3. Электродинамика. 3.1. Электростатика

Физика

Тақырыптың тесті
Конспект
Конспект сұрақтар
  1. Заряды +q сынап тамшысы заряды -q басқа тамшымен қосылды. Пайда болған тамшының заряды

  2. Бейтарап су тамшысы екіге бөлінді. Біріншісінің заряды -2q. Екінші су тамшысының заряды

  3. 1,6 А ток күші электр шамы арқылы өтеді. 4 с ішінде шам қылының көлденең қимасы арқылы өтетін электрондар саны (е = 1,6∙10-19 Кл)

  4. q1 = 4q, q2 = -8q, q3 = -2q зарядтармен зарядталған бірдей металл шарларды бір-біріне түйістіріп, қайта орнына әкелді. Әрбір шардың заряды

  5. Бірдей төрт металл шардың q1 = 5q, q2 = 7q, q3 = -3q, q4 = - 1q зарядтары бар. Алдымен q1 және q2 (1-зарядтар жүйесі) өзара түйістіріп, қайтадан бастапқы орнына келтірді, содан соң q4 және q3 зарядтарын өзара түйістірді (2-зарядтар жүйесі). Содан соң 1 және 2 зарядтар жүйесінен бір зарядтан алып оларды өзара түйістіріп, қайтадан бастапқы орнына келтірді. Осы екі шардың заряды

  6. Литий атомның ядросында 3 протон бар. Егер ядроны 3 электрон айналып жүрсе,

  7. +3е оң заряды бар тамшы жарық әсерінен 2 электронын жоғалтты. Тамшының заряды (e = 1,6∙10-19Кл)

  8. Теріге үйкегенде шыны таяқша 5∙1010 электроннан айырылды. Таяқшадағы электр заряды

    (e = -1,6∙10-19Кл)

  9. Егер өзара әсерлескен зарядтардың бірінің мәні 2 есе артса, ал әсерлесу күші өзгеріссіз қалса, онда олардың әсерлесу қашықтығы

  10. Екі нүктелік заряд әсерлесуінен кейін олардың арақашықтығын екі есе азайтса, Кулон күші

  11. Екі нүктелік заряд 1Н күшпен әсерлеседі. Егер олардың ара қашықтығын өзгертпей әрқайсысының зарядтарын 4 есе арттырса, кулон күші

  12. Екі нүктелік электр зарядының әсерлесуінен кейін олардың арақашықтығын 2 есе арттырса, Кулон күші

  13. Екі заряд ауада (εауа = 1) әрекеттеседі. Егер олардың арақашықтығын өзгертпей суға (εcy = 81) салса, онда кулондық әсерлесу күші

  14. Әр қайсысының заряды 10 нКл екі денелердің арақашықтығы 3 см-ге тең. Олардың арасындағы әсерлесу күші \(k=9\cdot 10^{9} \frac{Н \cdot м^{2} }{Кл^{2} } ;\varepsilon =1\)

  15. Сыйымдылықтары C1= 1 мкФ, С2= 2 мкФ, С3= 3 мкФ үш конденсатор берілген. Осыларды жалғап, алуға болатын ең аз сыйымдылық

  16. Кернеулігі 200 В/м біртекті электр өрісінде орналасқан, 2∙10-5 Кл нүктелік зарядқа әсер ететін күш

  17. Нүктедегі өріс кернеулігі 100 Н/Кл. Егер заряд 1∙10-7 Кл-ға тең болса, онда оның нүктеге дейінгі қашықтығы \(k=9\cdot 10^{9} \frac{Н \cdot м^{2} }{Кл^{2} } ;\varepsilon =1\)

  18. Егер электр өрісін тудыратын нүктелік зарядтың орналасу қашықтығын 5 есе арттырсақ, өрістің кернеулігі

  19. Нүктелік зарядтың epic кернеулігі қандайда бір нүктеде 4 Н/Кл. Егер зарядтың орналасу қашықтығын 2 есе арттырсақ, онда өріс кернеулігінің мәні

  20. Радиусы r болатын металл шардың ішіндегі электр өрісінің кернеулігі

  21. Вертикаль бағыттағы біртекті электр өрісінде массасы 1∙10-9 г және заряды 3,2∙10-17 Кл-ге тең тозаң орналасқан. Егер тозаңның салмағы электр өрісі күшімен теңелсе, өрістің кернеулігінің модулі (g = 10 м/с2)

