1.3. Жұмыс. Қуат. Энергия

Физика

Тақырыптың тесті
Конспект
Конспект сұрақтар
  1. Массасы 20 мг жаңбыр тамшысы 2 км биіктіктен Жерге жеткенге дейін ауырлық күшінің атқаратын жұмысы (g = 10 м/с2)

  2. Әр метрінің массасы 400 г арқанмен массасы 8 кг суы бар шелекті тереңдігі 10 м құдықтан көтергендегі істелген жұмыс (g =10 м/с2)

  3. Қозғалтқышының қуаты 10 кВт және ПӘК-і 80% көтергіш кран массасы 5 т жүкті 15 м биіктікке көтеруге жұмсайтын уақыты (g = 10м/с2)

  4. Көлемі 100 м3 мұнайды 8 мин ішінде 6 м биіктікке көтеретін қондырғының қуаты 25 кВт. Қондырғының ПӘК-і (g = 10м/с2; рм= 800 кг/м3)

  5. Массасы 5 кг денені 10 м биіктікке көтергенде, әсер ететін ауырлық күшінің жұмысы (g = 10 м/с2)

  6. Жылдамдығы 400 м/с оқ бөгетке тиіп, оған 0,5 м кіріп тоқтады. Оқтың массасы 24 г болса, бөгеттің оққа жасаған орташа кедергі күші

  7. Су электростанциясындағы плотинаның биіктігі 12 м, су ағынының қуаты 3 МВт. Плотинадан 1 минутта құлайтын су көлемі

    су = 1000кг/м3; g = 10 м/с2)

  8. 20 м биіктіктен еркін түсетін массасы 20 кг дененің Жер бетінен 1 м биіктіктегі потенциалдық және кинетикалық энергиялары (g = 10 м/с2)

  9. Массалары бірдей екі автомобиль бір уақытта орнынан үдемелі қозғалады. Бір мезетте бірінші автомобильдің v жылдамдығы екіншісінен 2 есе көп болса, автомобильдің орташа қуаттарының қатынасы N1/N2

  10. Еркін түсіп келе жатқан массасы 4 кг дененің жылдамдығы жолдың бір бөлігінде 2 м/с-тен 8 м/с-қа артқан болса, осы жолдағы ауырлық күшінің жұмысы (g = 10м/с2)

  11. Массасы 400 г, дене 300 см биіктіктен құлап жерге соғылатын кинетикалық энергиясы (g = 10 м/с2)

  12. 4 м/с жылдамдықпен тік жоғары лақтырылған массасы 0,5 кг дененің ең жоғарғы биіктікке көтерілгендегі кинетикалық энергиясының өзгерісі (g=10 м/с2)

  13. Горизонтқа бұрыш жасай лақтырылған дененің ең үлкен кинетикалык энергиясы оның ең аз мәнінен 2 есе үлкен. Дененің горизонтқа лақтырылған бұрышы

  14. Тыныштық күйден ϑ жылдамдыққа дейін қозғалатын автомобиль двигателі 1000 Дж жұмыс атқарады. ϑ жылдамдықтан 2ϑ жылдамдыққа жету үшін двигательдің атқаратын жұмысы

  15. Массасы 2 кг тас вертикаль жоғары лақтырылған, оның бастапқы кинетикалық энергиясы 400 Дж, 15 м биіктікте оның жылдамдығы

  16. Ұзындығы 5 м, көлденең қимасы 100 см2 болат бөренені көтергіш кран горизонталь жатқан күйінде 12 м биіктікке көтергендегі пайдалы жұмыс

    (pб = 7,8\(\cdot\)103 кг/м3; g = 10 м/с2)

  17. Еркін түсіп келе жатқан дененің түсу уақытының 1-жартысындағы және 2-жартысындағы ауырлық күші жұмысының қатынасы A1/A2

  18. Бала массасы 100 г допты бір нүктеден тік жоғары лақтырып, осы нүктеде қайтадан ұстап алды. Доптың барлық жолдағы ауырлық күшінің жұмысы (g = 10м/с2)

