01. Пропорционал бөлулерге берілген есептер. Процентке берілген есептер. Қоспалар мен балқымаларға берілген қарапайым есептер

Математика

Тақырыптың тесті
Конспект
Конспект сұрақтар
  1. Еркін саяжайдан алма жинады. Барлық жинаған алманың үштен бір бөлігін Айгүлге, ал қалғанының үштен бір бөлігін және 1 алманы Әйгерімге берді. Еркіннің өзінде 15 алма қалды. Еркіннің қанша алма жинағанын анықтаңыз:

  2. Еркін саяжайдан алма жинады. Барлық жинаған алманың үштен бір бөлігін Айгүлге, ал қалғанының үштен бір бөлігін және 1 алманы Әйгерімге берді. Еркіннің өзінде 15 алма қалды. Еркіннің қанша алма жинағанын анықтаңыз:

  3. Бірінші сан – 60, екінші сан бірінші санның 90%-ын құрайды, ал үшінші сан екіншісінің \(\frac{2}{3}\)-ін құрайды. Осы сандардың кішісін табыңыз:

  4. Екі санның қосындысы 120, біреуінің 40 %-ы екіншісінің 60 %-на тең. Осы сандарды табыңыз.

  5. Үш учаскенің ауданы 60 га. Бірінші учаскенің ауданы барлығының ауданының 25%-на тең.

    Екінші және үшінші учаскелердің аудандарының қатынастары 4:5-ке қатынасындай. Учаскелердің әрқайсысының ауданын табыңыз.

  6. 135 м-лік сым екі бөлікке бөлінді. Бұл сымның бір бөлігі екіншісінен 2 есе ұзын. Осы бөліктердің ұзындығын табыңыз:

  7. 5%-дық тұз ерітіндісі бар 40 кг ерітіндіден 4%-дық тұз ерітіндісін алу үшін қанша таза су қосу керек.

  8. Төрт жәшікке бірдей мөлшерде шай салынған. Әр жәшіктен 9 килограмнан шай алынды. Сонда барлық жәшіктердегі қалған шайды қосып есептегенде, алғашында бір жәшікке салынған шайдың мөлшеріндей болып шықты. Әр жәшікте неше килограмнан шай болды?

  9. Тік төртбұрыштың ауданы 120 см2, ұзындығы 15 см. Тік төртбұрыштың енін өзгертпей, ұзындығын 20%-ға кеміткендегі ауданын табыңыз:

  10. Бір ерітіндіде 30% (көлемі бойынша) азот қышқылы, ал екіншісінде 55% азот қышқылы бар. 50%-дық 100 литр азот қышқылының ерітіндісін алу үшін бірінші және екінші ерітінділерден қаншадан алуымыз керек?

Тақырыптың тесті