2.2. Термодинамика

Физика

Тақырыптың тесті
Конспект
Конспект сұрақтар
  1. Бес тәулікте 50 г су толық буланса, онда 1 с ішінде орта есеппен ұшып шығатын молекула саны

    (М = 18∙10-3 кг/моль; NA= 6,02∙1023 моль)

  2. Идеал газдың температурасы 70 К-ге артқанда оның молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы 300 м/с-тан 400 м/с-қа артады. Газ молекуласының орташа квадраттық жылдамдығы 400 м/с-тан 500 м/с-қа дейін арттыру үшін газды қыздыру температурасының өзгергісі

  3. 27°С температурадағы мөлшері 3 моль гелий жабық ыдыста тұр. Газға 3 кДж жылу берілсе ыдыстың қысымы

  4. Газға 5 кДж жылу мөлшері берілді. Сондағы жылудың 80%-ы газдың ішкі энергиясын арттыруға кетті. Газдың атқарған жұмысы

  5. 20°С-де сынаптың қаныққан буының тығыздығы 0,02 г/м3-қа тең. Осы температурадағы оның бу қысымы (Сынаптың мольдік массасы 200 г/моль; R = 8,31 Дж/К∙моль)

  6. Спиртовкада массасы 100 г суды 16°С-тан 71°С-қа дейін қыздырады. Осы кезде массасы 10 г спирт жағылған. Қондырғының ПӘК-і (qспирт = 2,7∙107 Дж/кг; ссу = 4200 Дж/кг ∙ °С)

  7. Температурасы 10° С баллонда массасы 0,5 кг гелий бар. Егер оның температурасын 30° С дейін жоғарылатсақ, ішкі энергиясының өзгерісі (М = 4∙10-3 кг/моль, R = 8,31 Дж/(моль∙К))

  8. 4 моль бір атомды идеал газдың температурасын 200 К - ге кемітсек, оның ішкі энергиясының өзгерісі (R = 8,31 Дж/моль∙К)

  9. Газ адиабаталық жолмен ұлғайғанда, 200 Дж жұмыс істеді. Оның ішкі энергиясының өзгерісі

  10. Баллонда температурасы 270 °С және қысымы 60 кПа газ бар. Температурасын 73 °С -қа дейін төмендетсе, газ қысымы

  11. Жұмыстық дене қыздырғыштан алған әрбір килоджоуль энергияның арқасында 300 Дж жұмыс атқарады. Суытқыштың температурасы 290 К. Жылу машинасының ПӘК-і және қыздырғыштың температурасы

  12. Газды изобаралық жолмен қыздырғанда 270 Дж жұмыс істелді. Газ ұлғайып, оның көлемі 2∙10-3 м3 шамаға артты. Газдың қысымы

  13. Изохоралық процесте газға 4∙1010 Дж жылу берілген газдың ішкі энергиясы мен жұмысы

  14. Егер термодинамикалық жүйеге Q = 2000 Дж жылу мөлшері беріліп және сыртқы күштер А = 500 Дж жұмыс жасаса, онда жүйенің ішкі энергиясы

  15. Адиабаталық процесс кезінде 400 Дж жұмыс атқарғандағы газдың ішкі энергиясының өзгерісі

  16. Изотермиялық процесте газға Q жылу мөлшері берілсе, газдың істейтін жұмысы

  17. Температурасы 15°С, массасы 120 г шыны стақанға температурасы 100°С, массасы 200 г су құяды. Жылулық тепе-теңдік орнайтын температура

    ш = 800 Дж/кг∙К; ссу = 4200 Дж/кг∙К )

  18. t0 = 27°С температурада алынған оттекті изобаралық түрде сығып, оның көлемін бастапқымен салыстырғанда 5 есе азайтады. Егер газдың массасы m = 160 г болса, сығу кезінде атқарылған жұмыс (М = 32∙10-3 кг/моль, R = 8,31 Дж/К∙моль)

  19. 20°С температурадан 50°С-қа дейін изобаралық қыздырғанда, газ 2,5 кДж жұмыс атқарады. Осы процеске қатысқан молекулалар саны (Na=6∙1023 моль-1; R = 8,31 Дж/К∙моль)

  20. Газ изобаралық процесте ұлғайып, жұмыс жасаса, оның ішкі энергиясының өзгерісі

  21. Идеал газды поршенмен сығады әрі қыздырады. Егер газдың көлемі 5 есе азайып, ал қысымы 7 есе артса, оның ішкі энергиясы