  19. Потенциалдық энергиясы 10 кДж, массасы 10 кг дененің нөлдік деңгейден биіктігі (g= 10 м/с2)

  20. Дене Жерге 20 м/с жылдамдықпен құлайды. Оның құлау биіктігі (g = 10 м/с2)

  21. Тік жоғары лақтырылған, массасы 0,2 кг доптың бастапқы кинетикалық энергиясы 50 Дж болса, оның кинетикалық және потенциалдық энергиялары теңесетін биіктік (g = 10 м/с2)

  22. 30 м биіктіктен еркін құлаған массасы 4 кг дененің потенциалдық энергиясы 3 есе кеміген кезде кинетикалық энергиясы (g = 10 м/с2)

  23. Массасы 2 кг, 4 м/с жылдамдықпен қозғалған шар, массасы 2 кг тыныштықта тұрған шармен абсолют серпімсіз соқтығысқаннан кейінгі шарлардың кинетикалық энергиясы

  24. Тереңдігі 3 метр су түбінде жатқан көлемі 0,25 м3 бетонды су бетінен 3 м биіктікке көтеру үшін істелетін жұмыс \(\left(\rho _{су} =10^{3} \frac{кг}{м^{3} } ;\rho _{б} =2\cdot 10^{3} \frac{кг}{м^{3}} ;g=10\frac{м}{с^{2} } \right)\)

  25. Дене 10 м биіктіктен еркін құлайды. Жер бетінен 6 м биіктіктегі дененің жылдамдығы (g = 10 м/с2)

  26. Балалар пистолетінің серіппесін 3 см-ге жиырған кезде 20 Н күш жұмсалады. Сығылған серіппенің потенциалдық энергиясы

  27. Массасы m жүкті тыныштық күйінен һ биіктікке тұрақты а үдеумен көтереді. Орын ауыстырғандағы күштің жұмысы

  28. Үстел бетінен массалары әртүрлі екі шар түрліше биіктікке көтерілді. Шарлардың потенциалдық энергияларының қатынасы

  29. Серіппені 4 мм-ге созу үшін 0,02 Дж жұмыс істелсе, осы серіппені 4 см-ге созу үшін атқарылатын жұмыс

  30. Серіппелі тапаншаны атуға дайындағанда, қатаңдығы 1 кН/м серіппе 3 см-ге жиырылады. Массасы 49 г оқтың горизонталь бағытта ие болатын жылдамдығы

  31. Серіппелі тапаншаның серіппесінің қатаңдығын 2 есе арттырғанда горизонталь бағытта атылған оқтың жылдамдығы

  32. Серіппенің қатаңдығы k, ал сығылуы х болғанда, жоғары тік атылған, массасы m оқтың ұшып шығу жылдамдығы (g =10 м/с2)

  33. Массасы 16 г снаряд горизонталь бағытта 8 м/с жылдамдық алу үшін қатаңдығы 160 Н/м серіппелі тапаншаның серіппесінің сығылуы

  34. Серіппесінің қатаңдығы 10 кН/м динамометрді созған бала, максимал күшті 400 Н-ға жеткізгенде істеген жұмысы

  35. Қатаңдықтары бірдей екі серіппенің біреуін 5 см-ге созып, екіншісін 5 см-ге сыққанда, осы серіппелердің потенциалдық энергияларының қатынасы

  36. Деформацияланған серіппенің абсолюттік деформациясын 2 есе арттырсақ, онда оның потенциалдық энергиясы

  37. Қатаңдығы 500 Н/м серіппенің абсолюттік деформациясы 2 см-ден 6 см-ге дейін артқан кезде оның потенциалдық энергиясының өзгерісі

  38. 40 Н-ға есептелген динамометр серіппесінің қатаңдығы 500 Н/м. Серіппені шкаланың ортасынан бастап соңғы бөлікке дейін созу үшін атқарылатын жұмыс

  39. Ұшақтың массасы 1 т, екпін алу жолы 300 м ұшу жылдамдығы 30 м/с, кедергі коэффициенті 0,03 болса, оның үдемелі қозғалысының орташа қуаты

  40. Қатаңдығы k серіппе х-ке созылды. Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы

Тақырыптың тесті