1.2. ДИНАМИКА НЕГІЗДЕРІ

Физика

Тақырыптың тесті
Конспект
Конспект сұрақтар
  1. Массасы 1 кг денені Жер бетінен 3 м/с2 үдеумен жоғары көтеру үшін жұмсалатын күш (g= 10 м/с2).

  2. Бір нүктеге түсірілген екі күштің арасындағы бұрыш 90°, теңәсерлі күшінің модулі 5 Н, ал F1 =3 Н болса, F2 мәні

  3. Бір нүктеге түсірілген F1=ЗН және F2=5Н күш векторлары арасыңдағы бұрыш 180°. Осы күштердің теңәсерлі күші

  4. 0,78 Н күштің әсерінен 1 м/с2 үдеумен қозғалған көлемі 100 см3 дененің тығыздығы

  5. Массасы 5 кг денеге қарама-қарсы бағытта F1 және F2 күштер әсер етеді. Егер күштер F1 = 12 Н және F2 = 8 Н болса, дененің алатын үдеуі және қозғалыс бағыты

  6. Жылжымайтын екі блок арқылы жіптің ұштарына массалары m=5 кг бірдей екі жүк ілінген. Блоктардың арасына, тепе-теңдік кезіндегі бұрыш 120° болу үшін жіпке ілінген жүктің массасы

  7. Бірдей қалыңдықтағы бес пластинаның тығыздықтары бірдей (сурет). Ең үлкен массалы пластинка

  8. Жылдамдығы 200 м/с массасы 160 г оқ бөгетке тиді және тоқтағанға дейін 16 см өтті. Бөгеттің кедергі күші

  9. Массасы 1500 кг автомобиль 0,5 м/с2 үдеумен горизонталь бағытта қозғала бастады. Қозғалысқа кедергі жасайтын күш 500 Н-ға тең. Қозғалтқыштың өндіретін тарту күші

  10. Суға батырылған дененің \(\frac{1}{4}\) бөлігі су бетіне шығатын болса, дененің тығыздығы \(\left(\rho _{су} =1000\frac{кг}{м^{3} } \right)\)

  11. Дененің \(\frac{3}{4}\) бөлігі сұйықтық бетінде болса, дене мен сұйық тығыздығының қатынасы

  12. 24 Н күштің әсерінен қозғалатын дененің қозғалыс теңдеуі х = 3t + 0,3t2. Осы дененің массасы

  13. Өзара жіппен байланған бірдей білеушелер сыртқы F күштің әсерінен тегіс беттің үстімен қозғалады. Егер үшінші білеушені біріншіден алып екіншінің үстіне орналастырса, онда жіптің керілу күші Т

  14. Суретте суға толтырылған ыдыс ішіне ыдыс қабырғаларымен байланысқан динамометрге бекітілген екі тақтайша орналасқаны көрсетілген. Бірінші тақтайшаға массасы m магнит (1), ал екіншісіне массасы М темір білеушені (2) қойды. Магниттен білеушеге әсер ететін күш F1 пен білеушеден Магнитке әсер ететін күш F2-тің қатынасы

  15. Массалары бірдей екі дене R қашықтықта F күшпен тартылады. Арақашықтықты өзгертпей, бірінші дененің массасын 2 есе кемітсе, тартылыс күші

  16. Центрлерінің арақашықтығы 20 см көлемдері 20 см3 және 40 см3, ал тығыздықтары 1000 кг/м3 және 2000 кг/м3 екі шарлардың өзара әрекеттесу күші (G = 6,67 10-11 Н∙м2/кг2)

  17. Юпитердің массасы Жердің массасынан 317 есе артық, ал радиусы Жер радиусынан 11 есе артық. Юпитердегі еркін түсу үдеуі \(g_{ж} =10\frac{м}{с^{2} }\)

  18. Суретте Жер мен Айдың шартты кескіндері және Айдың Жерге тартылу күшінің векторы көрсетілген. Егер Жердің массасы Айдың массасынан 81 есе артық болса, Ай тарапынан Жерге әсер ететін күштің бағыты және шамасы

  19. Бірінші автомобильдің массасы 1000 кг, екіншінікі 500 кг. Олардың жылдамдықтарының уақыт өтуіне қарай өзгерісі графикте көрсетілген. Автомобильдердің t1 уақыт мезетіндегі кинетикалық энергияларының қатынасы \(\frac{E_{k2} }{E_{k1} }\)

  20. Тастың салмағын 2 есе кеміту үшін қажетті үдеу

  21. Жер бетінен тік жоғары 20 м/с2 үдеумен көтерілген ғарыш зымыранының ішіндегі массасы 80 кг ғарышкердің салмағы \(g=10\frac{м}{с^{2}}\)

