04. Арифметикалық прогрессия

Математика

Тақырыптың тесті
Конспект
Конспект сұрақтар
  1. Арифметикалық прогрессия (аn), аn = 4n + 3 -формуласымен берілген, бірінші мүшесін және айырмасын табыңыз:

  2. Арифметикалық прогрессияның он бірінші мүшесін табыңыз, егер a4 = 4, d = -3 болса.

  3. 18; 13; 8; … арифметикалық прогрессиядағы бірінші теріс мүшенің нөмірі:

  4. Арифметикалық прогрессияда a1=-7,3 және a2=-6,4

    26 саны нешінші орында?

  5. Арифметикалық прогрессияда a5 = 8,7 және a8 = 12,3. b мен a1-ді табыңыз:

  6. Арифметикалық прогрессияның 20 мүшесі бар. Жұп орындарда тұрған мүшелерінің қосындысы (-100)-ге тең, ал тақ орындарда тұрған мүшелерінің қосындысы (-80)-ге тең. Прогрессияның оныншы мүшесін табыңыз:

  7. 96,4; 91,8; … арифметикалық прогрессияның оң мүшелерінің саны:

  8. Егер 5t + 2; 7t + 1; 3t - 6 арифметикалық прогрессия құраса, онда t-ның мәні:

  9. Арифметикалық прогрессияда \(\frac{1}{5} (a_{3} +a_{14} )=18\) екені белгілі болса, \(a_{5} +a_{12}\)-ні табыңыз:

  10. Арифметикалық прогрессия берілген. \(a_{3} +a_{9} =8\). S11-табыңыз:

Тақырыптың тесті