1-нұсқа

Физика

Тақырыптың тесті
Конспект
Конспект сұрақтар
  1. Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы 5 см2, үлкенінің ауданы 500 см2. Престің күштен беретін ұтысы

  2. Суретте бірнеше күш әсерінен \(\overrightarrow{v}\) жылдамдықпен қозғалатын дененің қозғалыс бағыты көрсетілген. Мұндағы теріс жұмыс атқаратын күштер

  3. Жер бетінен 2 м биіктікте тұрған дененің биіктігін 6 м-ге арттырса, оның потенциалдық энергиясы

  4. Ұзындығы 10 м тегіс жылтыр көлбеу жазықтық бойымен жүкті 5 м биіктікке сүйреп шығарғанда жұмыстан ұтыс

  5. Идеал газдың изотермиялық ұлғаюы кезінде газға берілген жылу Q мөлшері мен А' сыртқы күш жұмысының арасындағы байланыс

  6. Электр өрісінің кернеулігін, энергиясының көлемдік тығыздығын және электрлік тұрақтыны біле отырып анықтауға болатын шама

  7. Ұзындығы 1 м, көлденең қимасының ауданы 0,1 мм2 никель сым арқылы 0,4 A ток өтсе, осы сымның ұштарындағы кернеу (р = 0,4Ом∙мм2/м)

  8. Ток күші 3 А, индуктивтігі 4 мГн контур арқылы өтетін магнит индукциясының ағыны

  9. 0,6∙с жылдамдықпен қозғалған, тыныштық массасы m0 бөлшектің кинетикалық энергиясы

    (с – вакуумдағы жарық жылдамдығы)

  10. Материалдық нүктенің қозғалыс теңдеуі х = -3t2. Нүктенің 2 с-тан кейінгі жылдамдығы мен орын ауыстыруы

  11. Ұзындығы 20 см серіппені 4 Н күшпен созған кезде ол 10%-ға ұзарған болса, қатаңдығы

  12. Массасы 8 кг мылтықтан массасы 16 г оқ 600 м/с жылдамдықпен ұшып шыққан кезде мылтықтың кері қарай қозғалу жылдамдығы

  13. Идеал газдың массасы және молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы тұрақты жағдайда көлемі 5 есе артса, оның қысымы

  14. Массасы 1,2 кг сиретілген газдың көлемі 1,25 м3, қысымы 80 кПа болса, молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы

  15. Жылу машинасының қыздырғышының температурасы 400 К, ал тоңазытқышының температурасы 280 К болса, ПӘК-і

  16. Электродтар арасындағы ауа кеңістігін ультракүлгін сәулесімен сәулелендіргенде, қанығу тогы 4 А болды. Иондаушы сәуле әсерінен 1 секундта пайда болатын иондар саны

    (е = 1,6∙10-19 Кл)

  17. Тербелмелі контур конденсаторы зарядының уақытқа тәуелділік теңдеуі q(t) = 4∙10-9cos(102π∙t) болса, t = 0,01с уақыт мезетінде катушка арқылы өтетін ток күші

  18. Толқынның таралу жылдамдығын 4 есе арттырып, периодын 2 есе кемітсе, толқынның ұзындығы

  19. Теңіз түбіне жіберілген және одан шағылған ультрадыбыс 0,8 с өткен соң қайтып оралды. Теңіз суындағы дыбыс жылдамдығы 1490 м/с. Теңіздің тереңдігі

  20. Радиостанцияның хабар тарататын толқын ұзындығы 40 м. Станция генераторының тербелмелі контурының индуктивтігі 100 мкГн болса, оның сыйымдылығы

    (с=3∙108м/с, 1пФ = 10-12Ф)

  21. Аялдамадан аралары 2 минут интервалмен екі автомобиль қозғалады. Егер олардың үдеулері тең болса, екінші автомобиль қозғалғаннан кейін, оның жүрген жолы біріншіге қарағанда 9 есе кем болатын уақыт

  22. Бір нүктеге түсірілген әрқайсысы 120 Н-ға тең екі күштің тең әсерлі күшінің модулі 207,6 Н болса, күштердің арасындағы бұрыш

  23. Температурасы 20°С салқын су мен температурасы 100°С суды араластырғанда, температурасы 40°С жылы су пайда болды. Энергия шығыны ескерілмейтіндей болса, салқын су массасының ыстық су массасына қатынасы

  24. Вакуумда орналасқан бірдей екі зарядты арақашықтығын өзгертпей сұйыққа салғанда, олардың өзара әсерлесу күші өзгеріссіз қалу үшін әрқайсысының зарядын 9 есе арттыру керек болса, сұйықтың диэлектрлік өтімділігі (εвакуум = 1)

  25. Толқын ұзындығы 10-8м фотон айна бетінен шағылады. Түсу бұрышы 60° болса, фотон импульсінің өзгерісі (һ = 6,63∙10-34 Дж∙с)

Тақырыптың тесті