2-нұсқа

Физика

Тақырыптың тесті
Конспект
Конспект сұрақтар
  1. Материалдық нүкте жылдамдығының уақытқа тәуелділігі ϑ = 4t. Оның үдеуі

  2. Вертикаль жоғары лақтырылған дененің ең жоғарғы биіктіктегі кинетикалық энергиясы

  3. Дененің импульс векторының бағыты

  4. Зарядталған жазық конденсатордың негізінде электр өрісі энергиясының көлемдік тығыздығының өрнегі

  5. Шамасы R1 = 1 Ом, R2 = 2 Ом, R3 = 3 Ом және R4 = 4 Ом резисторларды АВ нүктелері арқылы ток көзіне қосқан жағдайда олардың жалпы кедергісі (1-сурет)

  6. Индуктивтіліктің өлшем бірлігі

  7. Тербеліс периоды 4 с математикалық маятниктің тербеліс жиілігі

  8. Толқын көзінің тербеліс жиілігі 0,2 с-1, таралу жылдамдығы 10 м/с. Толқын ұзындығы

  9. Термоядролық реакцияны көрсетіңіз

  10. Тік жоғары лақтырылған дене 5 с-та 25 м биіктіктен өткен болса, оның ең жоғары көтерілу биіктігі

  11. Адамның тыныштық салмағы 900 Н. 0,5 м/с жылдамдықпен бірқалыпты төмен карай қозғалып бара жатқан эскалатор сатысындағы серіппелі таразыда тұрған адамның салмағы

  12. Тынық мұхиттың ең терең жеріндегі (11035 м) судың гидростатикалық қысымы

    (p = 1030 кг/м3, g = 10H/кг)

  13. Ұзындығы 5 м, көлденең кимасы 100 см2 болат бөренені көтергіш кран горизонталь жатқан күйінде 12 м биіктікке көтергендегі пайдалы жұмыс (p0 = 7,8∙103 кг/м3, g = 10 Н/кг)

  14. Көлемі 1 см3 ауадағы молекулалар саны

    (NA = 6,02 ∙1023 моль-1, p = 1,29 кг/м3, Мауа = 0,029 кг/моль)

  15. Егер идеал газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы өзгермейтін болса, молекулалар концентрациясын 3 есе арттырғанда, идеал газдың кысымы

  16. Радиустары R және 2R екі металл шар шамасы бірдей оң зарядпен зарядталған. Оларды түйістіріп, сосын қайтадан бұрынғы орындарына қойса, өзара әсерлесу күші

  17. Кедергісі тұрақты өткізгіштің ұштарындағы кернеу 5 есе азайса, оның электрлік қуаты

  18. Халықаралық келісім бойынша SOS қатер сигналын таратуға қолданатын радиотолқынның ұзындығы 600 м-ге тең болса, онда SOS қатер сигналына қолданылатын радиотолқынның жиілігі

  19. 0,8∙с жылдамдықпен қозғалған электронның релятивистік импульсі (электронның тыныштық массасы 9∙10-31кг, с=3∙108м/с)

  20. Суретте келтірілген графиктерден (1-сурет) үдеу модулі максимал болатын, ал бағыты жылдамдық векторына қарсы бағытталған қозғалысқа сәйкес келетіні

  21. Үстіндегі адамды қоса есептегенде, массасы 100 кг қолшана биіктігі 8 м, ұзындығы 100 м төбешіктен сырғанап түседі. Орнынан қозғалған шананың төбешіктің етегіндегі жылдамдығы 10 м/с болса, оған әсер ететін кедергі күшінің орташа мәні (g = 10 м/с2)

  22. Q жылу мөлшері берілгенде, қысымы р газ изобаралық жолмен ұлғайып, көлемі ∆V- ға өскен болса, ішкі энергиясының өзгерісі

  23. Массасы 3 кг температурасы 0°С суды қалыпты жағдайда қайнатып, буға айналдыру үшін қажетті жылу мөлшері

  24. Индуктивтігі 0,2 Гн катушка арқылы өтетін жиілігі 100 Гц айнымалы ток күшінің әсерлік мәні 1 А. Катушкадағы кернеудің ең үлкен мәні

  25. Қос дөңес линзаның фокус аралығы 40 см. Шамның 2 есе кішірейген шын кескінін алу үшін шамды линзадан орналастыру қашықтығы

Тақырыптың тесті