1. МЕХАНИКА. 1.1.КИНЕМАТИКА НЕГІЗДЕРІ

Физика

Тақырыптың тесті
Конспект
Конспект сұрақтар
  1. Төбеден арасына 1с салып бірінен кейін бірі екі тамшы тамады. Екінші тамшы тамғаннан кейін 2 с өткенде тамшылардың арақашықтығы (g = 10 м/с2)

  2. Бір пунктен бір бағытта шыққан екі автомобиль бірдей а = 0,2 м/с2 үдеумен қозғалады. Екінші автомобиль біріншісінен 10 секундке кеш шығады. Екінші автомобильдің шыққан уақытынан санағанда, екі автомобильдің ара қашықтығы 70 м болатын уақыт

  3. Екі мотоциклшінің қозғалыстары x1 = 15 +t2 және х2 = 8t теңдеулері арқылы берілген. Олардың кездесу уақыты

  4. Материалдық нүкте радиусы 2 м шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалғанда, айналымның 1/4 бөлігінде жүретін жолы мен орны ауыстыруы

  5. Жасанды серіктің айналу периоды 1 тәулік, радиусы R дөңгелек орбита бойымен Жерді айналып қозғалады. Серіктің 24 сағаттағы жолы мен орын ауыстыруы

  6. Шығыны 20 л/с болу үшін радиусы 15 см түтікшеде қозғалған сұйықтықтың жылдамдығы

  7. 2 м/с тұрақты жылдамдықпен 5 с, сонан соң 0,4 м/с2 тұрақты үдеумен 5 с қозғалған катердің жүрген жолы

  8. Егер бастапқы координат векторы (12;5), соңғы (4;11) болса, координат осіндегі дененің орын ауыстыру проекциясы

  9. Жол және орын ауыстыруды салыстыр

  10. Гараждан шыққан автобус 12 рейс жасайтын болса, такси осы бағытта 6 рейс жасайды. Орын ауыстыруы мен жолын салыстыр

  11. Қайық ені 50 м өзенді перпендикуляр жүзіп өтуі тиіс. Ағыс қайықты 30°-қа бұратын болса, қайықтың көлденең бағыттан ығысуы (ctg 30°= 1,75)

  12. Горизонтқа бұрыш жасай лақтырылған дене жерге лақтыру нүктесінен 10 м қашықтыққа түскен. Ең жоғарғы көтерілу биіктігі 5 м. Дененің лақтыру нүктесінен жерге құлау нүктесіне дейінгі орын ауыстыруы

  13. Екі автомобиль бензоколонкадан қарама-қарсы жаққа қозғалды: біріншісінің жылдамдығы 60 км/сағ, екіншісінікі 90 км/сағ. Қозғалыс басталғаннан кейін 30 минуттан кейін олардың арақашықтығы

  14. 6 км/сағ жылдамдықпен жүзген салда перпендикуляр бағытта 8 км/сағ жылдамдықпен адам жүріп келеді. Жағамен байланысқан жүйедегі адам жылдамдығы

  15. Меншікті жылдамдығы 25 км/сағ катер бірдей арақашықтықты ағыс бағытымен 2 сағатта, ағысқа қарсы 3 сағатта жүріп өтеді. Бұл арақашықтықтың ұзындығы

  16. Катер екі пункттің арасын өзеннен төмен ағыс бойынша 8 сағатта, кері 12 сағатта жүріп өтті. Катердің тынық судағы дәл сондай қашықтықты жүзіп өту уақыты

  17. Автомобиль батыс бағытта 80 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келеді. Оған қарама-қарсы басқа автомобиль сондай жылдамдықпен қозғалуда. Уақыттың бір мезетінде автомобильдердің арақашықтығы 10 км-ге тең болады. Олардың кездесу уақыты

  18. Ұзындықтары 800 м және 200 м екі поезд бір-біріне қарама-қарсы 72 км/сағ және

    108 км/сағ жылдамдықпен өзара параллель темір жолда қозғалып келеді. Бірінші поездың екіншісінің жанынан өту уақыты

  19. Қозғалмай тұрған жолаушы метрополитен эскалаторымен 1 минутта, ал қозғалмайтын эскалатормен 3 минутта көтеріледі. Қозғалыстағы эскалатор арқылы жолаушының көтерілу уақыты