  22. Автомобиль радиусы 40 м-лік дөңес көпірдің ортасынан өткенде, жолаушы бір сәт салмақсыздық күйде болатын жылдамдық (g = 10 м/с2)

  23. Дөңес көпірдің жоғары нүктесінен өтіп бара жатқан автомобильдің салмағы

    (v – жылдамдығы, R – көпірдің қисықтық радиусы)

  24. 100м биіктіктен еркін кұлаған дененің жерге соғылғандағы жылдамдығы мен құлау уақыты (g = 10 м/с2)

  25. Тік жоғары лақтырылған дененің ұшу уақыты 8 с болса, дененің көтерілу биіктігі (g = 10 м/с2)

  26. Көкжиекке 30° бұрыш жасай 10м/с жылдамдықпен лақтырылған дененің көтерілу биіктігі мен ұшу қашықтығы \(\left(g=10\frac{м}{с^{2} } \sin 60^{\circ } =\frac{\sqrt{3} }{2} ;\sin 30^{\circ } =\frac{1}{2} \right)\)

  27. Садақтан вертикаль жоғары атылған жебе 5,6 с-тан кейін кері қайтып оралды. Садақ жебесінің көтерілу биіктігі және атылған жылдамдығы (g =10 м/с2)

  28. Биіктігі 6 м ағаштан еркін құлаған алманың Жерге соғылу жылдамдығы (g=10 м/с2)

  29. Горизонталь бағытта массасы 2 кг ағаш кеспекті қатаңдығы 100 Н/м серіппенің көмегімен бірқалыпты тартады. Үйкеліс коэффициенті 0,3 болса, серіппенің абсолют ұзаруы (g = 10 м/с2)

  30. Әрқайсысының массасы 1 кг, бірінің үстіне бірі қойылған екі ағаш білеуше тақтай үстінде жатыр. Астыңғы білеушенің екі жағындағы үйкеліс коэффиценті 0,3 болса, оны бір қалыпты суырып алу үшін жұмсалатын күш (g = 10 м/с2)

  31. Оқушы резеңкені 45 Н күш жұмсай отырып 9 см-ге ұзартты, осы резеңкеге 110 Н күш жұмсағанда, оның ұзаруы

  32. Горизонталь жолда бір қалыпты қозғалған тепловоздың рельске түсіретін қысым күші 25∙106 Н. Үйкеліс коэффициенті 0,3 болса, тепловоздың тарту күші

  33. Автомобиль горизонталь жолмен қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициент 0,2. Двигательді өшіргеннен кейін 4 с өткен соң, оның жылдамдығы 2 есе кемиді. Автомобильдің бастапқы жылдамдығы (g = 10 м/с2)

  34. Көтергіш кран тросы массасы 600 кг денені, 3 м/с2 үдеумен вертикаль жоғары көтергенде, 10 см-ге созылса, тростың қатаңдығы (g = 10 м/с2)

  35. Қатаңдықтары бірдей k тізбектей жалғанған 4 серіппенің жалпы қатаңдығы (Серіппелер массасын ескерме)

  36. Массасы 50 кг жүкті вертикаль жоғары үдемелі көтергенде, оның салмағы 100 Н-ға артты, трос 6 см-ге созылды. Тростың қатаңдығы (g = 10 м/с2)

  37. Серіппеге массасы 20 кг жүк ілгенде, оның ұзындығы 12 см, ал 50 кг жүк ілгенде, 15 см болса, онда оның бастапқы ұзындығының мәні (g = 10 м/с2)

  38. Сырғанай үйкеліс күшінің (Fүйк) қысым күшіне (Fk) байланысын зерттеу жұмысының нәтижесі төмендегідей мәліметтер алынды.

    Fүйк, Н 0,2 0,4 0,6 0,8
    Fk, Н 1,0 2,0 3,0 4,0

    Зерттеу нәтижесі бойынша, сырғанау үйкеліс коэффициентінің мәні

  39. Беті тегіс горизонталь үстел бетінде тақтайша, оның үстінде текше тәріздес дене орналасқан. Горизонталь бағытталған күштің әсерінен тақтайша үстел бетімен қозғала бастайды. Тақтайшамен салыстырғанда текше дене қозғалыссыз күйде. Тақтайшаның тарапынан текшеге әсер ететін үйкеліс күші

  40. Әрқайсысының массасы m төрт кірпіш суретте көрсетілгендей орналасқан. Егер үстіне тағы дәл сондай кірпіш қойса, онда бірінші кірпішке горизонталь тіреуден әсер ететін \(\overrightarrow{N}\) күштің өзгерісі

Тақырыптың тесті