1.4. Сақталу заңдары

Физика

Тақырыптың тесті
Конспект
Конспект сұрақтар
  1. Массасы 0,1 кг арбаша үстелдің горизонталь бетінде 5 м/с жылдамдықпен қозғалса, арба импульсі

  2. Массасы 0,01 кг атылған оқ 600 м/с жылдамдықпен ұңғыдан ұшып шықса, оққа әсер еткен газдың орташа қысым күшінің жұмысы

  3. Жоғарыдан сырғанап түскен кинетикалық энергиясы 240Дж шананың горизонталь бөліктегі тежелу жолы 12 м болса, тежелу кезіндегі үйкеліс күші

  4. 20 м/с жылдамдықпен тік жоғары лақтырылған массасы 0,4 кг доптың ең жоғарғы биіктіктегі потенциалдық энергиясы (g = 10 м/с2)

  5. Тұрақты күштің әсерінен 4 с ішінде дененің импульсі 20 кг∙м/с-ке өзгерсе, әсер еткен күш

  6. Екі шар бір-біріне қарама-қарсы қозғалады. Біріншінің импульсі – p1 екіншінікі – р2. Жүйенің р толық импульсінің модулі

  7. Тұйық жүйеде өзара әсерлесуші екі дене үшін импульстің сақталу заңы

  8. Массалары 7 кг және 3 кг, ал жылдамдықтары сәйкесінше 3 м/с және 2 м/с екі дене бір-біріне қарсы қозғалып, серпімсіз соқтығысады. Соққыдан кейінгі денелердің жылдамдығының модулі (ОХ осі оңға бағытталған)

  9. Массасы 400 г тыныштықтағы доп 2 кН күштің әсерінен 15 м/с жылдамдық ала қозғалса, күштің әсер ету уақыты

  10. 8 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 50 кг хоккейші массасы 0,5 кг шайбаны хоккей таяғымен өзінің қозғалыс бағытымен ұрғанда, шайба 100 м/с жылдамдықпен қозғалады. Хоккейшінің шайбаны соққаннан кейінгі жылдамдығы

  11. Массасы 10 т вагон 2 м/с жылдамдықпен қозғалады. Оны 3 м/с жылдамдықпен келе жатқан массасы 15 т вагон қуып жетеді. Егер соқтығысу серпімсіз болса, соқтығысқаннан кейінгі вагондардың жылдамдығы

  12. Массалары m текше тәріздес екі дене беті тегіс үстел бетімен модулі \(\overrightarrow{v}\) жылдамдықтарымен қозғалады. Соққыдан кейін екі дене бірігіп қалады. Екі денелер жүйесінің соқтығысқанға дейінгі және кейінгі қосынды импульстерінің модулі

  13. Суретте горизонтқа бұрыш жасап лақтырылған дененің қозғалыс траекториясы берілген. Кинетикалық және потенциалдық энергиялардың қосындысы (Ауаның кедергісін ескермендер.)

  14. Тұйық жүйе құрайтын және бір-бірімен ауырлық күші мен серпімділік күші арқылы әрекеттесетін денелердің...

  15. 10 м биіктіктен еркін құлаған массасы 2,5 кг дененің 1 с өткеннен кейінгі потенциалдық энергиясының өзгерісі (g=10м/с2)

  16. 10 м биіктіктен құлай бастаған массасы 0,5 кг жүктің 1 с өткеннен кейінгі потенциалдық энергиясы (g=10м/c2)

  17. Массасы 2 кг дененің 10 м биіктікте 20 м/с жылдамдықпен козғалғандағы толық механикалық энергиясы (g=10 м/с2)

  18. Серіппесінің қатаңдығы 10000 Н/м динамометрді созып, бала өзі тарта алатын ең үлкен күш 400 Н-ға тең екендігін анықтады. Баланың серіппені созғанда атқаратын жұмысы

  19. Суретте әткеншекте тербетілген баланың кинетикалық энергиясының уақыт өтуіне байланысты өзгерісі берілген. Әткеншектің тепе-теңдік күйден қозғалып графиктегі А нүктесіне жеткендегі потенциалдық энергиясы

  20. Тыныштықта болған дене биіктіктен Жерге еркін құлай бастайды. Жер бетімен салыстырғанда дененің потенциалдық энергиясының уақытқа байланысты графигі

  21. Серіппелі маятник 1 мен 3 аралықта еркін өшпейтін тербеліс жасайды. Маятниктің 2-ден 3-ке орын ауыстырғанда

  22. 15 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырған массасы 250 г дененің кинетикалық энергиясы

  23. Жебенің бастапқы жылдамдығы 40 м/с. Садақтан вертикаль жоғары ұшқан жебенің ең жоғарғы көтерілу биіктігі (Ауаның кедергісін ескермеңдер, g = 10 м/с2.)