  22. Бала стақанның \(\frac{3}{4}\) бөлігіне дейін қайнап жатқан су құйып, қалғанын салқын сумен толтырады. Егер салқын судың температурасы 20°С болса, онда стақандағы судың температурасы

  23. Баллонда 300 К температурада 4 моль бір атомды газ бар. Қыздырған кезде газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы 1,3 есе артады. Газға берілген жылу мөлшері

    (R = 8,31 Дж/К∙моль)

  24. Мотороллер қозғалтқышының v = 58 км/сағ жылдамдықтағы қуаты 3,31 кВт. Қозғалтқыштың ПӘК-і 20%. Егер мотороллердің бензобагында 3,2 л бензин болса, оның жүрген жолы (qб = 46∙106 Дж/кг; pб = 710 кг/м3)

  25. t1 = 40° С-тағы 200 г суды t2 = 20° С-тагы 100 г сумен араластырамыз. Қоспаның температурасы

  26. Q = 4∙1026 Дж энергия алу үшін, жағылатын тас көмір массасы (qk = 2,7 ∙107 Дж/кг).

  27. Балқу температурасында алынған, массасы 4 кг қорғасынды балқытуға қажет жылу мөлшері. (λ = 0,25∙105 Дж/кг).

  28. Суреттегі графикте кристалдану процесі көрсетілген бөлік

  29. Қыздыру кезінде зат қатты күйден сұйыққа, сосын газ күйіне ауысады. Суретте жылу берілу мен қуат тұрақты болатын жағдайда зат температурасының уақытқа тәуелділік графигі берілген. Графиктің булану процесіне сәйкес келетін бөлігі:

  30. Қыздырғыштың температурасы 227°С, ал тоңазытқыштың температурасы 7°С. Жылу машинасының ПӘК-і

  31. Жылу машинасы 1 циклде қыздырғыштан 100 Дж жылу мөлшерін алып, тоңазытқышқа 75 Дж жылу береді. Машинаның ПӘК-і

  32. Идеал жылу двигателі қыздырғыштан 0,6 МДж жылу алып, тоңазытқышқа 0,2 МДж жылу береді. Двигательдің ПӘК-і

  33. Идеал жылу машинасы Карно циклі бойынша жұмыс істейді. Егер машина бір циклде 1 кДж жұмыс істеп, тоңазытқышқа 4 кДж жылу беретін болса, машинаның ПӘК-І

  34. 175 г су спиртовкада 15° С-тан 75 °С-қа дейін қыздырылды. Спиртовканың спиртпен қосып алғандағы бастапқы массасы 163 г болатын. Ал қыздыру аяқталғаннан кейін массасы 157 г болды. Қыздырғыштың ПӘК-і (qспирт = 2,7∙107 Дж/кг; ссу = 4200 Дж/кг∙°С)

  35. ПӘК-і 20% пеште 10 т шойынды 10 °С-тан 1160 0 С-қа дейін кыздыру үшін жағылатын кокстың массасы (q к = 3,15∙107 Дж/кг; сш= 500 Дж/кг ∙ °С)

  36. Қуаты 55 кВт болатын "Волга" автокөлігі 1 кВт∙сағ-қа 0,31 кг бензин жұмсаса, оның қозғалтқышының ПӘК-і (qб = 4,6 ∙107 Дж/кг)

  37. Егер мотоцикл жылдамдығы 108 км/сағ болып, 100 км жолға 3,7 л бензин жұмсаса, двигателінің ПӘК-і 25% мотоцикл өндіретін орташа қуат (qб = 4,6∙107 Дж/кг; pб= 700 кг/м3)

  38. Идеал жылу машинасында қыздырғыштан алынатын әр килоджоуль энергия есебінен 300 Дж жұмыс атқарылады. Егер тоңазытқыш температурасы 280 К болса, машинаның ПӘК-і мен қыздырғыштың температурасы

  39. Салқын металл дене ыстық сұйыққа салынды. Егер дене массасы сұйықтың массасынан екі есе артық болса, металл дене мен сұйықтың меншікті жылу сыйымдылыктарының арасындағы қатынасты анықта

    д - дененің меншікті жылу сыйымдылығы, сс -сұйықтың меншікті жылу сыйымдылығы).

  40. Шәйнектегі су электрплитасында қыздырылды. Егер 10 минутта 20°С-дан 100°С-ға дейін қыздырылса, толық булануға кеткен уақыт

    су= 4200 Дж/(кг∙°С), rсу = 2,3 МДж/кг)

Тақырыптың тесті