02. Сандарға байланысты есептер. Қозғалысқа байланысты есептер. Жұмысқа байланысты есептер

Математика

Тақырыптың тесті
Конспект
Конспект сұрақтар
  1. Бірінші санның екінші саннан айырмасы 6-ға, ал осы екі санның көбейтіндісі 216-ға тең. Осы сандарды табыңыз:

  2. Шеберхана белгілі мерзім ішінде 5400 жұп аяқкиім шығару керек. Күніне 30 жұп аяқкиім артық шығара отырып, тапсырысты мерзімінен 9 күн бұрын орындады. Тапсырыс неше күнде орындалды?

  3. Станциядан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі пойыз шықты. Біріншісінің жылдамдығы 75 км/сағ, ал екіншісінің жылдамдығы одан 10 км/сағ кем. 3 сағаттан кейін пойыздардың ара қашықтығы 367 км болды, екі станцияның ара қашықтығын анықтаңыз:

  4. Eceп шарты бойынша теңдеу құрыңыз:

    Катердің меншікті жылдамдығы а км/сағ, ағыс жылдамдығы х км/сағ. Катер өзен ағысымен 3 сағатта 54 км жүзіп өтті.

  5. Моторлы қайық ағыспен 12 км, ағысқа қарсы 12 км жүрді. Ағысқа қарсы жүрген жолына ағыспен жүрген жолынан 1 сағат артық уақыт кетті. Қайықтың тұнық судағы жылдамдығы 9 км/сағ болса, ағыс жылдамдығын табыңыз:

  6. Тынық судағы жылдамдығы 15 км/сағ. болатын моторлы қайық өзен ағысының бойымен \(139\frac{1}{3}\) км жүзіп барып, қайта қайтып келді. Қайық жолға жалпы 20 сағ. уақыт жұмсаған болса, өзен ағысының жылдамдығын табыңыз:

  7. Туристер межелеген жерге үш күнде жетті. Олардың бірінші күні жүрген жолының екінші күні жүрген жолына қатынасы 7:5 қатынасындай. Ал екінші күні жүрген жолының үшінші күні жүрген жолына қатынасы 3:2 қатынасындай. Туристер үш күнде барлығы 460 км жол жүрді. Туристер бірінші күні және екінші күні жалпы неше километр жол жүрген?

  8. Жай бөлшектің алымы бөлімінен 2-ге кем. Erep алымын 1-ге, бөлімін 3-ке арттырса, берілген бөлшекке тең бөлшек шығады. Әуелдегі бөлшекті табыңыз:

  9. Метрода жылжымалы эскалатормен жүргенде кісі 24 секундта төмен түседі. Erep кісі осы жылдамдығымен жылжымайтын эскалатормен жүрсе, онда 42 секундта төмен түседі. Ол жылжымалы эскалатордың баспалдағында тыныш тұрғанда неше секундта төмен түсер еді?

  10. Арасы 650 км екі жерден бір-біріне қарсы екі поезд шығады. Eгep екеуі бір уақытта орындарынан қозғалса, 10 сағаттан кейін кездесер еді. Ал егер екінші поезд біріншіге қарағанда 4 сағат 20 минут ертерек шықса, онда кездесу бірінші поезд шыққан соң 8 сағаттан кейін болады. Әрбір поездың жылдамдығын табыңыз.

Тақырыптың тесті