2. Молекулалық физика. 2.1. Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі.

Физика

Тақырыптың тесті
Конспект
Конспект сұрақтар
  1. Молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы 700 м/с оттегінің қысымы 0,2 МПа болса, ал молекулалары шоғыры

    (М = 32∙10-3 кг/моль, NA = 6∙1023 моль-1)

  2. Егер газ молекуларының шоғырын 3 есе арттырып, орташа квадраттық жылдамдығын 3 есе кемітсе, онда газдың қысымы

  3. Температурасы Т = 296 К, массасы 10 г газдың орташа квадраттық жылдамдығы \(\overline{\vartheta }\; =480{\rm \; }м/с\). Осы газдағы молекула саны (k = 1,38∙10-23 Дж/К)

  4. Бөлме пешіне от жағылғаннан кейін ауа температурасы 15-тен 27°С-ге көтерілсе, молекула саны

  5. Жабық ыдыста идеал газ бар. Егер газ молекуласының орташа квадраттық жылдамдығын 20%-ға арттырса, қысымы

  6. 20 моль газы бар, баллондагы газ молекулаларынын, саны (NA = 6∙1023 моль-1)

  7. Бетінің ауданы 20 см2 затқа қалыңдығы 1 мм күміс жалатылды. Күміс қабатындагы атом саны (pкүміс = 10500 кг/м3; M(Ag) = 108∙10-3 кг/моль; NA = 6∙1023 моль-1)

  8. Тереңдігі 100 м және ауданы 10 км2 көлге массасы 0,01 г ас тұзының бір түйірін тастап және осы көлде тұздың барлық молекулалары бірдей тарайды деп есептесек, 2 см3 көл суындағы еріген тұздың молекула саны (M(NaCl) = 58∙10-3 кг/моль; NA = 6∙1023 моль-1)

  9. Көлемі 1 мм3 мұнай тамшысы су бетінде 3 м2 ауданға жайылды десек, мұнайдың ең кіші бөлшегінің өлшемі

  10. Күміс және алюминийден жасалған көлемдері бірдей қасықтардағы атом санын салыстыр

    (pк = 10800 кг/м3; Мк = 108∙10-3 кг/моль; pа = 2700 кг/м3; Ма = 27∙10-3 кг/моль)

  11. Сыйымдылығы 1 л ыдысқа толтырылған азоттың тығыздығы 2 кг/м3 болса, осы ыдыстағы азот молекуласының саны (M(N2) = 28∙10-3 кг/моль; NA = 6∙1023 моль-1)

  12. Табақша ішіндегі 50 г су 6 тәулікте толығымен буланып кетсе, 1 с ішінде осы беттен буланатын молекула саны (М(Н20) = 18∙10-3 кг/моль ; NA = 6∙1023 моль-1)

  13. 20 моль көміртегі мен 50 моль сутегі қосылысынан 10 моль жанатын газ түзеледі. Осы газдың молярлық массасы (М(С2) = 24∙10-3 кг/моль; М(Н2) = 2∙10-3 кг/моль)

  14. 12 моль алюминийдің алатын көлемі (М(Аl) = 27∙10-3 кг/моль; pAl = 2700кг/м3)

  15. Мыс купоросының (CuS04) мольдік массасы мен молекула массасы

    (М(Cu) = 64∙10-3 кг/моль; M(S) = 32∙10-3 кг/моль; М(О) = 16∙10-3 кг/моль; NA = 6∙1023 моль-1)

  16. Көлемі 2 м3, ішкі энергиясы 450 кДж бір атомды идеал газ молекулаларының түсіретін қысымы

  17. Идеал газ молекуласының 1000°С температурадағы орташа кинетикалық энергиясы

    (k = 1,38∙10-23 Дж/К)

  18. Молекула концентрациясы n = 3,6∙1025 м-3, орташа квадраттың жылдамдығы 2550 м/с сутегі молекулаларының түсіретін қысымы

    (М(Н2) = 2∙10-3 кг/моль; Na = 6,02∙1023 моль-1)