  24. Массасы 400 г, 2 м биіктіктен еркін құлаған дененің жерге соғылар мезеттегі кинетикалық энергиясы (g = 10 м/с2)

  25. Тік жоғары 10 м/с жылдамдықпен лақтырылған массасы 100 г, дененің ең жоғарғы нүктедегі потенциалдық энергиясы

  26. Тік жоғары 30 м/с жылдамдықпен атылған массасы 50 г, жебенің, 2 с-тен кейінгі потенциалдық және кинетикалық энергиясы (g = 10 м/с2)

  27. Массасы 2 т автомобилдің авариялық тежелу жолы 50 м болғанда үйкеліс коэффициенті 0,4-ке тең болса, үйкеліс күшінің жұмысы (g = 10 м/с2)

  28. Ұзындығы 36 м горизонталь жол бөлігінде велосипедші жылдамдығы 10 м/с-тен 8 м/с-қа дейін азайған. Велосипедке әсер еткен үйкеліс коэффициенті (g = 10 м/с2)

  29. Массасы 2 т горизонталь бағытта 50 м/с жылдамдықпен ұшқан ұшақ 420 м биіктікте двигателін өшіріп, төмендей бастады да, 30 м/с жылдамдықпен аэродром жолына келіп жетті. Ұшақтың қалықтап төмен түскендегі ауаның кедергі күшінің жұмысы (g = 10 м/с2)

  30. Үстіндегі адамды қоса есептегендегі массасы 100 кг қолшана биіктігі 8 м, ұзындығы 100 м төбешіктен сырғанап түсті. Егер төбешіктің етегінде шананың жылдамдығы 10 м/с және бастапқы жылдамдығы нөлге тең болса, қозғалыстың орташа кедергі күші (g = 10 м/с2)

  31. Тепе-тең күйдегі маятникке, горизонталь бағытта берілген \(\overrightarrow{v_{0} }\) жылдамдықтың әсерінен, маятник шаригінің көтерілу биіктігі

  32. Рычагтың ұзын иініне 2,5 кН күш түсіріп, рычагтың қысқа иініне ілулі тұрған массасы 1 т жүкті 0,8 м биіктікке көтергенде, күш түсірілген нүкте 4 м-ге төмен түсті. Рычагтың ПӘК-і

    (g= 10 Н/кг)

  33. Көлбеу жазықтық көмегімен жүкті көтерген кездегі пайдалы жұмыс 800 Дж, ал толық жұмыс 1000 Дж. Көлбеу жазықтықтың ПӘК-і

  34. Көлбеу жазықтық күштен 3 есе ұтыс берсе, жолдан

  35. ПӘК-і 40% көлбеу жазықтықпен 400 Дж жұмыс жасап денені көтергенде атқарылған пайдалы жұмыс

  36. 100 м3 суды 4 м биіктікке 10 мин ішінде көтерген, двигателдің қуаты 20 кВт сорғының ПӘК-і (р = 1000 кг/м3; g = 10 м/с2)

  37. Жылжымалы блоктың көмегімен массасы 3 т жүкті 6 м биіктікке көтергенде, тростың керілу күші 16 кН. Блоктың ПӘК-і (g = 10 м/с2)

  38. Иіндік ұштарына 2 Н және 18 Н күштер әсер етеді. Иіндік ұзындығы 1 м. Егер иіндік тепе-теңдікте болса, оның тіреу нүктесінің орналасуы

  39. Иіндік ұштарына 40 Н және 240 Н күштер әсер етеді, тіреу нүктесінен кіші күштің түсу нүктесіне дейінгі арақашықтық 6 см. Егер иіндік тепе-теңдікте тұрса, онда оның ұзындығы

  40. Жылжымалы блоктың салмағы 20 Н. Егер жіптің бос ұшына 210 Н күш түсірсе, онда оның көмегімен бірқалыпты көтерілген жүктің массасы

Тақырыптың тесті