02. Процент. Процентке байланысты негізгі есептер.Пропорция (тура және кері пропорционалдық)

Математика

Тақырыптың тесті
Конспект
Конспект сұрақтар
  1. x-ті табыңыз: \(15\div 2,5=0,8x\div \frac{2}{3} \)

  2. Кітаптың бағасы 22%-ға арзандап, 156 теңге болды. Кітаптың алғашқы бағасы қанша?

  3. 80%-ы 16-ға тең санды табыңыз.

  4. Үш санның қатынасы 2:3:7 қатынасындай. Ең үлкен сан мен ең кіші санның айырмасы 30-ға тең. Осы сандардың қосындысын табыңыз.

  5. Оқушы кітапты үш күн оқыды. Ол бірінші күні кітаптың 40%-ын, екінші күні қалғанының 60%-ын оқыды. Қалғанын үшінші күні оқыды. Ол екінші күні үшінші күнге қарағанда 30 бетті артық оқыды. Кітапта барлығы неше бет бар?

  6. Массасы 150 г, концентрациясы 40% ас содасының судағы ерітіндісіне қанша су қосқанда концентрациясы 15% ас содасының ерітіндісі алынады.

  7. Жеміс сусынын дайындау үшін алма, өрік және шие сатып алынды. Олардың массаларының қатынасы 5:4:3 қатынасындай. Алма шиеден 1,2 кг артық. Сусын дайындау үшін барлығы неше килограмм жеміс сатып алынды.

  8. Қабырғасы 15 см шаршының әр қабырғасын 40%-ға қысқартса, шаршының ауданы неше пайызға кемиді?

  9. Арақашықтығы 124 км болатын екі станциядан бір уақытта бір-біріне кері бағытта екі пойыз шықты. Пойыздар 1 сағат 15 минут жүрген соң, олардың арақашықтығы 369 км болды. Бірінші пойыздың жылдамдығының екінші пойыз жылдамдығына қатынасы 3:4. Пойыздардың жылдамдықтарын табыңыз.

  10. Тік төртбұрышты алаңның ауданы 73 500 м2 . Масштабы 1:7000 сызбада осы алаңды кескіндегенде, ұзындығы 5 см тік төртбұрыш шықты. Алаңның ені қанша?

Тақырыптың тесті