3.2. Тұрақты ток

Физика

Тақырыптың тесті
Конспект
Конспект сұрақтар
  1. Ұзындығы 100 м көлденең қимасының ауданы 2 мм2 меншікті кедергісі 0,028 мкОм∙м өткізгіштің кедергісі

  2. Электр заряды q1 = 2 нКл су тамшысы заряды q2=-4 нКл су тамшысымен қосылды. Пайда болған тамшының заряды

  3. Электр заряды q1 = 2 нКл су тамшысы заряды q2 = -4 нКл су тамшысымен қосылды. Пайда болған тамшы екі (бірдей) тең тамшыға бөлінді. Осы тамшылардың заряды

  4. Көлденең қимасының ауданы 10 мм2, ток күші 5 А, мыстан жасалған өткізгіштегі бос электрондардың жылдамдығы (бос электрондардың концентрациясы 9∙1028 м-3 ; е = 1,6∙10-19 Кл)

  5. Егер кедергісі 120 Ом резистор арқылы 6 А ток өтетін болса, параллель қосылған кедергісі 80 Ом резистор арқылы өтетін ток күші

  6. I = 10 А ток t = 10 минут уақытта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы өтетін заряд

  7. Металл өткізгіш бойымен 320 мкА ток өтіп жатыр. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы әр секунд сайын өтетін электрон саны (е = 1,6∙10-19 Кл)

  8. Кедергісі R = 5 Ом өткізгіштен t = 1,5 мин уақытта q = 45 Кл заряд өтеді. Өткізгіштің ұштарындағы кернеу

  9. Ұзындықтары бірдей, бір материалдан жасалған екі өткізгіштің кедергілері мынадай R1 : R2 = 1:2. Өткізгіштердің массаларының қатынасы

  10. Ұзындығы 6 м өткізгіштің кедергісі 3 Ом. Ұзындығы 10 м дәл осындай өткізгіштің кедергісі

  11. Реостаттың кедергісін 2 есе арттырып, ондағы кернеуді 2 есе кемітеді. Осы реостат арқылы өтіп жатқан ток күші

  12. Әрқайсысының кедергісі 10 Ом бес өткізгішті бір-бірімен параллель жалғағанда жалпы кедергі

  13. Әрқайсысының кедергісі 10 Ом бес өткізгіш бір-бірімен тізбектей жалғағанда жалпы кедергі

  14. Кедергілері R1 = 5 Ом және R2 = 10 Ом екі резистор тізбектей қосылған. Осы резистордағы кернеулердің U1/U2 қатынасы

  15. Электр тізбегінде төрт электр шамы қосылған (сурет). Бұлардың ішінде параллель қосылғаны

  16. Электр тізбегіне төрт электр шамы қосылған (сурет). Бұлардың ішінде тізбектей қосылған

  17. Егер R1 = 12 Ом, R2 = 4 Ом болса, ток күшінің I1/I2 қатынасын тап (сурет).

  18. Егер R1 = 6 Ом, R2 = 6 Ом болса, тізбектің толық кедергісі (сурет).

  19. Егер R1 = 6 Ом, R2 = 6 Ом болса, тізбектің толық кедергісі (сурет)

  20. Кедергілері 10 Ом жоне 20 Ом екі резистор параллель қосылған. Ұштарындағы кернеулердің қатынасы

  21. Кернеу 200 В және ток күші 2 А болса, 2 минуттағы электр плитасындағы токтың жұмысы

  22. Кернеуі 5 В, ток күші 0,01 А өткізгіште 20 минутта бөлініп шығатын жылу мөлшері

  23. Ток күші 4 есе артқанда, кедергісі тұрақты резисторда уақыт бірлігінде бөлініп шығатын жылу мөлшері

  24. Кедергі 3 есе артқанда, өткізгіштің ұштарындағы кернеу тұрақты болғанда, өткізгіште уақыт бірлігінде бөлініп шығатын жылу мөлшері

  25. Ток күші тұрақты жағдайда резистордың (тұтынушының немесе жүктеменің) кедергісі 10 Ом-нан 5 Ом-ға дейін кемісе, онда бөлінетін қуат

  26. Ұзындығы l0, ал диаметрі d0 цилиндр пішінді өткізгіш ток көзіне жалғанған. Бұл жағдайдағы оның қуаты - Р0. Осы ток көзіне заты дәл сондай, бірақ ұзындығы l = 4l0 және диаметрі d = 2d0 цилиндр пішінді екінші өткізгіш жалғанған, осы өткізгіштің Р қуаты

  27. 1 А ток өтетін кедергіде 3 с ішінде 30 Дж жылу мөлшері бөлінеді. Осы кедергі арқылы 2 с-та 2 А ток өткенде бөлінетін жылу мөлшері

  28. Электрплитаның күйіп кеткен сымын жөндегенде, оның біршама қысқарғаны анықталды. Осы кезде электрплитаның бөліп шығаратын қуаты

  29. Электрлік қуаты 36 Вт, 12 В кернеуге есептелінген шамдағы ток күші

  30. Электр пешінің қуаты 600 Вт. Пеш 5 мин жұмыс істегенде бөлінетін жылу мөлшері

  31. Шамда көрсетілген ток күші 0,25 А және кернеуі 6 В. Шамның қуаты

  32. 10 Кл электр заряды орын ауыстырғанда бөгде күш 120 Дж жұмыс жасаса, ток көзінің ЭҚК-і

  33. Сыртқы кедергі 3,9 Ом болғанда, тізбектегі ток күші 0,5 А, ал сыртқы кедергі 1,9 Ом болғандағы ток күші 1 А болса, ток көзінің ішкі кедергісі мен ЭҚК-і.

  34. Аккумулятор батареясының ЭҚК-і 12 В, тізбектегі ток күші 4 А, ал ұштарындағы кернеу 11 В. Қысқа тұйықталудағы ток күшінің шамасы

  35. Кедергілері 1,5 Ом және 0,5 Ом екі өткізгішті өзара паралелль жалғап, ЭҚК-і 12В, ішкі кедергісі 0,125 Ом ток көзіне қосқанда, тізбектегі толық ток күші

  36. Ток көзін 4 Ом (сыртқы) кедергімен тұйықтаса 3 А, ал 7 Ом кедергімен тұйықтаса 0,2 А ток ағады (өтеді). Осы ток көзінің қысқа тұйықталу кезіндегі ток күші

  37. Суретте әрқайсысы 15 Ом-ға тең бірнеше резистордың жалғануы көрсетілген. А және В нүктелері арасындағы кедергінің мәні

  38. Екі резистор электр тізбегіне параллель жалғанған. Резисторлардағы ток күштерінің мәні І1 = 0,8 А, І2 = 0,2 А-ге тең. Кедергілерінің қатынасы

  39. Қозғалмайтын зарядталған екі дене модулі F күшімен өзара әсерлеседі. Егер әр дененің зарядтарын n есе арттырса, күш модулінің мәні

  40. Газдардағы электр тогын тасымалдаушылар

Тақырыптың тесті