3.3. Магнетизм

Физика

Тақырыптың тесті
Конспект
Конспект сұрақтар
  1. Магнит өрісіндегі ауданы 1 см2-ге тең рамаға әсер ететін ең үлкен айналдырушы момент 2 мкН∙м, ток күші 0,5 А-ге тең болғандағы магнит өрісінің индукциясы

  2. Ауданы 800 см2-қа тең рама индукциясы 0,1 Тл біртекті магнит өрісінің индукция сызықтарына перпендикуляр болатындай орналастырылған. Рамаға 40 мН∙м-ге тең айналдырушы момент әсерін тудыратын ток күші

  3. Бойынан 3 А ток өтетін, ұзындығы 30 см өткізгішке индукциясы 20 мТл магнит өрісі 9 мН күшпен әсер етеді. Магнит индукция векторы мен ток бағыты арасындағы бұрыш

  4. Индукциясы 28,2 мТл магнит өрісіне перпендикуляр 107 м/с жылдамдықпен енген электронның айналу радиусы (me = 9,1∙10-31 кг; е = 1,6∙10-19Кл)

  5. Индукциясы 10,4 мТл магнит өрісінде радиусы 10 см шеңбер бойымен қозғалған протонның жылдамдығы (mp = 1,67∙10-27кг; е = 1,6∙10-19Кл)

  6. Магнит өрісінде қисықтық радиусы 1 м болатын шеңбер бойымен α бөлшегі 106 м/с жылдамдығымен қозғалса, магнит өрісінің индукция векторы

    (mα = 6,6∙10-27 кг; qα = 3,2∙10-19Кл)

  7. Индукциясы 2 мТл магнит өрісінде электрон шеңбер бойымен қозғалады. Электронның айналу периоды (mе = 9,1∙10-31 кг; е = 1,6∙10-19 Кл)

  8. Индукция 0,2 Тл-ға тең магнит өрісіндегі 10 Мм/с жылдамдықпен индукция сызықтарына перпендикуляр қозғалып келе жатқан протонға әсер ететін күш (q = 1,6∙10-19 Кл)

  9. Ұзындығы 20 см және массасы 4 г горизонталь орналасқан өткізгіш бойымен 10 А ток өткенде, Ампер күші ауырлық күшін теңгеретін магнит өрісінің индукциясы (g = 10м/с2)

  10. Индукциясы 7,5 Тл біртекті магнит өрісіндегі түзу өткізгіш арқылы 4 А ток өткенде, 20 см ұзындығына 3 Н күш әсер ететін болса, оның магнит күш сызықтарымен жасайтын бұрышы

  11. Дыбыс зорайтқышындағы катушканы тербеліске келтіретін күш

  12. Индукциясы 4 мТл біртекті магнит өрісінде қозғалған электронның айналу периоды

    (е = 1,6∙10-19 Кл; me = 9,1∙10-31 кг)

  13. Индукциясы 0,01 Тл магнит өрісінде радиусы 10 см шеңбер сызған протонның жылдамдығы (qp = 1,6∙10-19 Кл; mp = 1,6∙10-27 кг )

  14. Индукциясы 0,4 Тл-ға тең магнит өрісіндегі 2∙104 км/с жылдамдықпен индукция сызықтарына перпендикуляр қозғалып келе жатқан протонға әсер ететін күш (qp = 1,6∙10-19 Кл)

  15. Массасы m зарядталған бөлшек біртекті магнит өрісінде перпендикуляр v жылдамдықпен қозғалады. Егер бөлшектің массасын 2 есе азайтса, оның траекториясының радиусы

  16. Массасы m зарядталған бөлшек біртекті магнит өрісінде перпендикуляр v жылдамдықпен қозғалады. Егер өрістің индукциясын 2 есе арттырса, оның траекториясының радиусы

  17. Өзекшесіз соленоид ішіндегі өрістің индукциясы В0 = 2 мТл. Соленоидқа болат өзекшені енгізгенде, оның индукциясы (μболат = 8000)

  18. Көлденең қимасының ауданы 200 см2 соленоидқа болат өзекшені енгізгенде, ол арқылы 0,4 Вб магнит ағыны өтсе, В0 өpic индукциясы (μб = 8000)

  19. Көлденең қимасының ауданы 200 см2 соленоидқа темір өзекшені енгізгенде, магнит ағыны 0,4 Вб болса, вакуумдағы магнит индукция векторы В0т = 250000)