  20. Автомобиль жолға қатысты 15 м/с жылдамдықпен қозғалады. Осы жол бойымен дәл сол бағытты 5 м/с жылдамдықпен велосипедші жүріп келеді. Автомобильдің велосипедшіге қатысты жылдамдығы

  21. Дененің қозғалыс теңдеуі х = 4 – 3t түрінде берілген. Дененің бастапқы координатасы мен қозғалыс жылдамдығы

  22. 54 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан поезда отырған жолаушының 36 км/сағ жылдамдықпен қарсы қозғалып келе жатқан ұзындығы 150 м поезды көру уақыты

  23. Жүрілген жолдың тәуелділік графигінде t = 4 с уақыттағы велосипедшінің жылдамдығы

  24. Поезд t уақытының жартысын v1 = 72 км/сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын v2 = 36 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Поездің орташа жылдамдығы

  25. Автомобиль жолдың бірінші жартысында 72 км/сағ жылдамдықпен, ал екіншісінде 30 км/сағ жылдамдықпен қозғалды. Автомобильдің барлық жолдағы орташа жылдамдығы

  26. 6 м/с жылдамдықпен бірінші велосипедші жолды 3 с жүріп өтті. Сол жолды 9 с жүріп өткен екінші велосипедшінің жылдамдығы

  27. Жүргізуші уақыттың бірінші жартысында 60 км/сағ жылдамдықпен жүреді. Барлық жолдағы орташа жылдамдық 65 км/сағ. Уақыттың екінші жартысындағы жылдамдық

  28. Екі дененің теңдеулері х = 5 - t және х = -10 + 0,5t берілген. Денелердің кездесу уақыты мен орны

  29. Автомобиль өз сапарында уақыттың төрттен бір бөлігін 36 км/сағ, ал қалған уақыт бөлігін 54 км/сағ жылдамдықпен қозғалса, оның орташа жылдамдығы

  30. Поезд бірінші 10 км-ді 36 км/сағ орташа жылдамдықпен, екінші 10 км-ді 40 км/сағ орташа жылдамдықпен, үшінші 10 км-ді 60 км/сағ орташа жылдамдықпен жүріп өтті. Жолдың барлық бөлігіндегі поездің орташа жылдамдығы

  31. Жылдамдығының проекциялары vх = 4 м/с және vy = 3 м/с болатын дененің қозғалыс жылдамдығы

  32. 10 с ішінде автомобиль 400 м жол жүріп өткенде жылдамдығын 3 есе арттырды. Егер автомобильдің қозғалысы бірқалыпты үдемелі болса, онда оның үдеуі

  33. 2 м/с2 тұрақты үдеумен қозғалған автомобильдің белгілі бір уақыт мезетіндегі жылдамдығы 10 м/с. Осыған дейінгі 4 с-та жүрген жолы мен жылдамдықтың өзгерісі

  34. Аялдамадан шыққан автобус үдемелі қозғалып, үшінші секундта 2,5 м жол жүрсе, оның бесінші секундтағы жүрген жолы

  35. Арбаша көлбеу жазықтықпен бірқалыпты үдемелі козғалады. Арбашаның орын ауыстыру проекциясы Sx = 2t2 заңы бойынша өзгереді. Осы кезде

  36. v(t) график бойынша дененің үдеуі мен 10 с-тағы орын ауыстыруы

  37. Суретте келтірілген v(t) графиктерден үдеуінің модулі максимал болатын, ал бағыты жылдамдық векторына қарсы бағытталған қозғалысқа сәйкес келетіні

  38. Жер бетінен 300 м биіктікте орналасқан нүктеден бір мезетте екі тас 20 м/с жылдамдықпен біреуі – вертикаль төмен, екіншісі – вертикаль жоғары лақтырылады. Екеуінің арасындағы кашықтық 200 м болу үшін кеткен уақыт

  39. 19,3 м биіктіктен еркін құлаған дененің жолдың \(\frac{3}{4}\) бөлігінде өтетін уақыты (g = 10 м/с2)

  40. Бір қалыпты 5 м/с жылдамдықпен көтеріліп келе жатқан аэростаттан 100 м биіктікте тас құлайды. Тастың жерге түсу уақыты (g = 10 м/с2)

Тақырыптың тесті