  22. Қабырғалары 0,4 м шаршының үш төбесінде әрқайсысы 5∙10-9 Кл-ға тең оң зарядтар бар. Төртінші төбесіндегі кернеулік \(k=9\cdot 10^{9} \frac{Н \cdot м^{2} }{Кл^{2} }\)

  23. 5∙10-9 және 6∙10-9 Кл-ға тең екі заряд 12∙10-4 Н күшпен тебілсе, олардың арақашықтығы \(k=9\cdot 10^{9} \frac{Н \cdot м^{2} }{Кл^{2} }\)

  24. Егер нүктелік зарядтың модулін 2 есе және арақашықтығын 4 есе кемітсек, онда электр өрісінің берілген нүктесіндегі кернеулігі

  25. Әрқайсысы 3 мкКл екі зарядты бір-біріне 60 см қашықтықтан 20 см қашықтыққа жақындату үшін атқарылатын жұмыс (k = 9∙109 Н∙м2/Кл2)

  26. 2∙10-8 Кл және 3∙10-9 Кл нүктелік зарядтар вакуумде бір-бірінен 40 см қашықтықта орналасқан. Оларды 25 см-ге дейін жақындату үшін электр өрісінің атқаратын жұмысы (k = 9∙109 Н∙м2/Кл2)

  27. 20 нКл, 5 нКл нүктелік зарядтар бір-бірінен 50 см қашықтықта орналасқан. Олардың арақашықтығын 5 есе арттырғанда, электр өрісінің атқаратын жұмысы (k = 9∙109 Н∙м2/Кл2)

  28. Вакуумда орналасқан зарядтан 9 см қашықтықтағы өріс кернеулігі 0,4 МВ/м. Осы зарядты керосинге енгізгенде, кернеулік өзгеріссіз қалатын нүктелерге дейінгі қашықтық

    керосин = 2; εвакуум = 1)

  29. Вакуумдағы бірдей екі зарядты суға салғанда, олардың өзара әсерлесу күші сондай қашықтықта өзгеріссіз қалу үшін әр зарядтың шамасын (εвакуум = 1; εсу = 81)

  30. Қабырғасы 30 см шаршының қарама-қарсы екі төбесіне 0,2 мкКл бірдей зарядтар орналасқан. Қалған екі төбесіндегі өріс кернеулігі (k = 9∙109 Н∙м2/Кл2)

  31. Егер C1 = C2 = C3 = C4 = C болса, суретте көрсетілген конденсатор батареясының электр сыйымдылығы

  32. Егер C1 = 2 мкФ, С2 = 4 мкФ, С3 = 1 мкФ, С4 = 2 мкФ, С5 = 6 мкФ болса, суретте көрсетілген конденсатор батареясының электр сыйымдылығы.

  33. Арақашықтығы 2 мм жазық конденсатор астарлары арасына парафин енгізгенде, конденсатор кернеуі 200 В болса, электр өрісі энергиясының көлемдік тығыздығы

    0 = 8,85∙10-12 Кл2/Н∙м2, εпарафин = 2)

  34. Сыйымдылықтары 4 мкФ параллель қосылған 20 конденсатордан тұратын батарейка разрядталғанда 10 Дж жылу бөлінсе, конденсатор пластиналары арасындағы потенциалдар айырымы

  35. Үш бірдей конденсатор кернеу көзіне қосылған. Конденсаторлардың параллель қосқандағы энергиясы тізбектей қосқандағы энергиясынан

  36. Бір конденсатордың сыйымдылығы екіншісінің сыйымдылығынан 9 есе артық. Конденсаторлар энергиялары тең болу үшін

  37. Егер жазық конденсатор астарларының арасына салынған слюданы (ε1 = 6) балауызбен (ε2 = 2) алмастыратын болсақ, онда оның электр сыйымдылығы

  38. Егер зарядтардың арақашықтығын 2 есе кемітсе, q1 және q2 зарядтардың әсерлесуінің потенциалдық энергиясы

  39. Зарядтары q және -2q болатын нүктелік зарядтардың арақашықтығы 6а. Зарядтарды қосатын түзу бойында өріс потенциалы нөлге тең болатын нүктенің q зарядтан қашықтығы

    (k = 9∙109 Н∙кг2/Кл2)

  40. Өріс кернеулігі 10 МВ/м-ге жеткенде конденсатордың тесілуі байқалатын болса, оған 3,1 мкКл заряд беріледі. Жазық конденсатордың ауданы (ε0 = 8,85∙10-12 Ф/м; ε = 1)

Тақырыптың тесті