  20. Ток күші 5 А болғанда, контурдан өтетін магнит ағыны 0,5 мВб болса, оның индуктивтілігі

  21. Ток күшінің 0,25 с ішінде 2 А-ге бірқалыпты өзгеруі 20 мВ өздік индукция ЭҚК-ін қоздырады. Өткізгіштің индуктивтілігі

  22. Соленоидтың ток күші 10 А болғанда, 0,5 Вб магнит ағыны пайда болатындай магнит өрісінің энергиясы

  23. Біртекті магнит өрісінде индукция сызықтарына 30° бұрыш жасай орналасқан ұзындығы 0,5 м бойымен 3 А ток өтіп жатқан түзу өткізгішке 9 Н күш әсер етеді. Магнит өрісінің индукциясы

    (sin 30° = 0,5)

  24. Ішкі магнит ағыны ∆Ф = 12 мВб-ге дейін кемігенде, кедергісі 0,03 Ом болатын орамның көлденең қимасы арқылы өтетін зарядтың шамасы

  25. 0,5 Тл магнит индукция векторы ауданы 25 см2 контур жазықтығына тұрғызылған нормальмен 60° бұрыш жасайды. Контурды тесіп өтетін магнит ағыны (cos60° = 0,5)

  26. 2 с-та индукциясы 0,4 Тл-ға өзгеретін айнымалы магнит өрісінде диаметрі 40 см катушка орналасқан. ЭҚК 251,2 В-қа тең. Катушканың орам саны

  27. Катушкада 50 А/с токтың өзгеру жылдамдығы, онда 25 В ЭҚК-ін тудырады. Катушканың индуктивтігі

  28. Кедергісі 0,2 Ом контур арқылы өтетін 0,4 Вб магнит ағыны өзгергісі 4 А ток тудырса, магнит ағынының өзгеру уақыты

  29. Орам саны 800 болатын катушкада магнит өрісінің ағыны 0,5 с ішінде 0-ге дейін бірқалыпты кемиді. Егер ЭҚК-і 40 В болса, магнит ағынының алғашқы мәні

  30. Ұзындығы 40 см өткізгіш индукциясы 0,5 Тл магнит өрісінде магнит индукциясы векторымен 60° бұрыш жасай қозғалады. ЭҚК-і 1,732 В болса, өткізгіштің жылдамдығы (sin 60° = 0,866)

  31. Ұзындығы 25 см өткізгіш 5 м/с жылдамдықпен магнит өрісінде магнит индукциясы векторына перпендикуляр бағытта қозғалады. Өткізгіштегі ЭҚК-і 1,5 В болса, магнит индукциясының мәні (sin90° = 1)

  32. Индукциясы 0,2 Тл магнит өрісінде өткізгіш индукция векторына 45° бұрыш жасай 10 м/с жылдамдықпен қозғалады. Өткізгіштегі индукцияның ЭҚК -і 1,4 В болса, оның ұзындығы (sin 45° = 0,7)

  33. Ұзындығы 0,2 м өткізгіш индукциясы 0,6 Тл магнит өрісінде 15 м/с жылдамдықпен орын ауыстырады. Өткізгіштегі магнит индукциясының ЭҚК-і 0,9 В болса, оның жылдамдығы мен магнит индукциясы арасындағы бұрыш

  34. Контурды тесіп өтетін магнит ағынының өзгеріс уақыты 3 есе артса6 индукцияның ЭҚК-і

  35. Актив кедергісі бар тізбек бөлігі арқылы өтетін зарядтың өзгеру зандылығы: q = 10-2sin 28,2t. Ток күшінің әсерлік мәні

  36. Тізбектегі ток күшінің өзгеріс заңы: і = 0,5sin1256t. Ток күшінің тербеліс жиілігі

  37. Тербеліс жиілігі \(\frac{1}{\pi } \cdot 10^{4}\) Гц болса, индуктивтілігі 2 мГн контурда резонанс байқалады. Конденсатор сыйымдылығы

  38. Егер тербеліс периоды 1,256∙10-3с болса, сыйымдылығы 4 мкФ контурда резонанс байқалады. Контур катушкасының индуктивтілігі

  39. Контурдың резонанстық жиілігі v, конденсатор сыйымдылығы С болса, катушка индуктивтілігін анықтайтын формула

  40. Тербеліс жиілігі артқанда

Тақырыптың тесті