  19. Жабық ыдыстағы идеал газдың орташа квадраттық жылдамдығы 50%-ға артса, қысым

  20. Белгілі бір температурада сутегі молекуласының орташа квадраттық жылдамдығы 1760 м/с болса, осы температурадағы оттегі молекуласының орташа квадраттық жылдамдығы

    (М(Н2) = 2∙10-3 кг/моль; М(O2) = 32∙10-3 кг/моль)

  21. Қысымы 4∙105 Па, температурасы 320 К оттегінің тығыздығы

    \((M_{O_{2} } =32\cdot 10^{-3} кг/моль,R=8,31Дж/моль\cdot K)\)

  22. Газ тұрақты қысымда t1 = 27°C температурадан t2 = 39°C температураға дейін қыздырылды. Көлемнің ұлғаюы

  23. Көлемі 20 л баллондағы температурасы 17°С қысымы 830 кПа сутегінің массасы

    (М(Н2) = 2∙10-3 кг/моль; R = 8,31 Дж/моль∙К)

  24. Массасы 2 г, қысымы 0,2 МПа, көлемі 830 см3 азоттың температурасы

    (М = 0,028 кг/моль; R = 8,31 Дж/моль∙К)

  25. Бастапқы көлемі 12,32 л газды тұрақты қысымда 45 К-ге салқындатқанда, көлемі 10,52 л болса, газдың бастапқы температурасы

  26. Температураны 20°С-тан 29°С-қа дейін арттырғанда, көлемі 83 м3 бөлмеден шығатын ауа массасы

    (Mауа = 29∙10-3кг/моль; R = 8,31Дж/моль∙К; p = 105Па)

  27. Изотермиялық сығылу кезінде газ көлемі 5 л-ге азайып, қысымы 3 есе артса, газдың бастапқы көлемі

  28. Изохоралық процесс кезінде газ температурасы 30 %-ға артып, қысымы 200 кПа болды. Газдың бастапқы қысымы

  29. Ашық ыдыста тұрған судың қайнау температурасы тау етегіндегі Т1 және тау шыңында Т2 болса, оның қайнау температураларын салыстыр.

  30. 0°С температурадағы 6 кг мұзды 10 минутта балқытуға қажет қыздырғыштың қуаты (λ = 334 кДж/кг)

  31. Спирт 78°С тұрақты температурада буланады. Булану кезінде энергия

  32. 10°С температурадағы 10 л суды 100°С-ге дейін қыздырып, оны буға айналдыру үшін қажетті жылу мөлшері (ссу = 4200 Дж/кг∙К; гсу = 23∙105Дж/кг)

  33. Қорғасын оқтың кедергіге тигенге дейінгі температурасы 100°С. Соғылу кезінде оқтың кинетикалық энергиясының 60%-ы ішкі энергияға айналса және оқ толығымен балқып кеткен болса, оның соғылар мезеттегі жылдамдығы

    балқу = 600 К, λ = 0,25∙105Дж/кг, с = 0,13∙103Дж/кг∙К )

  34. Температурасы 60°С, парциал қысымы 14 кПа ауа буының абсолют ылғалдылығы (p)

    (Mсу = 18∙10-3кг/моль; R = 8,31 Дж/К∙моль)

  35. Қаныққан будың температурасы жоғарылаған сайын оның тығыздығы ...

  36. Салыстырмалы ылғалдылықты анықтайтын өрнек

  37. Ауа температурасы 16°C, шық нүктесі 6°С. Ауаның абсолют және салыстырмалы ылғалдылығы (t = 16°С; p = 13,6 г/м3; t = 6°С; р = 7,3 г/м3)

  38. Диаметрі 1 мм мыс сым 188,4 Н күштің әсерінен үзіледі. Созылған кездегі мыстың беріктік шегі

  39. Механикалық кернеуі 60 МПа-ға тең болуы үшін 25 кН күш түсірілген болат сымның диаметрі

  40. Денеге түсірілген сыртқы күштердің әрекеті тоқтаған бойда жоғалатын деформация

Тақырыптың тесті