зарядтың ең үлкен мәні 1 мкКл, ал ең үлкен ток күші 10 А. Контурдағы тербеліс жиілігі

  3. Конденсатор сыйымдылығы 10 пФ тербелмелі контурдағы кернеудің әсерлік мәні 100 В болса, тербелмелі контурдың толық энергиясы

  4. Сыйымдылығы 0,01 мкФ конденсатор 0,1 мКл-ға дейін зарядталғаннан кейін тербелмелі контурда өшетін еркін тербелістер болады. Тербеліс толық тоқтағанда бөлінетін жылу

  5. Индуктивтігі L катушкадан және сыйымдылығы С конденсатордан тұратын тербелмелі контурдағы кернеудің ең үлкен мәні Um болса, контурдағы ең үлкен ток күші

  6. Индуктивтігі 0,2 Гн катушкадан және сыйымдылығы 10 мкФ конденсатордан тұратын тербелмелі контурдың конденсатор кернеуі 1 В болған мезеттегі ток күші 10 мА болса, ток күшінің ең үлкен мәні

  7. Индуктивтігі 0,2 Гн катушкадан және сыйымдылығы 10 мкФ конденсатордан тұратын тербелмелі контур конденсаторы 2 В-қа дейін зарядталса, электр өрісі мен магнит өрісі энергиялары өзара тең болған мезеттегі ток күшінің мәні

  8. Индуктивтігі 0,1 Гн катушкадан және сыйымдылығы 10 мкФ конденсатордан тұратын тербелмелі контур конденсаторындағы кернеу 30 В болған мезетте контурдағы ток күші 0,4 А. Контурдағы ток күшінің ең үлкен мәні

  9. Индуктивтігі 10 мГн катушкадан және сыйымдылығы 400 пФ конденсатордан тұратын тербелмелі контурдағы ток күшінің ең үлкен мәні 0,1 А болса, конденсатордағы ең үлкен кернеу мәні

  10. Конденсаторы 10 В-қа дейін зарядталған тербелмелі контурдың электр өрісі энергиясы магнит өрісі энергиясының 2/3 бөлігіне тең болған мезеттегі конденсатор кернеуі

  11. Тербелмелі контурдағы конденсатор сыйымдылығын 4 есе арттырса, еркін электротербелістердің периоды

  12. Тербелмелі контурдағы конденсаторды тізбектей жалғанған дәл сондай 2 конденсатормен алмастырсақ, тербелмелі контур периоды

  13. Тербелмелі контурдағы ең үлкен заряд шамасы qm, ал ток күшінің ең үлкен шамасы Іm болса, тербелмелі контур периоды

  14. Тербелмелі контур катушкасының индуктивтілігін 25%-ға, ал конденсатор сыйымдылығын 5 есе арттырса, онда контурдағы тербеліс жиілігі

  15. Толық бір тербеліс жасаған уақыт ішінде фаза ығысуы

  16. Ашық тербелмелі контурдағы ток күшінің уақытқа тәуелділік теңдеуі i = 0.1cos6*105πt болса, шығарылған электромагниттік толқын ұзындығы

  17. Тербелмелі контур зарядының тербеліс теңдеуі q = 44*10-4cos(5*106πt+π/3) болса, тербеліс периоды

  18. Контурдағы ток күші 2 А, магнит ағыны 4 Вб-ге тең болса индуктивтілігі

  19. Айнымалы ток тізбегіндегі конденсатордың заряды мынадай заңдылықпен өзгереді: q = 44∙10-4cosωt. Кернеу Um = 220 В. Конденсатордың сыйымдылығы

  20. Айнымалы токтың жиілігі 50 Гц-ке тең. Айнымалы ток жүйесінің тербеліс периоды

  21. Индукциялы ЭҚК-нің лездік мәні е = 100 sin 800 πt заңы бойынша өзгереді. Айнымалы ток периоды

  22. Жиілігі 50 Гц айнымалы ток тізбегіне кедергісі 2 Ом актив кедергі, сыйымдылығы 3 мкФ конденсатор және индуктивтік катушка тізбектей жалғанған. Осы тізбекте резонанс болған кездегі индуктивтік кедергі

  23. Айнымалы ток тізбегіне жалғанған сыйымдылығы 1 мкФ конденсатордың кедергісі 16 Ом болса, айнымалы ток жиілігі

  24. Индуктивтігі 0,2 Гн катушка арқылы өтетін жиілігі 100 Гц айнымалы ток күшінің әсерлік мәні 1,01 А. Индуктивтік катушкадағы кернеудің ең үлкен мәні

  25. Сыйымдылығы 1 мкФ конденсаторды айнымалы ток тізбегіне жалғағанда кедергісі 16 Ом болса, айнымалы ток периоды

  26. Электромагниттік толқын ағыны тығыздығының j электромагниттік өpic энергиясының тербеліс жиілігіне ω тәуелділігі

  27. Магнит өрісі энергиясы тығыздығының өрнегі

  28. Жиілігі 2 МГц электромагнитті толқын біртекті ортада 2,4∙105 км/с жылдамдықпен тарайды. Толқын ұзындығы

  29. Біртекті ортада 2∙105 км/с жылдамдықпен тарайтын электромагниттік толқынның ұзындығы 40 м. Толқынның вакуумдегі жиілігі

  30. Вакуумнен біртекті ортаға өткенде электромагниттік толқынның

  31. Біртекті ортадан вакуммге өткенде электромагниттік толқынның

  32. Электромагниттік толқын энергиясының көлемдік тығыздығы 2 мкДж/м3 болса, электромагниттік толқын ағынының тығыздығы (с = 3∙108 м/с)

  33. Радиостанцияның хабар тарату қашықтығын үш есе арттыру үшін радиостанция аппаратының қуатын

  34. 1 с уақытта 30 км қашықтықтағы нысанаға түсу үшін радиолокатор жіберетін импульстер саны (с =3∙108 м/с)

  35. Радиолокация станциясынан жіберілген импульс ұзақтығы 0,5 мкс. Импульс қуаты 90 кВт болса, онда бір импульстің энергиясының мәні

  36. 1500 кГц жиілікпен жұмыс істейтін радиостанция генераторы контурының сыйымдылығы 400 пФ. Контур индуктивтігі

  37. Радиостанция генераторы контурының сыйымдылығы 0,2 нФ, индуктивтілігі 8 мкГн. Станциядан шығарылған толқын ұзындығы (с = 3∙108 м/с)

  38. Радиостанция ұзындығы 40 м болатын толқын шығарады. Станция генераторының тербелмелі контурының индуктивтігі 100 мкГн болса, оның сыйымдылығы (с = 3∙108 м/с; 1пФ = 10-12Ф)

  39. Радиоқабылдағыш контуры 1 мс уақытта тогын 400 мА-ге өзгерткенде, 0,8В ЭҚК-ін тудыратын катушкадан және сыйымдылығы 2,45 пФ конденсатордан тұрады. Радиоқабылдағыш шығаратын толқын ұзындығы

    (с = 3∙108 м/с; 1пФ = 10-12Ф)

  40. Қабылдағыш контурының конденсатор энергиясы W, катушкасы арқылы өтетін ток I. Конденсатор сыйымдылығы С болса, онда қабылдағыш жиілігін (v) анықтайтын формула

Тақырыптың тесті